Педагогические
науки/5. Современные методы преподавания
Мукушева А.С.
«Үштөбе» ОМ, қазақ тілі
және әдебиет пәндерінің мұғалімі,
Бұқар Жырау ауданы
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық
технологияларды қолдану.
Қоғамның ақпараттандырылуы, компьютерлік
технологияның қарқынды дамуы қашықтан білім
беруді маңызды әрі күрделі жүйе ретінде
қарастыруға алып келеді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2007
жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «...
Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың
жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім
беру бағыттарын құру міндеті алдымызда тұр », - деп
атап өткен болатын [1].
Білім беру жүйесінің алдына
қойылған мақсаты адамзаттың прогрестік
ерекшелігіне,
қоғамдық – тарихи,
саяси – әлеуметтік, экономикалық жағдайына сай
негізделеді. Қоғам ілгері дамыған сайын адамдардың
өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға, тілдерді үйренуге
деген ынтасы арта түсуде. Білім беруді ақпараттандыру,
пәндерді ғылыми технологиялық негізде оқыту мақсаты
алға қойылуда. Кез – келген мемлекеттің дамуы
ақпараттық мәдениетінің деңгейіне байланысты.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалана арқылы дамыта және
қашықтан оқыту, жеке тұлғаға бағыттап
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу –
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің
тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді
. Ғаламтор
желісі мен электронды поштаның кеңеюі, оның күнделікті
қолданысқа енуі болашақ мамандардың ойлау
жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына
өз әсерін тигізіп отыр. Оқытуды компьютерлендіруде
компьюердің мүмкіншіліктері өте кең: электронды
оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру
тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест сұрақтарына жауап алу.
Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және
құралы болып табылады. Оқытуда компьютердің екі
бағыты бар.
·
Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны
әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім,
іскерліктер мен дағдылармен қаруландыру.
·
Компьютер оқытудың тиімділігін
жоғарлатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады [2].
Оқытуды ұйымдастырудың өте құнды
түрі – бағдарламалап компьютермен оқыту екенін жоғарыда
айтып өттік. Компьютерді қолданудың психологиялық
тұрғыда тиімділігі - олар
оқушының есту, көру, сөйлеу, түрлі ойындар ойнау,
суреттер салуына септігін тигізеді. Компьютермен оқыту - оқушылардың өз бетімен
іздену жұмысының тиімді түрі. Компьютермен оқыту
үрдісін енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны
соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да компьютердің
алдынан шықпайды. Ал компьютерді толық меңгерген
оқушының оған деген қызығушылығы
бұрынғыдан да арта түседі.
Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке,
төзімділікке, мақсатқа жетуге табанды жұмыс істеуге
баулиды. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін
компьютермен оқытудың мақсаты – оқу
жұмысының жоғары дәрежеде болуына жағдай
жасайды.Оқушының қазақ тілі пәні мен
әдебиеті пәндері бойынша белсенділігін артырады, жеке тұлғаның
әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін – өзі реттеуді
дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер
мен информацияларды білуге жол ашады. Мысал ретінде бесінші сыныптың қазақ тілі пәнінің
«Әбілхан Қастеев» атты мәтінін қарастырайық. Бет
109. Бұл мәтіннің мазмұнын бірнеше слайд түрінде
көрсетуге болады. Бірінші слайдқа баланың қой мен сиыр
бағып жүрген суретін жіберуге болады. Сонда балалар қойды
және сиырды анықтап көреді. Екінші слайдқа жан
–жануарлар мен өсімдіктің және ағаштардың
түрлерін жіберуге болады, сурет жанына « Ол жануарлар, өсімдіктер
мен ағаштардың түрі мен түсін танып өсті» деген
сөздер жазылады. Үшінші слайдқа өзен , таулардың
суреттерін көрсетіп, тасқа салынған түрлі суреттерді
көрсетуге болады. Төртінші слайдқа баланың сөзін
жазылады: « Он үш жыл бойы қой бақтым. Енді оқимын, таяқ
қуат болса да, мұрат емес, - деп ақ таяғын
лақтырып тастап, Жаркентке жаяу кетеді». Келесі слайдқа
Әбілханның жұмыс жасап
отырған суретін салуға болады. Түсінік сөздер
жазылады. Жаркентте байларға жалшы болып, аздаған тиын – тебен
табады. Ол ақшасына қағаз, бояу сатып алады. Әбілхан
жиырма бес жасында оқу іздеп, Алматыға жол тартады. Оның
небары екі сыныптық білімі болды. Атақты суретші Н.Г.Хлудов
оған суретшілік әліппесін үйретіп, қамқорлық
жасайды. Соңғы слайдқа міндетті түрде түсінік
сөздерді және атақты суретшінің портретін
көрсетуге болады:
v Таяқ қуат болса да . мұрат емес... – быть чабаном не
цель, а средство существования.
v Тиын – тебен табады – зарабатывать деньги.
v Жусатып тастап – выгнать скот на выпас.
v Танып өсті - познавал.
v Талабы таудай – отправиться.
v Суретші – художник.
v Өсімдіктер – растения.
v Қойшы – чабан
v Небары – всего
Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқып
шығады. Мәтін соңында берілген сұрақтарға
жауап береді.
v Әбілхан сурет өнерін қай жасынан бастап үйренді?
v Қойшы бала суретті қалай салатын?
v Әбілхан Жаркентке не үшін кетті?
v Алматыда Әбілханға кім қамқорлық жасады?
