Тлепбергенова Асел Ерсаиновна

И.В.Панфилов атындағы орталау мектебінің мұғалімі

 

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану

 

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеүде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-ғұрпын, салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз. Халық педогогикасының бір саласы-ұлт ойындары. «Денешынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану». 

         Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі болған. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде  ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Сондықтан ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық идеологиясын нығайтудағы  өзекті мәселелердің бірі.

Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады:

1) Ойын- сауық ойындары.

2) Оймен келетін ойындар.

3) Дене шынықтыру спорт ойындары.

Сондай-ақ халық ойындары оқушылардың денелерін шыңдап оларды икемділікке,төзімділік пен шапшаңдыққа,тапқырлық пен алғырлыққа,дәлдік пен ептілікке баулыйтынын айтады.

Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды еңгізген кезде балалардың жасерекшеліктеріне назар аударылады. Бастауыш буындағы яғни 1-4 сыныптар аралығындағы оқушыларға ақсерек-көксерек, ұшты-ұшты, асық ату, аңшылар мен қояндар, әйгөлек сияқты ойын түрлері қолданыста. Орта буындағы 5-7 сыныптар аралығында қызыл ту, көтермек,тұр сақинам тұр, түйілген орамал. арқан тарту, жауынгерлі әтештер сияқы ойындар қолданысқа еңгізілді. Жоғарғы буында яғни 8-11 сынып оқушыларының аралығында қыз қуу, ақ сүйек, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, монданақ ойындары ойналады. Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарына еңгізу үлкен септігін тигізеді жас балалардың он екі мүшесін қозғалысқа келтіріп жүйріктікі, шапшандықты, зерделікті нығайтады. Мысалға келтірсек тоғызқұмалақ ойыны адамның ой санасын жаттықтырады және математикалық тез есептеуге үлкен септігін тигізеді. Ал қыз қуу, ақ сүйек, көтермек сияқты ойындар балалардың дене мүшелерін қозғалысқа келтіріп шынықтырады. Асық ату ойындары оқушылардың мергендігін арттырады. Бүгінгі кезде қазақтың ұлттық ойындарынын ішінен тоғыз құмалақ және қазақша күрес дүние жүзілік аумаққа шықты, Осы ұлттық ойындардың түрлерінен халықаралық деңгейдегі чемпионаттар өтуде.

Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.
         Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізі – жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту, жаңарту болып табылады. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймын. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дене тәрбиесі. Б Болатбек. Алматы: Атамұра,2004 112 б.
2. Дене тәрбиесі. М. Тұрыскелдина. Алматы: Атамұра,2003 112 б.
3. Қазақ энциклопедиясы. Алматы: Рауан,2005 680 б.
4. Тайжанов С., Қасымбекова С.І. Қазақтың ұлттық ойындары., Алматы, 2004
5. Тлеуов Э., Елшібаев Ұ.Валеология, дене тәрбиесі спорт., Алматы, № 3, 
2002 – 41б.