Бықсып жанған
қоламта емес,Артымызда шоқ қалсын!
Болашақтың
ошағында,Біз тұтатқан от жансын!
М. Мақатаев
Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы
мектеп даярлап шығаратын оқушы бұл - жан-жақты
дамыған, терең ойлайтын, ақпаратпен сауатты жұмыс істеп
өздігінен оқи алатын, алдына қойған мақсатына
қалай қол жеткізуді білетін адам. Қазіргі мектеп түлегі
өмірдегі өзіне лайықты орынын таба алу үшін жеке
тұлғаға қажетті бірқатар сапаларды меңгеруі
қажет. Олар:
Ø
Өзгермелі өмір жағдайларына ыңғалана білу,
өзіне қажетті білімдерді дербес игере алу және оларды
күнделікті өмірде туындайтын түрлі міндеттер мен
мәселелерді шешу үшін шебер қолдана білуі.
Ø
Сындарлы ойлай алуының ақиқатты қиындықтар
мен мәселелердің пайда болуын көре білуге және заманауй
технологияларды пайдалана отырып оларды тиімді шешудің жолдарын іздей
білуіне көмектесуі.
Ø
Игерген білімінің қайда және қандай жолмен
қолданылатындығын нақты біліп, жаңа идеяларды
туғызуға және шығармашылық ойлауға
қабілетті болуы.
Ø
Белгілі мәселені шешуге қажетті фактыларды жинай білуі, оларды
талдап мәселені шешудің болжамдарын жасау тиісті талдаулар істеуі,
ұқсас болмаса баламалы шешімдерді табуы, заңдылықтарды
анықтап аргументті қорытындылар жасауы және алынған
қорытындыларды туындаған жаңа мәселелерді шешуге
пайдалануы.
Ø
Әртүрлі әлеуметтік топтардың ішіндегі
қатынасқа бейім болуы мен түрлі әрекет салалары мен
жағдайларда бірлесе әрекет жасауы, түрлі жанжал
жағдайларынан шыға білу және оларды болдырмауды білуі.
Ø
Өз адамгершілігін жетілдіру саласында жұмыс істеп,
ақыл-ойы мен мәдени деңгейін үнемі жоғарлату.
Осылайша
алғанда білім беру жүйесін стратегиялық дамытудың
бағыты даралыққа бағытталған білім берудің басты
назарында оқушы тұлғасының тұруын талап етеді.
Мектептегі
математика курсының оқытудың негізгі міндеттерінің бірі
оқушылардың саналы да берік есептеу дағдыларын
қалыптастыру болып табылады. Оқушылардағы санау
мәдениетінің көріністерін олардың ауызша және
жазбаша есептей білу іскерліктерінен және есептеу жолдарын тиімді
ұйымдастыра алуынан байқаймыз. Есептеу дағдыларының
іскерліктен айырмашылықтары олардың қадағалаусыз
жүзеге асатындығы. Іскерлікті мұндай меңгеру
дәрежесіне оларды мақсатты қалыптастырудың барысында ғана
қол жеткізіледі. Сондықтан сабақ барысында ауызша есепке үйрету
мен ауызша жұмыс тәсілдеріне көп көңіл бөлінуі
керек. Ауызша есептеуді ұйымдастыру әдістемелік
тұрғыдан алғанда аса бағалы, құнды болып
табылады. Ауызша есептеудің
барысында жады, реакцияның жылдамдығы, көңіл аудару,
оқушылардың белсенділігі, өзін өзі
қадағалау, есептеу мәдениеті жоғарлайды. Талдау мен
жинақтау әдістерінің қолданылуы оқушылардың
логикалық ойлауын дамытады.
Математиканы
оқытудың әдістемесінде есеп шығарудың ауызша
және жазбаша тәсілдері бар. Ауызша жұмыс сабақ барысында
үлкен маңызға ие, өйткені бұл
мұғалімнің сыныппен және жекелеген оқушылармен
әңгімесі және оқушылардың белгілі бір тапсырманы
орындаудағы өзіндік бағалаушы пікірлері. Осы ауызша
жұмыс түрлерінің ішінде ауызша жаттығуларды ерекше
бөліп көрсетуге болады. Бастауыш сыныптарда олар көбінесе
есептеулерге байланысты болғандықтан оларды ауызша есеп деп аталса
да, алгебралық және геометриялық есептердің енгізілуіне
байланысты сандар және шамалармен амалдарға көп
көңіл бөлуді талап етеді.