Осы жұмыстардан кейін балаларға тестік
тапсырмалар беріледі. Бірінші
деңгей сандарт деңгейі, екінші деңгей ой қорыту
деңгейі және үшінші деңгей шығармашылық
деңгей. Бұл тапсырмаларды мұғалім сыныптың
ерекшелігін ескере отырып жасайды [3].
Мультимедиа бағдарламасы бойынша, ақын –
жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда
географиялық картамен немесе көмекші материалдармен жұмыс
істеуге болады. Ақын – жазушылардың шығармаларын, сазгерлердің
күйлерін тыңдау арқылы мәнерлеп оқуды,
эстетикалық тәрбиені қалыптастырады [4]. Оқушылар
әр түрлі компьютерлік бағдарламамен мәтіндер жазу,
оқу, талдау, тест шығару, сурет салу жұмыстарын
үйренеді. Оқыту барысында қазіргі таңда электронды
оқулықпен де жұмыс жасап жатқан мектептер
баршылық. Электронды оқулық – мұғалім мен
оқушының бірлескен іс – әрекетін көрсету
нәтижесі. Бұл оқулықты келесі жағдайларда
қолдануға болады:
ü Сабақта иллюстрациялық материал ретінде.
ü Сабақтан тыс уақытта өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындағанда.
ü Емтиханға және сынаққа дайындық кездерінде.
Электронды оқулықтар бойынша оқушылар
тапсырманы қызыға орындайды, пәнге деген
қызығушылықтары
артады, оқу материалын тереңірек меңгеруге талпынады.
Өз қатесін өзі көреді, өзін – өзі
бағалайды. Электронды оқулықтарда көптеген
көрнекілік материалдар қамтылады. Мұндай
оқулықтарды қолдану балалардың жоғары белсенді
дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,
жан – жақты ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтардың тиімділігі мынада:
Ø Оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді.
Ø Оқушының білімі компьютерлік жүйе арқылы
бағаланады.
Ø Иллюстрациялық әдіс көп қолданылады.
Ø Ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады.
Ø Берілген тапсырмаға деген қызығушылығы артады.
Ø Әр сабақта жаңа сөздер үйренеді.
Электрондық оқулықтар арқылы
оқыту кезінде үш қағиданы анықтап алу керек:
1. Логикалық ойлау жүйесін дамыту.
2. Ойлау белсенділігін арттыру.
3. Трансформация әрекетін жетілдіру.
1.Логикалық ойлау операцияларының
қалыптастыру жолдары:
- заттардың, сөздердің
қасиеттерін сипаттау.
- берілген қасиеттерге сәйкес немесе
басқа нәрселердің ұқсас және өзгеше
қасиеттерін анықтау. Мысалы: «Сөздерді анықтау»,
«Артық сөзді табу», «Берілген сөздерден сөйлем
құрап жазу» т.б.
2.Ойлау белсенділігін, өз бетімен жұмыс
істеуін дамыту жолдары.
- сұрақ қою;
- шағын пікірталас өткізу;
- мазмұнын айту;
Мысалы: «Жағдаят құрыңыз»,
«Өз ойыңызды айтыңыз», «Сіздің
көзқарасыңыз » т.б.
3.Трансформация әрекетін жетілдіру бағытында
арнайы жаттығулар ұсынуға болады.Мысалы: Керекті
жалғауды жалғаңыз», «Тірек сөздерлі қолдана
отырып сөйлем құрастыр», « Түбір мен
жұрнақты ажырат» т.б. [4].
Ақпараттық
технологияларды оқу үрдісінде қолдану – оқушының
танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылықпен
айналысуына ұмтылдырады. Ақпарат көзі компьютерді оқушылардың өзіндік дамып
жетілуіне ықпал ететін құрал ретінде тиімді пайдаланса,
оқушы соған үйретіп, баулыса,сонда ғана мемлекет
жүзеге асырып отырған компьютерлендіру үрдісі нәтижелі
болады деп айтуға болады [5].
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі –жаңа
Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауы.-А.: 2007 ж.
2. Исабаева С.Н. // Бастауыш мектеп. №2 – А.: 2009 , бет 64
3. Адамбаева Ж.,Нуркеева С.,Баймуханова С.Қазақ тілі
оқулығы. 5 сынып –А.: 2001, бет 109
4. Абдулдинова Б.А.Х қалалық ғылыми-практикалық
конференция . - Қ.:2008 , 31 бет
5. Кадирова А.Ж. Қалалық
ғылыми-практикалық конференция. –Қ.: 2008 , бет 167