Тулегенова
М.Қ.
№12
М.Әуезов атындағы тірек мектебі,
Жамбыл облысы, Қазақстан
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ
Қазіргі
заманда мемлектіміздің ілгерілеу саясатының басты
бағытының бірі - жас ұрпақты, білім беруді
әлемдік деңгейге жеткізу болып отыр. Жас ұрпақты
қоғам талабына сай ой – өрісін дамыту, біліктілігі мен
шеберлігін қалыптастырып, оны өз тәжірибесінде кез келген
жағдайда қолдана білетін, тұлға дайындаудың
бірден бір жолы ойын іс - әрекетінде
жүзеге асады. Ойын дегеніміз не? Ойын дегеніміз
халықтың баланы әдептілікке сауаттылыққа,
адамгершілікке, ұйымшылдыққа
баулитын құралы. Халық даналығы: «ойнай білмеген,
ойлайда білмейді, ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына
жүгінсек, мектеп алды балаларының ойынға деген құлқы,
қарым – қатынасы, мінез-құлық көрністері,
олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғасын табады.
Ойын баланың
негізгі әрекеті. Ойын үрдісінде бала өзін
қоршаған үлкендер сияқты, өзінің
сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлер
сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды әрбір
бала ойнап өседі. Ойынды
көп ойнаған баланың дүние танымы кең, жаны таза,
жүрегі нәзік, сезімтал тұлға болмақ. Кей бала
ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі жан сезімін білдіреді. Ойын
мен бала ол - егіз. Өйіткені бала ойынсыз өсіп жетілмейді, жан -
жақты тұлға болып дамымақ та емес. Ойын баланың
миын жаттықтыратын, әрі тынықтыратын негізгі жаттығу
болып табылады.
Мектепке дейінгі
бала ойынының дамуына және баланың ойынға араласуына
әсер ететін кері факторлар бар. Мысалы: алатын болсақ,
үлкендердің ойынға жиі басшылық жасауы,
ойыншықтың жеткіліксіздігі, баланың ортасы, баланың
тәрбиесі. Осыған орай Мағжан Жұмабаев: «Ойын баланың өз ісі, бала ойына кірісуші
болма, баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен
бақыла, есте болуы керек, бақылау деген сөз қарауылда
тұрған солдаттай қабағыңды түйіп,
қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына
кірісуші болма» деген. Дегенмен ойын тек әрекет емес, ол балалардың
да, үлкендердің де қызығушылық ермегі ғана
емес, үлкендер де әлі
күнге дейін ойнайды.
Ойын
балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық,
анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық, маңызы зор
қызметтер атқарады.
Соның бірі - ұлттық
ойындар. Әрбір ұлт өз ұрпағын ойлайды. Оның
өсіп өнуі ұлттық тәлім тәрбие алуын
көздейді. Баланы ұлттық ойын арқылы оған баулиды.
Демек халықтың әдет – ғұрпы мен кәсібі
шаруашылығы осы ұлттық ойында көрніс табады. Ұлттық
ойын баланың ой – өрісін кеңейтіп, танымдық
қабылетін дамытып, қиялын қанаттандыру мен қатар
тіліміздің байлығын меңгеруге көмектеседі, тіл
ұстартуға баулиды. Қимыл қозғалысын артырып,
ептілікке шыдамдылыққа тәрбиелейді. Сондықтан да
баланың дамуына ұлттық ойынның қосар үлесі
орасан зор. Мысалы: қазақтың ойын жырларын алатын
болсақ, оған санамақтар, қаламақтар,
жаңылтпаштар жатады.
Санамақ - ол
баланың қолын ұстай
отырып, саусақтарына ат қойып, бірде бүгіп, бірде жазып ойнау
арқылы баланың көңіл – күйін аулау. Осылайша баланың санамақты қайталау
арқылы есте сақтауы мен тілін дамытады.
Ал
қаламақ болса, балалардың ойындағы қызметін, орнын, ойынды
кімнің басқаратынын белгілеу үшін балалар арасында айтылатын
өлеңдер.
Ойын жырдың
бірі- сұрамақ. Ол балалар ортасында сұрақ – жауап
түрінде орындалады. Баланың
тілін ұстартып, диалог түрінде сөйлеуге үйретеді.
Жаңылтпаштар айтылған
сөздерді есте сақтауын, оны қателеспей қайталауды талап
етеді. Дұрыс айтылмаған жаңылтпаштар үшін айып
төлеп ән орындаған.
Ұлттық
қимылды ойын баланың қимыл қозғалысын дамытады,
күш қайратын арттыра түседі денсаулығын нығайтады
және салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелейді. Дені сау ұрпақ - болашақ тірегі, ұлттың
айнасы.
