Филологические
науки
Рымбек Жұлдыз Рымбекқызы
(қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
мұғалімі)
Қарағанды қаласы
№30 ЖББОМ, Қазақстан
Мақалада
қазақ және орыс (шетел) тілдеріндегі күрделі болып
табылатын сөз табы – етістіктің кейбір мәселелері
қарастырылады. Автор қазақ
және орыс, сондай-ақ ағылшын және неміс
тілдерінің материалында етістік санаттарының
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС (ШЕТЕЛ) ТІЛДЕРІНДЕГІ
ЕТІСТІКТІҢ
КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көне Римдегі тіл зерттеушілер етістікті латын
тілінің verbum
деген сөзімен атаған.
Ол «сөз» деген мағынаны білдіреді. Бұдан латын
грамматикасында етістікке ерекше мән берілгенін байқаймыз.
Қазақ тілінде сияқты орыс тілінде
де сөз таптары жүйесінде етістік ерекше орын алады.
Семантикалық сипаты жағынан ол процессуалды ұғымды атай
отырып, сөйлемдегі айтылатын ойдың «түп қазығы»
сияқты болып тұрады. Етістік сөйлемдегі қимыл-әрекетті
жай ғана емес, белгілі бір шақпен (уақытпен) байланыстыра
атайды.
Етістіктің синтаксистік қызметі де
өте көп әрі жан-жақты: ол баяндауыш ретінде
қолданылады да, сөйлемнің басқа мүшелерін
өз айналасына топтастырып, сөйлемнің грамматикалық
ұйтқысы болып тұрады.
Етістік – заттың
қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы.
Сөйлемде етістік баяндауыш қызметін атқарып, екі тілде де
мынадай категорияларға ие болады: рай – наклонение, шақ – категория времени, жақ –
категория лица, түр – категория
вида, етіс – категория залога [1, 102].
Етістік құрамына қарай екі тілде де негізгі
түбір етістік және туынды түбір етістік болып
бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол
негізгі етістік деп аталады.
Орыс тілінде префикстер жалғану арқылы мағыналары
әр түрлі етістіктер жасалынады, мысалы: писать - вписать, выписать, надписать, списать, приписать, пописать, подписать, переписать, исписать, дописать,
записать, описать, прописать, расписать.
Қазақ тілінде де адам
- ел - жұрт - халық - халайық, әдемі - көрікті -
көркем - кескінді дегендер
әр түрлі сөздер. Солай бола тұра, бұлар
мағыналары жақын, мағыналас сөздер, бірақ
дәл бірдей мағынада емес. Сондай ерекшелікті білдіріп
тұрған супплетивизм
құбылысы болып табылады.
Супплетивтік формалар ағылшын тілінде өте сирек кездеседі.
Ағылшын тілінде супплетивизмге мына формалар жатқызылады: be - am - іs - was, орыс
тіліне аударсақ: быть - я есть - он есть - был; go - went - идти - пошел; І - me
- я - мне т.б.
Неміс тілінде seіn етістігінің осы шақтық варианты bіn (іst, sіnd), өткен
шақтық варианты – war. Сонда seіn – bіn - war - супплетивтік формалар.
Ағылшын тілінде етістіктің шаққа бөлінуі
синтаксистік жолмен беріледі. Етістіктің шақ категориясы
көмекші етістіктер мен негізгі етістіктің есімше формасы
арқылы жасалады.
Көмекші етістіктердің саны да әр тілде әртүрлі.
Мысалы, қазақ тілінде 30-ға тарта болса, орыс тілінде 1,
неміс тілінде 3 көмекші етістік
бар, ағылшын тілінде 2 көмекші етістік бар: to be, to do.
Орыс және қазақ
тілінде етістіктер мағынасына қарай сабақты
және салт етістіктер болып 2-ге бөлінеді. Табыс
септіктегі сөзді, демек, тура
толықтауышты керек ететін осындай етістіктер сабақты етістіктер
деп аталады. Екі тілдегі салт етістіктер мағынасы
жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзбен емес, барыс, жатыс,
шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркеседі. Яғни
қимылдың иесіне ғана қатысты етістіктер
салт етістік болады: қаш, отыр, кел т.б. Ал қимыл иесіне емес, сол
қимыл жасалып жатқан затқа немесе құбылысқа
қатысты айтылатын етістік сабақты етістік болады: сал, айт, таны,
бер т.б.
Етістіктің
салт пен сабақтылық қасиеті – оның
семантикалық ерекшелігі, яғни сөз түрлендіру
жүйесі арқылы емес, түбірдің жалпы грамматикалық
мағынасы арқылы тура объектіні
талап ету-етпеуімен тікелей байланысты. Сонымен бірге салт, сабақты
етістік мәні етіс тұлғаларымен де байланысты болып келеді [2, 56].