Ауызша
жаттығулардың маңызы мен қажеттілігі есептеу
дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруде ерекше көзге
түседі. Бұл туралы «Алдыңғы
өткен тақырыптардағы материалдарды қайталаудың
белгілі бір жүйесін жасау оқушыларға білімді автоматты
дағдылар деңгейінде игеруге мүмкіндік береді. Ауызша
есептеулер сабақтың кездейсоқ элементі ғана болмай, оның
негізгі тақырыбымен әдістемелік байланыста болып, проблемалық
сипат туғызуы тиіс» - делінген [2].
Ауызша
есеп сабақтың бір сатысы ретінде бастауыш сыныптарда және 5-6
сыныптарға дейінгі аралықта есептеу дағдыларын
қалыптастыру мақсатында кеңінен қолданылады. Математика
пәнінен міндетті түрде ҰБТ тестін тапсыру жоғары сынып
оқушыларында базалық деңгейдегі есептерді жылдам және
сапалы шеше алуға қажеттікті туындатты. Бұл жағдайда
ауызша есептеудің рөлі ерекше, өйткені емтихан барысында
есептеу машинкалары мен кестелерін қолдануға рұқсат
етілмейді. Көптеген есептеу операцияларын оқушылардың ауызша
орындай алуына қол жеткізуге болады. Ол үшін мұндай
дағдыны автоматтылыққа дейін жаттықтыру қажет.
Яғни ауызша жаттығуларды шешу бұл міндетті шешудің
неғұрлым ыңғайлы жолы болып табылады. Ауызша
есептеулердің дұрыстығына және жылдамдығына
қол жеткізу үшін оқыту барысында әрбір сабақта
5-7 минут уақытты оған әдейі арнап отыру керек. «Ауызша
жаттығулар оқушылардың ойлау әрекетін жандандырып,
оқу материалын саналы сіңіруді талап етеді; оларды орындаудың
барысында ес, сөз, зейін, ептілік дамиды» [3].
Ауызша
жаттығулар сабақтың бір сатысы ретінде мындай міндеттерді
шешеді:
1) оқушылардың
білімін, іскерлігін, дағдыларын жаңғырту және
түзете отырып, мұғалімнің түсіндірулерін саналы
қабылдау;
2) оқушылардың білім жағдайын
қадағалауға;
3) қарапайым есептеулер мен өзгертулерін және дағдыларын автоматтандыру.
«Ауызша жаттығулар сабақтың
тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес келіп, оны игеруге
және өткенді қайталауға көмектесуі тиіс. Ауызша
есептеу дағыдылары үнемі жетіліп отыру үшін ауызша және
жазбаша есептеулердің дұрыс арақатынасын орнату керек: ауызша
есептеу қиын болғанда ғана жазбаша шығаруды
қолдану» [3].
Егерде
5-6 сыныптардағы ауызша есеп бұл сандармен әрекет түрінде
болса: натураль сандар, қарапайым бөлшек, ондық
бөлшектер (Жохов В.И.
“Математический тренажер”), болса ал жоғарғы класстарда орындалуын
автоматтылыққа дейін жеткізу қажет түрлі ойлау
операциялары.
Ауызша
есеппен жүйелі жұмыс жасау есептеулердің нәтижелілігінің
жоғарлауына ықпал етеді. Көптеген есеп шығару
операциялары жеңілдеп, дербес міндеттен күрделі есептерді
шешудің көмекші құралдары қатарына көшеді (мысалы,
көбейту кестесі). Жұмыстың мұндай нысандарын өзге
пәндерде де пайдалануға болады мысалы: физикада, химияда.
Түрлі сабақтардағы қолданылатын тәсілдердің
біртектілігі оқушылардың сапалы есептеулерге деген
тұрақты әдеттерін қалыптастырады.