Мені қазіргі
кездегі балалардың ұлттық ойынды үйде
қаншалықты қызыға ойнайды екен? – деген
сұрақ мазалайды. Осыны білу мақсатында мен көшедегі
балалардың ойындарын бақылауға шықтым. Бір көшенің
балалары асыр салып доп ойнап жүр, екінші көшенің балалары
сыртта көрінбейді. Сол маңдағы бір үйге кіріп
балаларының ойынын бақыладым. Олар компьютердегі ойынды ойнап
қимылсыз бір экранға үңілуде, үшінші көшеге
келсем, көшенінің екі шетіне балалар бөлініп тұрып бір
– біріне тас лақтыруда, бұл қандай ойын деген
сұраққа, «біз корей сарбаздарымыз» деп жауап айтты. Енді бір
көшеде фишка ойыны ойналуда. Сонда ұлттық ойынымыз
қайда қалды? Ұлттық ойынды тек қана мектеп пен бала –
бақша қабырғасында ойнау жеткіліксіз, осылай ұмытылып
қала берсе, біздің ұлттық
құндылығымыздың бірінен айырылғанымыз.
Бауыржан
Момышұлы : «Мен үш
нәрседен қорқамын. Біріншісі, бесік жырын айпаған
анадан қорқамын; екіншіден, ертегі айытпаған әжеден
қорқамын; үшіншіден, қазақ пен
қазақтың орысша сөйлегенінен қорқамын»-деген
екен.
Ал мен болсам, ұлттық ойын ойнамаған
баладан қорқамын дер едім. Бір
ғана «Қарлығаш» ойынын алайық. Ойынға
қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жасырынуға болатын
жерде өтеді. Ойыншылар бір жерді меже етіп белгілейді. Екі топ
өзінің ойын кезегін қаламақ айтып анықтайды.
Кезегін бірінші алған топ жасырынады. Екінші топ оларды іздеуге
шығады. Іздеп келе жатып «Қарлығаш, орнынан тұр,
қаш!» - деп үздіксіз дауыстайды. Олар жақындап
қалғанда жасырынған топтың ойыншылары межеге
қарай жүгіреді. Іздеуші топ жасырған топтың бір
ойыншысына жетіп алатын болса, онда қуушы топты межеге дейін
арқалап баратын болған. Арқаға салып
арқалаудың өзі қазіргі медицинада балалардың
арасында кездесетін дисплазия ауырының алдын алуға пайдасы
көп екенін айтуда. Қазіргі кезде бір ауылда екі бала дүниеге
келсе біреуі дисплазия.
Бұрынғы
кезде мұндай ауру сирек кездескен неге десеңіз, бұрынғы
әжелер баланы арқасына салып арқалап жүріп, тірлігін де
істеп баланы да тәрбиелеп өсірген. Арқаға салып
арқалаған. Бала бұл аурумен ауырмаған, қазір олай
емес әжелер баланы қол арбаға салып жүргенді жөн
көреді. Өз басым әжелердің ортасында жүріп
өстім, олардың әңгімесінің өзі тұнып
тұрған бір тарих шежіре. Сол ертегілерімен әңгімелері
әлі күнге дейін маған өмірлік азық болды десем
қателеспеймін. Әжемнің мына сұрамақ ойын жырды
үйреткені әлі есімде.
- Апам үйіне барамын,
- Апаң үйі не береді?
- Ешкі сауып сүт береді,
- Лақ сойып ет береді.
- Оны қайда қоямыз?
- Тал түбіне қоямыз.
- Ит жеп кетсе қайтеміз?
- Бақан алып қуамыз.
- Жеткізбесе қайтеміз?
- Жылай – жылай қашамыз.
Осылай сұрақ –
жауаппен қаншама баланың тілін дамытып, ақыл ойын
өсіріп тілін жаттықтырған асыл әжелеріміз. Яғни
ұлттық ойынды жоғалтып алмау үшін үйде ата – аналарымызбен
әжелеріміздің көмегі қажет балаларға
өзінің кішкентай кезіндегі ойнаған ойындарын
әңгімелеп, үйретіп, ойынға ұйытқы болып
отыру қажет – деп ойлаймын.
«Ата көрген оқ
жанар, Ана көрген тон пішер» дегендей атадан балаға мирас етіп,
берілетін ұлттық салт-дәстүрімізбен қатар
ұлттық ойынымызды жас ұрпаққа үйрету
біздің үлесімізде.
Бүгінгі жас буын
ертеңгі әже мен аталар. Мен болшақ әже ретінде өз
шығармашылығымнан туындаған
санамақты ұсынамын .
Санамақ
Бір – дегенім бала,
Бақытты екен ана.
Екі – дегенім егіс,
Жинап алсам ырыс.
Үш – дегенім
үйім,
Онда сенің
күйің.
Төрт – дегенім
төрім,
Төрлет дейді елім.
Бес – дегенім бесік,
Тербетілген бала.
Алты - дегенім арман,
Алдында көп
қадам.
Жеті – дегенім жеңіс,
Жеткізер оған тек іс.
Сегіз – дегенім сенім,
Саған берсін сана.
Тоғыз дегенім туыс,
Тату болған
дұрыс.
Он – дегенім отан,
Ыстық екен оттан.
Қорыта келгенде айтарым ұлттық ойнымызды
жоғалтып алмайық.