Уразгалиева С.Б.
аға оқытушы, филология магистрі,
Хасенова Ж.У.
қазақ филологиясы мамандығының 4
курс студенті
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті,
Қазақстан, Қостанай қ.
ҚАЗАҚ, БАШҚҰРТ ТАРИХИ
ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ АҚБОЗАТ БЕЙНЕСІ
Башқұртстан мәдениеті
дәстүрлі ұлттық мәдениет арнасында
қалыптасты. Ежелден іргесі ажырамаған тұрмысында, тілінде,
салт-санасында ұқсастықтар көп қазақ пен
башқұрт туысқан халықтар болғандықтан,
Алтын Орда, Ноғай Ордасы кезеңдерінен қалған батырлар мен билер туралы
көптеген жыр-дастандар екі халыққа да ортақ. Ауыз
әдебиетінде ерекше жетілген жанр - қобайыр (қазақтың
толғауына жақын). “Ақбозат”, “Қозы Көрпеш - Баян
сұлу”, “Кусак бей”, “Кунгур бұқа” секілді эпикалық
жырлар башқұрт тарихының әр түрлі кезеңдерін
бейнелейді [2,13]. Тарихи жырлар, башқұрт әдебиетінің
көптеген нұсқалары ауызша айтылып, қолжазба түрінде
тараған. Ғасырлар бойы үзілмеген
қазақ-башқұрт қарым-қатынастары осы тарихи
жыр-аңыздар арқылы бір жолға қойылып,
туыстығымызды одан әрі дәлелдегендей болады.
Қазақ эпостарында қасиетті деп саналатын, батырларға
қолқанат болған Ақбозат бейнесі башқұрт
жырларында ерекше суреттеледі [1,22]. Ақбозат –
Башқұрттың Орал-батыр және Ақбозат атты
халықтық эпостарындағы қанатты ақ тұлпар.
Ежелгі башқұрт аңыздарындағы көзқараста
тұлпарлар адамдарға көлден келген деп есептеледі, ол
көл қазіргі заманға дейін «Йылкы сыккан куль» («жылқы
шыққан көл») деп аталады. Бұл көл Шульган-таш
үңгірінен (Капа үңгірі) үш километр
аралықта орналасқан, үңгірдің ішінде көне
палеолит кезеңінде тасқа қашалып салынған
жылқының суреті бар [2,46]. Мұстай Кәрімнің
«Ұзақ-ұзақ балалық шақ» кітабында:
– Анау көкжиекті көрдің бе?
– деп Қара Юмагул иегімен алысқа нұсқайды, - ол
көкжиектің ар жағында Орал деп аталатын биік-биік тау бар.
Сол таудың шыңында қара ну орман өседі, ол
орманның ішінде – дөңгеленген шалғын жер, сол
шалғында домаланған көл бар. Ол көлді айнала
қоршау үшін жетпіс құлаш та жетпейді, ал түбі
мүлдем көрінбейді. Ол көлде балық та, өзге тірі
жәндік те жоқ, тек бір ғана алтын жалды, күміс табанды
Ақбозат атты тұлпар бар. Ол тұлпар желмен бірге есіліп,
құс болып ұшады, ойлап жүргеніңді
жақындатады, өткен күніңді қайтарады, аңсап
жүргеніңді орындайды, адаммен адамша сөйлеседі,
құдаймен құпиясын айтып сырласады – міне ол сондай
тылсым тұлпар. Ең қысқа түні,
жаңғақ ағашы гүлдеген шақта, жөке
ағашынан бал тамып, аңқыған шөптер шырынға
толған сәтте, жалы шашырап, көл тұнығын
жаңғыртып Ақбозат пайда болады. Таң атып,
күннің көзі шыққанға дейін ешкімнен
сескенбей, тұлпар сол шалғында шөп отап жүреді. Егер де
оның мойнына жетпіс құлаш арқанды сала алсаң, ол
тұлпар сендік болады. Ондай іс тек күндіз жұлдызы
жарқыраған, түнде аңдарды аңдыған ер
жігіттің ғана қолынан келеді... – делінген [3,69].
