Қазақ тіліндегі идиомалық тіркестердің ағылшын тіліне берілу
жолдары
Сөз сөз тіркесіне
сөйлемге тірек болады. Сөз жеке бір
ұғымды,лексика-грамматикалық мағынаны
білдіреді.Сөйлем ойды жеткізудің және
қарым-қатынас жасаудың негізгі формасы ал сөз
болса,сөйлем құраудың материалы және ой құраудың
арқауы. Кез келген сөз бір-бірімен тіркесе алмайды. Сөздердің
өзара тіркесуі олардың мағыналық-грамматикалық
ерекшелігінен басталады.
Сөздердің тіркесуі екі
түрлі жолмен жасалады: біріншісі — тұрақты сөз тіркесі,
екіншісі — еркін сөз тіркесі. Идиомалық, фразалық
тіркестер тұрақты сөз
тіркестеріне жатады. Бұл мақалада қарастырылатын
тақырып фразеологизмдер. Фразеологизмдерге көптеген ғалымдар көңіл бөліп және
зерттеулер жүргізген. Солардың бірі орыс лингвисті, академик
В.В.Виноградов фразеологизмдерді үш топқа бөледі:
1. Фразеологиялық
бірліктердің білдіретін ұғымы тіркестің
құрамындағы сөздермен мағыналық
жағынан белгілі бір дәрежеде байланысты бейнелілігі,
әсерлілігі жоғары болады. Мысалы: аузына құм
құйылу, екі езуі екі құлағына жету, төбе
шашы тік тұру,
2.
Фразеологиялық тұтастық – тіркестің білдіретін
ұғымы құрамындағы сөздердің
мағыналарымен сәйкес келмейді. Мысалы: үріп ауызға
салғандай, қой аузынан шөп алмас.
3.
Фразеологиялық тізбектің білдіретін ұғымы
құрамындағы сөз мағыналарымен байланысты
болғанмен, бейнелілігі төмен болады. Мысалы: кеудесін көтеpy,
мойнына су кету, салы суға кету,ісі өрге жүзге
жүзбеу.
Бірақ, қазақ ғалымы Кеңесбаев
фразеологизмдерді фраза және идиома деп екі топқа бөледі.
Мұндағы идиома дегеніміз Виноградовтың фразеологиялық
тұтастық деген пікірімен сәйкес келсе, фраза
Виноградовтың фразеологиялық бірлік деген пікіріне сәйкес
келеді. Сонымен қатар Кеңесбаевтың ой тұжырымдамасы бойынша: фразеологиялық
тіркестердің варианттары өте жақын, іштей өзектесіп
жатады, айырмасы – тіркес жүйесіндегі бір немесе бірнеше компоненттері
өзге сөздермен алма-кезек ауысып жатуында. Мысалы: өш алу –
кек алу; тыныс алу – дем алу; ашуына тию – шамына тию, намысына тию, т.б. Ал
синонимдер арасында жалпы мағына жуықтығы болғанымен,
бірінде бар компонент екіншісінде ұшыраспайды. Яғни, синонимдес
фразеологизмдердің компоненттері еш уақытта екі рет
қайталанбайды. Мысалы: жаны тырнағының ұшына келу,
төбе шашы тік тұру, көзі алақандай болу, тұла
бойы түршігу .
Жалпы қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері
фразеологизмдер деп аталады, ал ағылшын тілінде фразеология немесе идиома
деп аталады.
Ағылшын тіліндегі идиомаларға келер болсақ, оның өзіндік
ерекшелігі бар. Мәселен: фразеологиялық тіркестер және
идиомалар ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде
көптеп қолданылады.
«He was brave and soft hearted» деген сөйлемді алсақ, бұл
жердегі soft hearted жұмсақ жүректі деп аударылады.
Жоғарыда айтылғандай әрбір тұрақты
тіркестің (идиоманың) сөйлемдегі мағынасына ерекше
мән беру керек. Аталған сөйлем «ол батыл және
қайырымды» деп аударылады.
Ағылшын тілінде әрбір
идиома сөз таптарымен бірге қосарланып келеді. Мысалы: idioms are
used with nouns, adjectives, verbs, prepositions және т.б. Егерде зат
есімдермен тіркесіп келетін тұрақты сөз тіркестеріне келетін
болсақ, ол екі немесе үш сөзден құралады.
Мысалы:
babes and sucklings –бейкүнә сәбілер
body and soul-жан мен
тән
heaven and
earth-жер мен көк
horse and cart-
ат арба
skin and bone-
құр сүйек
town and
country-қала мен дала
kith and
kin-туған-туыс,дос жаран
profit and loss-кіріс пен шығыс
Қорыта келе, фразеологизмдер әр елдің,
халықтың, ұлттың асыл қазынасы. Сол елдің тарихи көріністерінің бірі. Ата-баба
қазынасы болып табылытын фразеологизмдер халықтың,
бір-бірімен жалғасқан ұрпақтар арқасында міндетті
түрде сақталады. Тілде
фразеологизмдер сақталмай, ұрпақтан-ұрпаққа
жетпеген болса, халқымыздың
асыл туындылары болмаса, олар бүгінгі күнге дейін сақталып
жетпесе, жұртымыздың өткен өмірінен мақрұм
қалар едік. Фразеологизмдер тілдің байлығын арттыра
түсетін сөздік қордың көлемді бөлігін
құрап тұратын тілдік бірліктер.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. –712 б.
2. Баймахан Т., Байтелиева
А., Утешова Н. Английские пословицы и их эквиваленты в русском, казахском и
турецком языках. – Туркестан: Туран, 2010. –176 с.
3. Kuzmin S.S. Translating Russian idioms. – Moscow: Vysshaya shkola, 1977.
– 210 p.
4. Жалмаханов Ш.Ш. Қазақ
тілінің лексикологиясы және стилистикасы. Қарағанды: Болашақ, 2009. –129 б.
5. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі
грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1966.
6.
Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. – Москва: Высшая школа, 1996. – 381с.
7. Peter Watcyn-Jones. Test your idioms. – China:
Penguin English Guides, 2002. –133
p.