КӘСІБИ
БАҒЫТТАЛҒАН
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА
АКПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Барысова Н.Т.
ОҚМПИ, Шымкент
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана
техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа
ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру
жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып
отыр.
Елбасымыздың
Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда
ақпараттық қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:
Тәуелсіз
еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана
тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз
елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде
еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Қазіргі
заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі
болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық
сауатты, саяси-экономикалық білімді және
ақпараттық-коммуникациялық білімді және
ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты
меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды.
Өзімізге белгілі жаңа технологияларды қолдануға
көп үлес қосып жүрген зерттеуші ғалымдар
қатарына У.С.Полат, Е.Н.Дмитреева, С.В.Новиков, Т.А. Помелова жатады.
Белгілі ғалым М.Ф. Стронин өзінің “Ағылшын тілі
сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар” құралында ойындарды келесідей
категорияларға бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық
ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және
шығармашылық ойындар.Бұл ойын түрлерін де
оқытушылар кең пайдалануда.
Компьютерлік бағдарламамен
жұмыс істеу түрлері:
Лексиканы меңгерту.
Мәтіннің
кәсіби сөз қорымен жұмыс жүргізу, мысалы,
кәсіби терминдердің сөздігін жасау, глоссарий түзу,
сөз тіркестерін талдау, т.б.
Сөйлеу жұмыстары.
Сөздер мен сөз тіркестері
тыңдалғаннан кейін, студент оны қайталайды. Бұдан
соң диктордың сөзді дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып,
өзінің дыбыстаудағы
қателіктерін аңғарып, студент оны түзетуге
мүмкіндік алады.
Студенттердің
сөйлеу дағдыларын дамытуға диалогтың да берері мол.
Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады.
Студенттерге белгілі бір тақырыпта болашақ мамандықтарына
байланысты тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады.
Мысалы: «My future profession»,
«Famous pedagogies», «Computer in our
life», «Kazakh literature and
language», «Famous mathematics and
physics», «Sports in our life», «Kazakh music and literature»,
«Ecology», «Up-bringing of teenagers», «Psychology», т.б. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен
біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты
ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі
сөйлесуге үйрету – студенттерді қызықтырады. Диалогтік
сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына
сәйкес келеді.
Жазуды оқыту.
Жұмыстың
бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау
қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге
септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді
үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік
сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да
лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне
сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда
ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал
болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу
құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша
да студенттер белсенді коммуникацияға түсе алады.
Компьютердің
білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі
алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз
ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі
түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты
алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық
мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер
адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап
құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге
құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның
қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол
арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге
асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу,
тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл
мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал
студенттерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын
көрсетеді.
5.
Компьютердің көмегімен студенттер жаттығулардың
барлық түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігіне ие бола
алады.
Бұл
жұмыстың басты
мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық -
электрондық құралдарды шетел тілі сабағында тиімді
қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында
презентацияларды және мультимедиялық - электрондық
құралдарды білім беру процесінде терең қолдану.
Ең тиімді
программалардың бірі - Microsoft
Power Point.
Ол
оқытушыға қысқа мерзімде өзін үлкен
дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге, компьютерлік білімін
жетілдіруге көмектеседі. Және ол студенттердің түрлі
қабілеттерін жетілдіреді: есте сақтау, көру, есту, ойлау.
Интерактивті
тақтада студенттер өз презентацияларын ұсыну арқылы
сабаққа деген қызығушылықтарын ерекше арттырады.
Жаңа
ақпараттық құралдарды кәсіби
бағытталған ағылшын тілі сабағында
қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- студенттерге
мамандыққа байланысты терминдерді меңгеруге көмектеседі;
-
студенттердің сабаққа деген қызығушылығын
арттырады;
- сабақта
пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
-
студенттердің шығармашылығын арттырады;
- студенттерді жеке
жұмыс істеуге үйретеді;
-
грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
-
студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау
қабілеттерін дамытады;
- пікірталас,
талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Интернет
шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді
қолдануға, шетел тілінде сөйлеушінітыңдап, олармен тілдік қарым-қатынас
жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол
табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Дегенмен, Е. С.
Полаттың көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту
құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның
қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан,
дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты
мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің
ерекшеліктері бірінші кезекті болып табылады». Демек, Интернет
өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен
қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың
құралы болып табылады.
Бұған
қоса, ғаламдық желінің ақпараттық
ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп,
сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы
дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге
болады:
- Күрделілік
дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып,
оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
- Желіден
алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде
монологтық және диалогтық
сөйлеу біліктілігін жетілдіру;
- Жеке түрде
немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және
серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы
өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл
біліктіліктерін жетілдіру;
- Активті және
пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік
және саяси құрылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын
білдіретін қазіргі шетел тілі лексикасымен толықтыру;
- Өз бойында
тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау
жағдайында тілдік тәлімінің ерекшеліктерін, оқытылатын
тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің
ерекшеліктерін қамтитын мәдениеттанымдық біліммен танысу,
фильмдер және әрине, компьютер бағдарламалары жатады.
Қорыта
келгенде, ағылшын тілі, кәсіби бағытталған
ағылшын тілі сабақтарында компьютер және т.б. жаңа
ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.
Жаңа замандағы - жаңа Қазақстанымыздың
дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа
ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы
болатынына көз жеткізеді.
Үш
тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен
қалмай, соған сәйкес қадам жасауға,
толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді
қосуымыз керек.
Әдебиеттер:
1. А. Иманбаева,
Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан
мектебі, №2, 2000
2. Новые педагогические и
информационные технологии в системе образования.
Под ред. Полат Е.С. М., 1999
3. М.Ф. Стронин . Ағылшын тілі
сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар.