Сексеналина А.М., Есжанова А.Д.

КМҚК «Ертөстік» балабақшасы, Қарағанды, Қазақстан

 

                                     Бала тәрбиесі отбасынан         

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол– салауаттыда саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоцианалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты -  баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.Ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз ету.

Адам көз арқылы өзін қоршаған ортаны таниды, табиғаттың не­бір таңғажайып сұлу көрі­ніс­терінен эстетикалық ләззат алады, оқып, білім алады. Яғни, өмірдегі қа­жетті ақпараттың 90%-ға жуығын адам тек көз арқылы игеретін көрінеді. Көздің дұрыс жетілуі және оның кө­ру қабілетінің қалыптасуы адамның жас шағынан басталады. Қазіргі кезде көз ауруларының түрі жылдан-жылға артып келеді.

Көз ақауы бар балалардың да өмірге деген белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Көзді күту үшін алдымен оның тазалығына баса мән беру керек. Баланың көзіне А, Е, Д дәрумендері және магний, кальций, хром, мыс, мы­рыш, азот қышқылы керек. Ас мәзірі­­не сәбіз, жаңғақ, асқабақ, ақжелкен мен аскөкті көбірек қосу керек. Олардың құрамындағы дәрумендер ағзаға жақ­­­сы сіңуі үшін өсімдік майымен не­­ме­се қаймақпен бірге жеу керек. Қа­ра­жидек, итбүлдірген, мүкжидек сияқ­ты өсімдіктердің көздің көру қа­бі­летін қалпына келтіретін тамаша қасиеті бар. Ба­ланы жастайынан ағ­заға пайдалы ас мәзіріне бейімдеп, үй­рет­кен дұрыс.

Ең алдымен, ата-анасы оның тәр­бие­сіне жеткілікті көңіл бөлгенде, яғ­ни компьютер, теледидардан бас­қа да өмірде толып жатқан қызықтардың ба­рына баланың көзі жетуі тиіс. Балабақшада нашар көретін ба­ла­ларды әдетте жарық көзіне жақын отырғызады. Тәрбиеші көзілдірік ал­ған балалар­дың көзілдірігін тағып жү­руін қадағалауы керек. Көзілдірік балалардың көзіне сәйкес, тексеріліп алынуы қажет (көзілдірік шынысы­ның орталығы көз орталығымен бір­дей болуы, ал көзілдірік доғалары құ­лақ­қа ілуге ыңғайлы болуы керек). Бала­ның көзілдірігі үне­мі қисайып, тү­се бере­тін болса, ол өте зиян, сон­дық­­­тан, осы кемістікті тез арада жөн­­деткен жөн. Егер көзге қатысты ги­­гиеналық талаптарды сақтап, дә­рі­гердің кеңестерін бұл­жытпай орын­да­са, ауру асқынбай бір қалыпты тұра­­ды.

Компьютердің көзге зиян­дылығын бар­лы­ғы­мыз білеміз. Алайда, оның ал­дында сағаттап ойын ойнайтын не­месе мульт­фи­льм көретін баланы те­жеуге айла таппай, дәр­менсіздік та­нытамыз. Бұл теледидарға да қа­тыс­ты. Мәселені шешу үшін ба­лаға көз ауруының алдын алатын сақтық ша­расын үйреткен абзал. Мысалы, компьютердің алдында 30 минуттай отырғасын міндетті түрде көзді жұ­мып, 3 минуттай отыру немесе көзге 15 минуттық арнайы жаттығу жасау керек. Қазір ата-аналардың көпшілігі бала жұмысына кедергі болып, аяғы­на оралмасы үшін компьютерлік ойын қосып беруді әдетке айналдырған.

Баланың көзіне түсетін ауырлық­ты шек­теп, көбірек таза ауада болуын, ой­­науын, шынығуын қа­дағалау жөн.

1. Үйдің іші жарық болуы тиіс, күн сәу­лесі мол түсуіне жол ашып, те­резелердің әйнегін еш нәрсе кө­ле­гейлемеуі, таза болғаны жөн.
2. Бала үстелге отырып, жазу, сурет салумен айналысқанда жарықтың тек сол жағынан түскені дұрыс.

3. Компьютердің мониторы қол со­зым­дай қашықтықта тұруы тиіс, әрі монитор оның дәл ортасы көз­дің деңгейінен 15 см-дей төмен бо­латындай етіп орналастырылғаны жөн. Жарығы бәсеңдеу болуы тиіс. Монитор алар­да ақшаны үнемдеп, сапа­сы­зын алып жүрмеңіз. Арзан монитор көзге өте зиян болады.
4. Баланың үстел ба­сын­да отырған қал­пын қа­дағалаңыз. Арқасын тік ұстап, басын тұқырайтпай отыруы тиіс. Аяғының астына биіктетіп бір зат қою керек. Көзі мен үстел үсті арақашықтығы 33-35 см-дей болуы тиіс, ал кітап қараса немесе оқыса, оны арнайы кітап қойғышқа салып қойған жөн.
5. Теледидарға дейінгі қа­шықтық о­ның диа­гоналінен 5 есе алыс бо­луы тиіс.

Баламен үнемі терең қарым-қатынаста болу – тәрбиеге қойылатын, барлық ата-аналарға бірдей деңгейде ұсынылатын жан-жақты талаптар, қарым-қатынас баланы кез келген жаста тәрбиелеу қажет.

        Арадағы қарым-қатынасты сақтау баланың өмірінде болып жатқан өзгерістерге шын көңіл бөлуге, оның түкке тұрғысыз және балалық қылықтарына шын қызығушылық білдіруге, оны түсінуге, өсіп келе жатқан кішкентай адамның жан дүниесінде болып жатқан өзгерістерге бақылау жасауға негіз болады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ермағамбет Ә. Қазіргі кездегі түзете- дамыта оқыту жүйесінің өзектілігі туралы // Дефектология №1, 2008.

2. Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомагательной школе. М., 1994.

3. Ермағамбет Ә. Қазіргі кезрдегі түзете-дамыта оқыту жүйесінің өзектілігі туралы // Дефектология №1, 2008. -Б. 22-23.

4. Коррекционная педагогика 2007- № 1. -523 с.