Шилібеков Ж.Қ.

Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасның тарих және география пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы

 

ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

Еліміздің өркендеу, халқымыздың әл- ауқатын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқаруда әрине, алдымызға қойған жоспарлы бағыт- бағдар, белгілі бір межеге жетудің жан- жақты ойластырылған тетіктері болу шарт. Нақ осы тетік – «Қазақстан-2050» даму стратегиясымен ұштасып жатыр.

«Қазақстан-2050» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде бәсекеге қабілетті, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Демек, Қазақстан тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты оқушылардың адамзат баласының оқыту әдістемесінің жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік оқыту әдістемесінің шығармашылық шеберліктерін өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сондықтан оқушы бойында жоғарғы идеялдық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайныдауға оқытудың негізі формасы сабақтың, әрбір сыныпта тарих пәнін оқыту әдістемесі мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануымыз керек.

Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер өте көп. Оларда осы жаңалық жан - жақты, әр түрлі қырынан баяндалады. Жалпы «технология» грек сөзі, бізше «өнер, шеберлік» дегенге келеді. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300 - ден астам балама анықтамалары бар. Мәселен, осы проблеманы көптеген зерттеп жүрген Ресейдің белгілі педагог және т. б. ғалымдары оған төмендегідей анықтамалар береді.

«Педагогикалық технология дегеніміз – оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В. П. Беспалько).

«Педагогикалық технология дегеніміз – оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі)» (И. П. Волков).
«Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге - шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В. М. Монахов).

«Педагогикалық технология дегеніміз – педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструменталдық, методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М. В. Кларин), т. б.

Жоғарыда келтірілгендерді және басқаларды жинақтасақ, оқыту (педагогикалық) технологиясы жүйелі категория екен, ол төмендегідей құрылымдардан тұрады: оқытудың мақсаты; оқыту мазмұны; педагогикалық әрекет етудің құралдары; оқыту үрдісін ұйымдастыру; оқушы, мұғалім; жасалған қызметтің (іс - әрекеттің) нәтижесі. Жоспарланған нәтижеге, мақсатқа жетудің басты шарты – оқытылатын тақырыптың, сабақтың мақсатын дәл, әрі нақты анықтау, оған нәтижеге жетудің жолдарын жобалап қолданылатын әдіс - тәсілдерді, құралдарды барынша тиімді іріктеу және дәл көрсету, нәтижені тексеру не тексеріп отыру. Осы жоба қағазға түсіріледі, оны жасауға да, жүзеге асыруға да барлық оқушылар белсене қатысады.

Оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолдану туралы Республикамызда жарияланған еңбектер, журнал мақалалары баршылық. Бірақ тарих пәнін оқытуда, әсіресе, қазақ мектептеріндегі тарихшылардың жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тәжірибелерін баяндайтын еңбектер, журнал мақалалары тапшы.

Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялардың бәрі бірдей мүлде жаңа, бұрын қолданылмаған әдіс - тәсілдер немесе оқытуды ұйымдастырудың формалары емес. Мәселе, олардың мүлде жаңа тәсілмен қолданылатындығында, соған лайық жоспарланған нәтижеге, мақсатқа толық жететіндігінде.

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – оқулықтағы оқу материалдарының құрылымы үнемі сәтті бола бермейді, соның салдарынан тақырыптың оқу мақсатын жобалауда, нәтижеге жету де қиындық туғызады. Мұндай тақырыпты (3 - 5, 6 - 7 сағаттық) мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып өздігінше жоспарлайды: құрылымын өзгертеді, мазмұнының логикалық байланыстарын күшейтеді, тақырыпты бірнеше ірі бөліктерге бөліп, әр бөлікке сәйкес келетін оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдіс - тәсілдерін белгілейді. Бір модульде дәстүрлі сабақ, лекция, сабақ, семинар, қорытып - қайталау сабағы болуы мүмкін. Басты дидактикалық мақсат - әрбір оқушының жоспарланған нәтижеге жетуін қамтамасыз ету.

Қазақстан тарихы сабағында танымдық мақсаттарды орындау үшін келесі  талаптарды сақтаған жөн:

1.       Қазақстан тарихын оқытуда аудио-видеоларды пайдалану;

2.   Тарихты оқытуда ойын сабақ өткізу арқылы мектеп оқушыларының білімін көтеру әдісі.

3.       Тарихты окытудағы шартты көрнекілік.

4.   Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.

5.       Тарихи мәліметтермен, кұжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

6.       Тарихты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары

       

Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі тарихи пәндердің ролі өте жоғары. Сондықтан тарихты оқыту әдістемесіне  көңіл аударған дұрыс.