Текетбаева Гульмира Самархановна
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы
«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
ФИЗИКАЛЫҚ
ЕСЕПТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ОРЫНЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ МЕН
ӘДІСТЕРІ
Физикалық
есептер бұл оқушылардың физикалық
құбылыстарды танып-зерттеу түсініктерін қалыптастыру,
логикалық ойлауын және өзінің білімдерін практикада
қолдану іскерліктерін дамыту үшін қолданылатын
жаттығулар.
Есептер шешу мен
шығару оқу процессінің ажырамайтын құрамды бөлігі
болып келеді және еңбексүйгіштікті, ақылдың
танымдылығын, пікірлердің дербестігін қалыптастырып,
оқуға деген қызығушылықты тәрбиелейді, еркі
мен мінезін шындайды, құбылыстарды талдай алу іскерлігін дамытып,
мәліметтерді жалпылауы қалыптасады. Есеп шығару
оқытудың политехникалық қағидасының
жүзеге асуында үлкен роль атқарады және білімдерінің
жүйеленуі мен тереңдеуін және кеңуін жүзеге асып
дүниеге көзқарастарын жетілдіреді. Есеп шығару
ғылым мен техниканың жаңалықтарымен және
жетістіктерімен таныстырып физика курсын толықтай игеруге мүмкіндік
береді.
Физика пәнінде
есептер шығару негізінен: жаңа білімді хабарлау үшін; проблемалық
жағдайларды туғызу үшін; практикалық іскерліктер мен
дағдыларын қалыптастыру үшін; білімнің тереңдігі
мен беріктігін тексеру үшін; материалды қайталау және бекіту
үшін; оқушылардың творчествалық қабілеттерін
дамыту үшін қолданылады. Есеп шығару әрбір
сабақтың құрамды бөлігі болып табылады. Аралас
сабақтарда оларды сабақ сұрау барысында және
өткен материалды бекіту барысында бірнеше рет қолданамыз. Қайталауды
ұйымдастыру үшін көбінесе аралас есептерді іріктеп аламыз.
Есептер оқушылардың білімін қадағалаудың аса
тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Есептер сипаттарына
байланысты ерекшеленеді және мазмұндық сипатына байланысты:
нақты, абстрактілі, техникалық, тарихи түрде; дидактикалық сипатына байланысты:
жаттығу, шығармашылық, зерттеушілік, бақылау
түрінде; шарттарына байланысты: мәтіндік, графикалық,
эксперименттік, сурет есептер түрінде; күрделілігіне байланысты:
қарапайым, күрделі, құрамалы, аса күрделі
түрде; талаптарына байланысты: белгісізді табуға, дәлелдеуге,
құрастыруға беріледі; шешу жолдарына байланысты:
эксперименттік, есептеушілік, графикалық түрде болады.
Есептерді осылай
жіктеу шартты түрдегі мәнге ғана ие, өйткені,
әрбір есеп түрлі топтарға жатуы әбдени мүмкін.
Есеп шығару барысында қандай логикалық операциялардың
қолданылатындығына байланысты оны шешудің жолдары
аналитикалық, синтетикалық және
аналитикалық-синтетикалық болып келеді. Аналитикалық шешу жолы есепті бірнеше қарапайым
есептерге бөлшектеуден көзге түседі. Шешуді ізделінетін
шаманы табудан бастаймыз, соның нәтижесінде ізделінген шаманы
табудың қажетті заңдылығы ашылады.
Заңдылықтың құрамына өзге де белгісіздер
кіретін болса, онда оларды есептің белгілі шарттарымен байланыстырамыз.
Синтетикалық
шешу жолында шамалардың арасында байланыстар анықталып
теңдеуге қажетті белгісіз шама табылғанға дейінгі
іздестіру жүргізіледі. Аналитикалық және синтетикалық
шешу жолдары қашан да бір бірімен байланысты жүзеге асырылады. Есеп шешуге математикалық аппаратты
қолданудың мынадай жолдары бар: арифметикалық,
алгебралық және геометриялық.