Сонымен қатар физика және математика
сабақтарындағы ауызша есептеулер есептеу дағдыларын дамуы мен
қалыптасуы олардың сабаққа деген
қызығушылығының артуына, оқу-танымдық іс-әрекетінің,
логикалық ойлауының дамуына және оқушының жеке
бас сапаларының дамуына ықпал етеді. Түрлі ауызша
жаттығулардың көмегі арқылы пәнге деген
қызығушылықтарын арттыра отырып мұғалім
оқушыға оқу материалымен белсенді жұмыс жасауға
көмектеседі және олардың есептерді шешу мен
есептеулердің тәсілдерін жетілдіруге деген талпынысын арттырады.
Бұл оқушыға ҰБТ-ге саналы дайындалуға
мүмкіндік беретін маңызды шарттардың бірі.
Ай
сайынғы орталықтандырылған тестілеу жүйесі және
ҰБТ нысанындағы қорытынды аттестация білім беру
жүйесіне оқу жетістіктерін бағалаудың заманауй
технологияларын енгізіп, білім беру стандартының минимумын
неғұрлым нақты және дәл анықтаудың
қажеттілігін көрсетеді.
Тест
тапсырмаларын орындатуды тараулар мен жекелеген тақырыптар бойынша
ұйымдастырған жөн. Тест оқытудың нәтижесін
обьективті бағалап, оқу барысындағы жіберілген кемшіліктер
мен мәселелерді сынып бойынша және жекелей оқушыға
қатысты анықтауға мүмкіндік береді. Тест барысында:
·
Оқушылардың дара ерекшеліктері ескеріледі;
·
Материалдың игерілу сапасы тексеріледі;
·
Оқыту процессі түрлендіріледі;
·
Сабақ сұрау уақыты үнемделеді;
·
Оқытуды компьютерлендіруге болады.
Тесттің
көмегі арқылы оқыған материалдың басым
бөлігін тексеруге және көптеген оқушылардың
білімін қадағалауға мүмкіндік туады. Тест
есептерінің мазмұны мен көп қайталап тесттілеу осал
оқушылардың өзіне де белгілі бір жұмыс көлемін атқаруға
мүмкіндік беріп, психологиялық стрессті болғызбайды
және оларды білімнің неғұрлым
қанағаттанарлық деңгейіне дейін жеткізеді. Жоғары
таңымдық белсенділік оқушы үшін қызықты
сабақ үстінде ғана мүмкін. Оқушылардың
өзіндік білім алуға деген терең
қызығушылығы мен қажеттілігін туғызу және
тәрбиелеу дегеніміз - олардың танымдық белсенділігі мен
ойының дербестігін, өзінің күшіне деген сенімділігін
қалыптастыру.
Әр
бір педагог өз пәніне деген қызығушылықты
туғыза отырып тек тәжірибесін ғана беріп қоймайды
сонымен қатар оқушының өзінің қабілеті мен
күшіне деген сенімін де қалыптастырады. Осал
оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта
отырып неғұрлым қабілетті оқушылардың да ерік
күштерін, табандылығын, мақсатқа
ұмтылушылығын тәрбиелеу керек. Оқушылардың
пәнге деген терең қызығушылығын туғызу, танымдық
белсенділігін дамыту үшін, жалпы белсенділіктіке түрткі болатын
қосымша құралдарды кеңінен іздестіру керек.
Көрнекті неміс педагогы А.Дистервег «даму
мен білім ешкімге алдын ала берілмейді, оған тек өз
әрекетіңмен, өз күшіңмен ғана қол
жеткізесің»- деген.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Закон Республики
Казахстан «Об образовании». Астана.2007г.
2.
Зайцева О.П. Роль
устного счёта в формировании вычислительных навыков и в развитии личности
ребёнка //Н.ш. 2001г. №1.
3.
Беримец В.И.
“Использование различных видов устных упражнений, как средство повышения
познавательного интереса к уроку математики”.
4.
Богомолова О.Б.
Логические задачи. М., 2005.
5.
Перельман Я.И. Живая
математика. М., Наука, 1967г.
6.
Гаврилова Т.Д.
Занимательная математика. Изд. “Учитель”.
7.
Таубаева Ш.
Исследовательская культура учителя.- Алматы: Алем, 2000.