Қуатова Сауле Рысбековна

 

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 

«ӘДЕБИЕТ» ПӘНІНІҢ ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ ОРЫНЫ

 

 

«Әрбір мұғалімді педагогикалық құралдарды қолдануға үйретуге болады. Әрі үйрету керек те, сонда ғана оның еңбегі жоғары нәтижелі болып, мұғалімнің орны күн астындағы ең артық орын болар еді»

Я.А. Коменский

 

«Әдебиет» оқушылардың эстетикалық және адамгершілік тәрбиесінің жүйесінде белгілі орын алып, олардың өзіндік санасының, танымдық қызығушылықтарының, коммуникативтік қабілеттерінің, оқырман ретіндегі әдеби талғамы мен тіл мәдениетінің қалыптасуына оқу пәні ретінде елеулі үлес қосады. Мектептегі әдеби білімнің басты мақсаттарының бірі білім берудің тәрбиелік функциясын күшейтіп, азаматтылықты, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті, адам құқықтары мен бостандығына деген құрметті, Отан сүйгіштікті, отбасына және айнала ортаға деген сезімдерін оятып, жетілдіру. Бұл аталған жағдайлар мектеп өміріндегі күнделікті жүргізілетін жұмыстар барысындағы әдеби білім берудің мынадай міндеттерін тудырады деп ойлаймын:

-         Гуманистік көзқарастарын, азаматтық санасын, патриоттық сезімдерін, әдебиет пен мәдени мұраларға деген құрметін қалыптастыру;

-         Оқушылардың көркем сөздің мәтінін шын сезімімен сезіне қабылдауын, бейнелік және аналитикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-         Оқушылардың мәтінді қабылдауы мен автор ойын түсінуінің оқырмандық мәдениетін, әдебиеттің өзге өнер салалары ішіндегі орыны мен ерекшелігі, өздігінен көркем шығармаларды ізденіп оқу қажеттілігін, ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

-         Көркем шығарма мәтінінің мазмұны мен негізгі тарихи-әдеби деректерді және әдеби-теориялық түсініктерді меңгеруге көмектесу;

-         Көркем шығармаларды оқып талдай білу іскерліктерін дамыту;

-         Шығармалардағы нақты тарихи және жалпы адамзаттық мазмұнды танып, өз шығармаларында әдеби тілді сауатты қолдана алуға тәрбиелеу.

Мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірбиелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны  қолдануға бағытталған. «Білім туралы» заңда «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» мәселесі мемлекеттің білім саясатының  басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген. Қазақстандағы білім беру ісі әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді дамуға бет бұрып келеді. Қазіргі Қазақстан мектебінің жаңару Концепциясы жалпы білім берудің жаңа басымдықтарын анықтап, оқу процессінің моделін қалыптастыру оқытушы мен оқушының арасындағы өзара ынтымақтастық қатынасқа, оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерінің үйлесімділігіне  негізделген оқу әрекетінің алуан түрін қамтамасыз етуде. Бұл заманауи мектептегі білім берудің негізін құрайды. Осыған сәйкес білім беруші пәндердің оқу-тәрбие мақсаттары, мазмұнын таңдау мен құрылымдаудың қағидалары және де оқушылардың дайындық сапасын бағалаудың әдістері жасалған.

Көркем әдебиет өскелең ұрпақтың тәрбиесінде ерекше орын алады. Сол арқылы адамзат баласы өзінің ғасырлар бойғы жиналған мол тарихи, мәдени мұрасымен танысады. Көркем әдебиет тәрбие үшін жазылса, ал тәрбие адамның тағдырын анықтайды. Сондықтан оқуда көркем әдебиеттің ролі ерекше.

Қазақ ғалымдарының арасынан психология мен педагогика ғылымдарына орай еңбек жазған Мағжан Жұмабаев тіл табиғатына зор баға берген. Ғалым «Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға ұқпайтын сөз үйретпеу керек. Екінші – баланы өзіне тең балалармен бірге ойнату керек. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп» – дейді. Көптеген психологтар ой мен тілдің байланысына ерекше көңіл бөледі. Бала тілін дамытатын – оны қоршаған ортасы. Атап айтсақ айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген спектакльдері мен кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту – тіл дамытумен қашанда ұштасады. Бұл менің өз сабақтарымда ұстанатын негізгі көзқарастарымның бірі.