Арифметикалық
тәсілде физикалық шамаларды теңдеу құрмай
өзгертудің математикалық амалдары қолданылады. Алгебралық
тәсілде теңдеуді құру физикалық
формулаларға негізделіп ізделінетін физикалық шама
анықталады.
Геометриялық
тәсілдің орнына көбінесе геометриялық әдіс
термині қолданылады. Ол кескіндердің геометриялық және
тригонометриялық қасиеттерін шешу барысында қолданылады.
Әртүрлі типтегі есептерді шешудің өзіндік ерекшеліктері
бар екендігіне қарамастан педагогикалық практикада есеп
шығарудың мынадай жүйесі қалыптасқан:
-
Есептің шартымен, жаңа терминдер мен
анықтамалардың мазмұнымен танысып, есеп шартын қайталау;
-
Есеп шартын қысқаша жазу, қажетті
суреттер мен сызбаларды СИ бірліктерінде жасау;
-
Есеп шартын талдау;
-
Есеп шығаруға қажетті физикалық
заңдар мен формулаларды еске түсіру;
-
Есеп шығарудың жоспарын құрау;
-
Ізделінетін шама және берілген шамалардың
арасындағы байланысты формула
түрінде жазу.
-
Теңдеулер жүйесін шешу;
-
Ізделінген шаманы есептеп шығару;
-
Алынған нәтижені талдау;
-
Есепті шығарудың өзгеше жолдарын іздеу
және талдау.
Белгілі бір есептерді
шығарудың барысында бұл жүйенің кейбір сатылары
қолданылмауы да мүмкін. Қазіргі уақытта физикалық
есептерді шығаруда алгоритмдік тәсілдер жиі қолданылуда.
Сабақ
үстінде оқушыларды есеп шығаруға
ұйымдастырудың нысандары мынадай болуы мүмкін:
-
Есепті тақтада оқытушының өзінің
шығаруы. Мұндай тәсіл типтік есептің шығарылу
барысын көрсету үшін болмаса күрделі есептерді шешу
үшін қолданылады. Оқытушы оқушылардың
белсенділігін арттыру үшін оларды есепті талдауға
қатыстырады.
-
Есептің шешімін іздеу мен талдауды
ұжымдық түрде жүзеге асырып, соңынан
оқушылардың бірі шешімді тақтаға, қалған
оқушылар дәптерге жазады. Тақтада күрделі есепті
шығарған кезде бірнеше оқушы кезектесіп жұмыс жасауы
мүмкін. Алайда, мұндай ұйымдастыру барысында
оқушылардың дербестігі мен белсенділігі төмен болады.
-
Оқушылар ұжымдық талдаудан кейін есепті
дербес шығарады. Оқушылардың дербестігі мен белсенділігі
жоғары болғандығына қарамастан барлығы есепті бір
мезгілде шығара алмайды. Соған байланысты бірқатар
қиындықтар туындайды. Осыған орай оқытушы есепті
шығарудың барысын үнемі қадағалап,
оқушыларға кеңестер береді, кемшіліктері мен қателеріне
көңілдерін аудартып, түзетулеріне көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
Активизация
познавательной деятельности учащихся при изучении физики. Пособие для учителей.
- М.: Просвещение, 1983. -160с.
Методика
преподавания физики в 7-8 классах средней школы. Пособие для учителя. /Под ред.
А.В.Усовой. - М.: Просвещение, 1990. - 319с.
Основы
методики преподавания физики. /Под ред. А.В.Перышкина,
В.Г.Разумовского и В.А. Фабриканта. - М.: Просвещение, 1983. - 398с.
Физика есептер жинағы. 8 сынып.
В.И. Кем, Б.А. Кронгарт. Алматы. Мектеп. 2011ж.
Физика есептер жинағы. 11 сынып.
С. Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж.Бақынов. Алматы. Мектеп. 2011ж.