Бастауыш сынып оқушысының жобалау-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

                                                               Қарағанды қаласы № 32ЖББОМ КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

 Жолдасбаева М.И.

Тақырыптың өзектілігі

Жобалау-зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар. Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды қалай құрылымдау керек, байқауды, экспериментті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді.

2.Жобаның мақсаты

Төменгі жастағы оқушыны зерттеушілікке үйретуге арналған практикалық материалдарды жинақтап, ұсыну

3.Міндеттері:

1.Жобаның теорияылық негіздемесін жасау

2.Жоба өніміне сипаттама беру

II.Жобаның негізгі мазмұны

1.Теориялық негіздемесі

Баланың айналаны өз бетімен танып- білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты – адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Оқушылардың өзіндік зерттеулері. Олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағатттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар. Өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің

көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады.

2. Жоба өнімінің сипаттамасы

Зерттеу тақырыбын қалай таңдау керек?

Егер сен өзіңді дәл осы сәтте не қызықтыратынын, қандай проблеманың толғандыратынын білсең, тақырып таңдау қиын емес. Егер бұл қиындау болса, өзіңе мына сұрақтарды қойып көр:

1. Мені не көбірек қызықтырады?

2. Мен ең алдымен немен шұғылданғым келеді?

3.Бос уақытымда немен айналысқанды ұнатамын?

4.Қай пәндерден жақсы баға аламын?

5.Қандай пәндерді терең зерделеуді қажет етемін?

6.Мақтан ететін қандай тұстарым бар?

Тақырып таңдау ережесі

Тақырып баланы қызықтыратын болу керек.

Тақырып орындалатын болу керек, оның шешімдері зерттеуге қатысушыларға пайдалы болуы тиіс.

Тақырып қол жетімді болу тиіс. Проблема балалардың жас ерекшелігіне сай болуы керек.

Ықылас пен мүмкіндіктің үйлесімі.

Тақырып таңдауды ұзаққа созудың қажеті жоқ..

Зерттеу тақырыптары қандай болуы мүмкін?

Зерттеу тақырыптарын үш топқа біріктіруге болады:

- фантастикалық-өмірде болмайтын фантастикалық  құбылыстар мен заттар жөнінде;

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін ең алдымен оны эксперименттік мақұлдаудан өткізудің бағдарламасы жасалады. Жоба бастауыш мектеп оқу жоспарының вариативтік бөлігіндегі мектептік компонент сағаттарының есебінен іске асырылады. «Оқушыларды зерттеушілікке үйретудің негіздері» курсының бағдарламасы жасалады, бағдарламаның оқу - әдістемелік (мұғалімге және балаларға арналған) құралдары дайындалады. Аталған құралдарды дайындап, рәсімдеуде облыстың эксперттік кеңестің ережесі басшылыққа алынады. Мектеп әкімшілігінің талқылауынан кейін бағдарлама аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің отырысында қаралып, бекітіледі. Сонан кейін ғана тәжірибеде қолдануға жарамды болып есептеледі.

Қорытынды

Осы оқыту технологиясының тиімділігіне көз жеткізгісі келетін мұғалімдерге біз жеке тұлғаны, оның оқуға қызығушылығын тудыруды, танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеудің әдістерін және бұл технологияның оқушыны тұлғалық дамытудың түрлі аспектілеріне ықпалын анықтау үлгісін ұсынамыз.

 Глоссарий

Сипаттау- заттың ұқсастықтарын ажырату мақсатында сыртқы белгілеріне қарай атау тәсілі.Нысанды сипаттау мына сұрақтарға жауап беруді білдіреді:бұл не? басқа нысандардан қандай айырмашылығы бар? басқа нысандарға қандай ұқсастығы бар?

Мінездеме - бұл адамның, жануардың, құбылыстың бірнеше ішкі қасиеттерін атау тәсілі.

Мысал келтіре отырып түсіндіру берілген түсінікке қатаң түсінік бергенше оны суреттейтін мысалдар келтіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, ойыншықтар-бұл қуыршақтар, машиналар, доптар және т.б.; пайдалы қазбалар-бұл көмір, мұнай, газ және т.б.

Салыстыру заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға мүмкінідік береді.

Ажырату- бұл тәсіл кез-келген ұқсас заттардың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, алма мен қызанақ өте ұқсас; бірақ алма-жеміс, ал қызанақ-көкөніс, алманың дәмі басқа, ал қызанақтың дәмі мүлде басқа және т.б.

 Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. – Астана, 2010.

2.Савенков А.И. Маленкий исследователь. Как научить младшего школьника приобретать знания/Художник Левина Л.И.-Ярославль: Академия развития. Академия Холдинг, 2002.(Развивающее обучение. Практические задания.)

3.Жексенбаева Ү.Б., Игенбаева Б.Қ., Ниязова Г.Б. Зерттеушілік оқыту технологиясы(бастауыш мектепте).-Астана,2006.