Өзіндік
жұмыстың түрлері мен оны ұйымдастыру
Қарағанда қаласы № 32ЖББОМ КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жолдасбаева Б.И.
Қазіргі
қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін
ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше.
Бастауыш мектеп-орта мектептің табиғи құрамдас
бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да
бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық
мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының
оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы –
табиғи нәрсе. Осы талаптарды орындау оқыту үрдісінде
оқушылардың ой –өрісін кеңейтіп, интеллектісін
жан-жақты дамыту, ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі
шығармашылық әрекеттерін дамыта отырып, олардың
өз бетіндік – танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.
Мақсаты мен міндеттері: өзіндік жұмыс, оның
түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік
жұмысты ұйымдастырудың әдістемесін зерделеу.
Күтілетін нәтижелер: өзіндік
жұмыс түрлерін ұйымдастыруда қатаң талаптарды орындау іске асады. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Қазақ тілі, Ана тілі сабақтарында
оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлері жүйеленеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысының негізгі
анықтамасын ғалым – педагог Б.П.Есипов өзінің
еңбектерінде көрсетіп кеткен болатын. Ол «оқу-тәрбие
үрдісінің ішіне енгізілген оқушылардың өзіндік
жұмыстары-оқушылардың өздігінен,
мұғалімнің қатысуынсыз, белгілі бір тапсырманың
арнаулы уақыт ішінде орындалуы тиіс деп көрсетті. Осы
үдерістің ішінде оқушы алдына қойылған
мақсатты іске асыру үшін тапсырып, бар күш жігерін
жұмсайды, сонымен қатар оқушының ақыл-ой, дене
қабілеттерінің жұмыс деңгейін, іскерлік
қабілеттерінің нәтижесі белгілі болады». Сондықтан
өзіндік жұмыс оқушылардың пайымдау, сараптау,
шығармашылық ойлау, бағалай білу сияқты
қабілеттерін қалыптастырып, жаңалықтарды білуге,
үйренуге асығып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.
Өзіндік жұмысты орындау қасиеттері біртіндеп жинала береді.
К.Д.Ушинский тек оқушылардың өзіндік жұмыстары,
оқушылардың ойлау, пайымдау, білім негіздерін қабылдау
қабілеттерін дамытады
деген.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының
қажеттілігі туралы көптеген пікірлер айтылып жүр.
Өйткені біздің оқушыларымыз мектеп қабырғасында
тек білім негіздерін игеріп қана қоймай, жеке басы білімін өз
бетінше терең дамыта алатындай тәжірибе жинақтап, мектеп
қабырғасынан үлкен өмірге белсенді азамат болып
шығуы керек. Өзіндік жұмыс – оқушының
күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу
жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие
жұмыстарының ерекше
көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың
өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс
істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті –
жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына
қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама
талаптарын орындауға тиіс. Өзіндік жұмыстардың
нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген
ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу
қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды,
жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден,
мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа,
тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге
тәрбиелейді. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай
талаптарды орындау керек:1.Өздігінен орындайтын жұмыстың
мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; Өзіндік
жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны
әртүрлі болуы керек; Әрбір орындалған өзіндік жұмыс
тексеріліп, бағалануы керек. Өздік жұмысты
ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің
нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты
орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен
және қалауымен істеуі;оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру -
күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ
мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау,
мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін
жасау т.б. тәсілдерге үйрену). Жаңа білімді бекіту
(түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша,
графикалық, практикалық т.б. жұмыстар). Өздік
жұмысқа мынадай талаптар қойылады: тапсырма әрбір
оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек
(8-15 мин. ұзақ болмайды). Міндетті түрде тексерілуі керек.
Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа
материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге,
қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады. Қазақ
тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима
қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша
сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен
жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім
грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе
мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң
жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен
орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп,
алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір
тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен
тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз
беттерінше грамматикалық талдау
жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла
бастайды. 1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса
оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын
болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды,
мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып
алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып,
сөздің әрқайсысын буынға бөледі,
мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты
және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады. 2-сыныптың балалары нәрсені,
сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан
кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өз беттерінше тани
біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады.
Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен
жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып
қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді,
оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол
сияқты 2-сыныпта сөздерді
буынға бөлу, ұяң және қатаң
дауыссыз дыбыстарды табу, сөз
екпіні түсетін буындардың
астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың
өз беттерінше істейтін
жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің
түбірімен танысып болғаннан кейін балалар
мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас
сөздердің астын сызып,
көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт
дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас
түбірлі сөздерді іздеп
табуға жаттығады.Өз бетінше жұмыс істеудің
бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады.
3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық
талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар
өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық
талдау жасайды. Сызба балалардың зейінін тәртіпке келтіреді,
сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға
жәрдемдеседі және әртүрлі грамматикалық тұлғаларды өзара
салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай
мәтінді жазбаша грамматикалық талдау жасау көбінесе бақылау жұмыстары сияқты болып жүргізіледі.
Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық
талдау жасау түрлері грамматика және орфография сабақтарының бір
бөлімі болып өтуге тиіс.Оқушылардың өздіктерінен істейтін
жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және
көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта
− 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық
тапсырмалар беріледі.
Мұғалім оқушылардың өздіктерінен
орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін
ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Бастауыш сыныпта оқыту 2011ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже.Астана-2010ж.