«Орал-батыр» эпосында: Бұл тұлпар таңғажайып асыл
тектен шыққан, ол Күн-анадан туып, нұрлы аспан
бикешінің мінген тұлпары болып саналады. Орал-батыр көк
тәңірісі Ақбозатты Күн қызы Хұмайдан
сыйға алады: «Хұмай өзінің жарқын жүзін
көтеріп, Шүлгенге былай дейді:
- Менің анам сыйлаған
Ақбозат тұлпарым бар. Ол майданға шауып келіп, жерді
тұяғымен қаза бастайды. Егер де батыр болсаң – ол сені
өзі таниды. Егер де оны ерттей алсаң, ер-тоқымында
өз-өзіңді ұстай алсаң, егер де ердің
қасына қыстырылып тұрған болат қылышты алып
шыға алсаң, мен Ақбозатты саған сыйға тартамын,
әкемнен бізге той жасап беруін сұрап, сенің
сүйіктің боламын... Кенеттен жиылған жұрттың
арасында толқын өткендей болды – бұл барлық жұрт
сарайдан шыққан, Хұмай бастап келе жатқан салтанатты
шеруге қарағаны еді. Барлық адамдардан таңданған
дауыс үзіліп шықты – ханшайым үйлену тойға
араналған киімінде керемет сұлу еді. Мінекей ол шағын
атқазыққа келіп, қанат қаққандай,
қолын баяу ғана көтеріп, Ақбозатты шақыра бар
күшімен айқайлап жіберді. Аспан оған күркіреуімен жауап
берді, күннің өзі орнынан қозғалып, жер айнала
бастады. Аспаннан жұлдыз үзіліп кетіп, жалынды от болып жерге
қарай ұшып келе жатқандай болды – бұл барлығына
да қорқыныш үймелететін көк
тәңірісінің Ақбозат атты қанатты тұлпары
еді. Найзағай сөніп үлгермей-ақ ол жерге түсіп,
табанын тіреген сәтте жер қайтып бір сілкінді. Ақбозат
Хұмайға шауып келіп, басын еңкейткен күйі орнынан
қозғалмайды. Жиналған қауымның еріндерінен
қайтып таңқалған дауыс шығады. Бұрын
ешқашан көрмеген тұлпардың сұлулығына
сөз жоқ еді! Құлақтарын найзадай тігіп, тістерін
сарымсақтай ақситып, ақсұңқардай
көкірегін көтеріп, жіңішке, жеңіл аяқтарын
көтере биікке аттайды. Пырылдап, барлығын отты көзбен атып,
ауыздығын қаһармен шайнайды. Соғысқа
арналғандай ерттеліп, өзіне мінгізер адамды күтіп даяр
тұр, ал ерінің қасына қылыш – өткір қылыш,
жарқыраған қылыш ілінген. Мінекей қандай ол,
Ақбозат! Хұмай оны еркелете шоқтығынан сипап, мойнынан
құшақтады. Сұлу қыздың
саңқылдаған дауысы барлық майданға
сыңғырлаған жез қоңыраудай естілді:
- Ақбозатым менің, қанатты
тұлпарым менің! Сен аспанда жұлдыз іспеттес өмір
сүріп, өзіңді ерттей алар ер жігітті күттің. Адам
қаны ақпаған, шайтан қаны аққан
қаншама батырларды жерге құлаттың! Адамның
арасынан шыққан, мен таңдаған қаншама батырларды
аспаннан құлаттың. Өзіңе теңесер ешбір,
ешбір батырды таппадың, маған тең келер, менің
теңім болар ешбір, ешбір адамды таңдамадың. Бүгін мен
сені тағы сынаққа шақырып тұрмын. Сені,
сенің шешіміңді батырлар күтіп тұр. Сен кімді
таңдайсың, қалай таңдайсың?
Сұлулығына қарап таңдаймысың, батырлығына
қарап таңдаймысың? Өзіңе теңесер ер жігітті
таңдап, оны өз серігің қыл. Ол саған жолдас
болса, менің сүйгенім болады. Ақбозат басын көтеріп
алып, кісінеген мезетте оның дауысы айналаға күн
күркірегендей естілді:
- Бұлттарды жел айдап әкеліп,
жаңбырлы дауыл соққанда қаңбақ жыраға
тығылып, сұлу жігіт өз сұлулығын сақтау
үшін қорған іздей бастайды. Ал мен шауып келе жатқанда,
ауыр тастар жатқан жерінен мамықтай ұшып шығатындай жел
болады, су толқындары көтеріліп, барлық тіршілік атаулысын
жояды, балықтың өзі ол толқында жүзе алмайды, себебі
ол су секілді емес, тас қорған іспеттес болып кетеді. Мен
тұяғыммен жер ұрсам, Каф-таудың өзі
қамырдай езіліп, ұнға айналып кетеді. Тіршілік
атаулының бәрі жойылады, ешкім де тірі қалмайды...» [2,123].
«Орал-батыр» эпосындағы Ақбозат батырдың залым жауларға
қарсы күресте көмектесетін ерттеп мінер тұлпары
ғана емес. Ол жырда жеке кейіпкер ретінде ұсынылады, Орал-батырдан
ақылы мен күші кем емес, ғажайып күш иесі. Орал-батыр
күні-түні жер бетіне қаптап кеткен әзәзілдермен
күреседі. Ол шаршаған кезде Ақбозат оны ұрыстардан алып
шығып, күш жинаған соң Ақбозат қайта
ұрысқа аттандырады. Аңыз бойынша Орал-батырдың
өлімінен кейін, ол оның ұлы Иделге көмектесіп,
көл түбіндегі су астынан Оралға табын-табын жылқыларды
ертіп әкелген.
Қазақ, башқұрт жырларында жылқы бейнесі
ерекше суреттелген. Бұдан ежелден жылқылардың
қолға үйретіліп, адамдардың
жан серіктеріне айналғанын, адам өмірінде үлкен рөл
атқарғанын көреміз.
Әдебиеттер тізімі
1.Кенжебаев Б. Қазақ
әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973.
2.Харисов Ә. Башқұрт
халқының әдеби мұрасы. Уфа, 1965.
3.Мустай
К. Долгое-долгое детство. Уфа, 1998.