ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІН АРҚЫЛЫ ТЕРМИНДЕРДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ

Ақажанова А.А.

                                                                  С.Сейфуллин атындағы

                                                                 Қазақ агротехникалық

             университетінің оқытушы

 

Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарында студенттерге тіл үйрету барысында оларға мамандыққа қатысты лексиканы, кәсіби тілді игертуге көбірек мән беріле бастады. Яғни өз мамандықтары бойынша   терминдерді  меңгерту бүгінгі күн  талабы болып отыр.  Ал терминдерді оқытудағы басты мақсат – ауызекі сөйлеуге төселіп, бейімделіп жүрген және сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің мемлекеттік тілде сөйлеуін, жазуын, баяндауын,  мамандықтарына қатысты жетілдіру, кәсіби лексикасын байыту, үйренушілердің шығармашылық ізденіс қабілетін жан-жақты дамыту, іскерлігін арттыру, тиянақты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

         Әр сабақта лексикалық, грамматикалық жаттығулар,  мамандыққа байланысты  мәтіндер, мәтін бойынша тапсырмалар, сол салаға қатысты негізгі термин сөздердің сөздігі де беріледі. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері жаңадан үйренген атауларды есте сақтауға көп септігін тигізеді. Ендеше, сабақты қызықты, сапалы өкізу  үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді  пайдалануға болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы, көп нәтижеге жетуге болады. Ендеше,сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді: 

1. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс; 

2. Мәтінмен жұмыс кезеңі; 

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

•Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі:

-Дыбыстармен жұмыс; 
-Сөздіктермен жұмыс; 

-Мәтін ішіндегі түсінуге қиын сөздерден сөздік жұмысын жүргізу;
• Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату,сонымен қатар бұл кезеңде мәтін кезекпен оқытылып, орыс тіліне аударылады. Мәтіннің ең соңғы сөйлемін оқыған студент мәтіннің мазмұнын айтуы керек, яғни негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу  сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.

 • Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар: 
-Логикалық сұрақтар 
- Сөздік жұмыстар 
-Сөйлем құру 
-Аударма 
-Мәтінге ат қою 
- Диалог, ситуация құру 
-Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту 
Осы аталған іс әрекеттерді жүзеге асыруда студенттер өзара тілдік қарым қатынасқа түседі.

Мысалға экономика факультеті студенттеріне өткізілген сабақ үлгісін  ұсынамын.

Мәселен, «Банк тарихы. Банктік жүйе және отандық банктер, олардың қызметі. Ұлттық банк  жүйесі» мәтінін өткен кезде тақырыптың  жүйелілік, логикалық  байланыс  жағы да ескеріледі,  сондай-ақ  студенттердің  есінде жатталып, сақталып қалу үшін  лексикалық қайталаулар жүргізіледі.Жалпы бұл сабақты  өткен кезде  мен алдымен:

1-тапсырма.Мәтінге дейінгі сұрақтар қойылып,жауап беріледі.

·       Банк дегеніміз не?

·       Банк жүйесі дегенді қалай түсінесіз?

·       Банк ісін жүргізетін  мамандық түрлерін атаңыз.

2-тапсырма.«Ой қозғау» стратегиясын қолданып,  студенттерді ойлануға шақырамын.

 

3-тапсырма.Банк тарихы. Банктік жүйе және отандық банктер, олардың қызметі. Ұлттық банк  жүйесі тақырыбы бойынша аудиотаспа тыңдалып, банктік жүйе жәнеолардың қызметі  туралы жеке-жеке анықтама беремін.

 

4-тапсырма."Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"интеллектуалдық сайыс ретінде өткіземін.Топ студенттері екі топқа бөліп, 6 кезеңнен тұратын сайыс ережелерімен таныстырамын.

 

 

1-кезең.Екі топ өздерін таныстырады.

2-кезең.«Дода» деп аталады. Cтуденттер әр ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берілген жағдайда ұяшықта белгіленген ұпай саны сол топқа бұйырады. Ал, жауап бере алмаған жағдайда екінші топ дұрыс жауапты айтуға мүмкіндік алады. Жауабы дұрыс болса, ұпай сол топтың қанжығасына байланады.

 

1. Банк неге кепілдік береді?

2. Банк ұғымына анықтама беріңіз?

3. Бейне сұрақ

4.Банктің негізгі қызметін атап айтыңыз.

5. Сыйлық

6.Қазақстан ұлттық банктің негізгі қызметі

7. Банкир дегеніміз кім?

8.Бейне сұрақ

9.Банктер қандай саясатты жүзеге асырады?

10.Сыйлық

11.Ұлттық Банктің негізгі мақсатыне?                                                           12.Ұлттық Банк кімге есеп береді?

 

 

3-кезең. «Мақал сөздің мәйегі» саудаға, ақшаға, үнемдеуге  байланысты мақал-мәтелдердің жасырын тұрған сыңарын табады. Яғни жылдамдық, шапшаңдық, ептілік қасиеттерін қалыптастыру.

1.Сау басын .............

3.Саудаға ............ жүрмейді

4. Сауда түбі – борыш, шаруа түбі- ............

5. Үйдегі есепті, Базардағы.............

6.Теңге ............өсер.

Жылқы ...............өсер.

7. .......кетуге тырысады,

Есеп ұстауға........................

8.Тамшыдан тама берсе……………….

9.Үзіп жеген …………….жатпайды.

10. Қасықтапжинағанды ……………төкпе.

 

4-кезең. «Терминком ұсынады» деп аталады. Аудиотаспаға жазылған терминдердің аудармасын жылдам аудару талабы қойылады.

 

5-кезең. «Сен білесің бе?» деп аталады. Банк қызметкерлерінің сөздік қорындағы терминдердің орыс тіліндегі нұсқасы беріліп, аудармасы талап етіледі.


Учредители

Оборот

Тайна

Процент

Выигрышный

Уставной

Текущий

Привлеченный

Ставка

Интерес

Авторитет

Платеж

Соглашение

Хранить


 

6-кезең. «Кім жылдам?» деп аталады. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастырып, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табулары керек.

Экономика, Қаржыгер, есепші, пайыз, несие, қарыз, сыйақы, ақша айырбастау бөлімі, депозит бөлімі, несие беру бөлімі, менеджер,аудитор.

 

7-кезең. «Ғаламтор беттерінен» деп аталады. Қазіргі таңда банктердің рейтингісі бойынша алатын орындары жайлы айтылып, ғаламтор беттерінен дәлел ретінді көрсетіледі. Біздің елімізде банк қызметінің ұстанымы қандай болу керек? деген сауал қойылып,  студенттердің жауабы тыңдалады.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин: "...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есіту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттықтыру арқылы жұмыс істеу" керектігі жайында әдістемелік нұсқау берді.  Ендеше, қазіргі уақытта көрнекіліктің түрлері көп. Оны сабақтың мазмұнына қарай,әр оқытушыбасшылығымен жүзеге асырылып отырса, білім алушының  тіл үйренуге деген қызығушылығы да  арта түсері сөзсіз.

 

Пайданылынған әдебиеттер:

 

1.     Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері» 2008 жыл, №4 Ж.Сатыбекова

2.     «Интерактивті тақтаны қолдану жолдары», Мектеп республикалық ғылыми әдістемелік журнал №9-72.

3.     Ы.Алтынсарин. "Таза бұлақ". Алматы: Жазушы, 1988 ж., 156 б. 

 

 

       В статье рассматриваются вопросы обучения студентов профессиональной  терминологии  на уроках  казахского  языка  в русскоязычной аудитории

 

The problems of teaching of professional terminology at Kazakh lessons is examined in this article.