Бәсекеге қабілетті оқушы тұлғасын тәрбиелеу барлық педагогикалық ұжымға түсетін күш. Сондықтан сабақта әрбір мектеп пәнінің көмегімен оқушының шығармашылық ойлауын, дербестігін, белсенділігі мен ұмтылушылығын дамытатын оқу жағдайлары жасалуы керек. Уақыт оқыту құралдары мен технологиясын жетілдіруді талап етуде. Мұғалімнің қазіргі уақыттағы ынтымақтаса оқыту, жобалық әдістеме, портфолио, интернет қорларын пайдалану сияқты ақпараттық технологияларды қолдануы тілге оқыту бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша әр баланың шамасына лайықты мол қосымша материалдар көлемін пайдаланып, олардың жеке дара қабілетін, оқу деңгейін, қызығушылықтарын ескере отырып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  Бұл ақпараттық технологиялар тек жаңа оқыту құралдары ғана емес, сонымен бірге оқыту үрдісіне деген жаңа көзқарастар, оқытудың жаңаша нысандары мен әдістері де болып табылады. Ынтымақтасу барысындағы негігі әрекет әдісі – бұл ой-ақпарат алмасу, күш-жігерімен бөлісу. Бұл технологияны қолдану мынадай сабақ түрлерінде жүзеге асады:

-         Оқушылардың өздерінің алдына оқу және тәжірибелік міндеттерді қою сабағы;

-         Ақпарат қорын жинақтау мен алмасу сабағы;

-         Алынған ақпаратты міндетті шешуге қолдану сабағы (топтық жұмыс, жаңаны оқу, жүйелеу мен жалпылау);

-         Тексеру және түзету сабағы ( презентациялық саты).

Бұл сабақтар әрбір топтың жұмыс нәтижесін шығара отырып оқушыларды дара тексерумен аяқталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мектептегі оқытудың жеке басқа бағдарлылығын қамтамасыз етіп, оқушылардың субъективті белсенділігін арттырады.

Тіл-әдебиет сабақтарында немесе сабақтан тыс тәрбие шараларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың оқуға деген ниеттенушіліктерін жоғарылатады; оқушының өзінің зерттеу және жобалау әрекеттерінің барысында ақпаратты өңдеудің түрлі мазмұндағы нысандары, әдістері мен құралдарын кеңінен таңдауына мүмкіндік береді; оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық біліктілігін қалыптастыруға көмектеседі; оқушылардың белсенділігін арттырады; немқұрайлы тыңдаушы жағдайынан шығарып, білім беру үлкен еңбекті талап етеді. Әрине мұның бәрі кейінен еңбегінің зейнетін көруге әкеледі. Сонымен қатар бұл әдістер бір мақсатта жүйесіне бірігіп оқушылардың әлеуметтік компетенттілігінің дамуына жағдай жасайды (пікір-талас жүргізу, топтағы жұмыс, тартыстарды шешу, өзгелерді тыңдай білу). 

 Ынтымықтаса отырып оқытуды ұйымдастыру шағын топтардағы оқушылардың өзара әрекет жасауының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып алдын ала дайындалуды талап етеді. Осыған байланысты даярлық сатысында оқушылардың жаңа технологияны сезінуі, ынтымақтастық ниеттерін анықтауы, әріптестерінің сапаларын және психологиялық комфорт жағдайын жасауға байланысты үлкен мәнге ие болады. Осы аталған критерийлердің негізінде қойылған оқу міндетін тиімді шешуге қол  жеткізіледі.

М. Горький «О литературе» деген еңбегінде «тілдің нағыз әдемілігі сөздің дәлдігі, оның айқындығы, естілуі, айтылуы арқылы көрінеді» деп, ана тілінің бай сөздік қорын меңгеруге үлкен мән берген. «Әдебиет» пәнінде оқушы тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыру мынадай нәтижелерді береді:

-       оқушылардың сөздік қорды және сөздің мағыналарын толық меңгеруі;

-       сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы өз ойын жүйелі айта білуге дағдылануы;

-       сөздерін белгілі бір ойдың төңірегінде жинақтап, дұрыс сөйлеуге жаттығуы.

Сөздік қорды дамытуда қойылатын талаптар мен қажеттіліктерді ескере отырып және орынды іске асыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде еркін де шебер сөйлеуге машықтандыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.   Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» Алматы, 1992 жыл.

2.   «Білім. Образование» Ғылыми – педагогикалық журнал, 2003 жыл, №3, С.Серімбетова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».

3.   «Білім әлемі» журналы, 2004 жыл, Исмағұлова Ә. «Сөздің көркі – мақал – мәтел».

4.   Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы «Ана тілі, 1992 жыл.

5.   Жампейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы, 2002 жыл.

6.       Якиманская И.С. «Технология личности обучение» Москва «Сентябрь» 2000 г.