Қазақ және орыс тілінде етістіктің ерекше
түрі бар. Ол тұйық рай. Семантикалық
жағынан қимыл, іс-әрекетті білдірмейді, соның аты,
атауы ретінде қолданылады да, грамматикалық сипаты жағынан
етістік тұлғаларына тән модальдық (рай) мағынаны
да, шақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістіктің құрамындағы -у жұрнағы
шығу тегі жағынан форма тудырушы, атап айтқанда,
тұйық етістіктер формасын тудырушы жұрнақ
болғанымен, синхрониялық тұрғыдан алғанда,
аталған сөздердің (жабу, көсеу, егеу, бөгеу,
бояу т.б.) құрамында сөз тудырушы жұрнақ
ретінде танылуға тиіс. Ал түзу (түзу жол), бітеу
(бітеу жара) дегендердегі -у жұрнағы,
тұйық етістіктің сын есімге айналуымен байланысты,
аталған сөздердің (түзу, бітеу)
құрамында сөз тудырушы (бұл жерде сын есім тудырушы)
жұрнақ ретінде танылады.
Орыс тілінде -ть, -ти суффикстері бойынша тұйық
етістіктерді ажыратуға болады: считать, белить, читать т.б.
Сонымен қатар орыс тілінде чь - мен аяқталатын
тұйық етістіктер де бар: помочь, стеречь, мочь, лечь, печь,
стричь т.б.
Мұндағы чьг немесе
к - ның І
суффиксімен қосылуы арқылы пайда болған (стерегти -
стереги - стеречь; берегти - береги - беречь; пекти - пеки – печь т.б. [3,
98].
Ағылшын
тілінде тұйық етістіктің (infinitive) негізгі белгісі “to” - демеулік шылауы. Мысалы: to
read - оқу, to play – ойнау, to write - жазу.
Қазақ
тілінде -у жалғауы жалғанған біраз етістіктер
тұйық етістік формасынан зат есімдерге айналған. Мысалы: жабу, егеу, көсеу, қашау,
бояу т.б. Бұлардың құрамындағы -у морфемасы о
баста форма тудырушы тұйық етістік формасы қосымша
болған. Қазір ол форма тудырушы емес, сөз тудырушы
жұрнақ ретінде танылып жүр. Ол тұйық етістіктің
жалғауы бола тұрып, кейінгі ғасырларда зат есім, сын есім
тудыратын жұрнақтарға айналған. Сондықтан
қазіргі кезде оны қазақ тілі оқулықтарында
«тұйық етістіктердің жұрнағы» деп атайды. Ал
ағылшын тілінде infinitive-тің көрсеткіші болып табылатын to-ді
түсіргенде, read - оқу
(учеба), play – ойын (игра), write – жазу (письмо) деген сияқты зат
есім сөздерге айналады.
Тілдердің бір
бірімен қарым-қатынасы, өзара әсері табиғи
құбылыс. Тілдердің өзара әсері екі түрлі
жолмен болады. Бұл бір жолы – тоғысу түрінде. Екінші жолы –
тілдік элементтердің енуі түрінде.
Тілдердің
тоғысуы процесінде субстрат, суперстрат, адстрат деп аталатын
құбылыстар пайда болады.
Субстараттың
нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке
дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Яғни, субстрат
дегеніміз – жеңілген тілдің жеңген тілдегі элементтері. Мысалы,
қазіргі Франция жерінде ертеде келт (галль) деген халық
тұрған. Оларды римдіктер жаулап алды да, ол халықтың
тілі жойылды. Бірақ қазіргі француз, испан тілдерінде сол
жойылған келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған.
Келт субстраты дегеніміз – француз, испан тілдеріндегі сол қалдық
элементтер. Суперстрат дегеніміз – керісінше: жеңген халықтың
жеңілген халық тіліне қалдырған ізі, әсері. Ал
адстрат дегеніміз – екі халықта да жарыса қатар өмір
сүретін тілдік элементтер. Тілдердің өзара әсері
нәтижесінде тілдік элементтер бір тілден екінші тілге ауыса береді.
Қорыта
келгенде, тілдер бір-біріне әсер етіп отырады. Бірақ олардың
әсер ету жолдары әр түрлі. Сондықтан әр
тілдің өзіндік заңдылықтары мен басқа тілдерден
ерекшеленетін тұстарына наза аударған жөн.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана
тілі. 1991. – 384 б.
2.
Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. – 784 б.
3.
Русская грамматика. – М: Наука, 1980.