Абильдаев Н.А., Ысқақ Е.Н., Байниязова А.Т., Бектас Д.Б,

Акжигитов А.М.

Қоркыт ата атындағы ҚМУ, Қазақстан

Ұңғыма құрылысы жүргізілетін алаңда дайындық жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері

 

         Мұнай кен орындарын игеру дегеніміз – қабаттағы сұйық пен газдың өндіріс скважиналары түбіне қарай қазылу процесін басқару. Ол ұңғыманы орналастыру, олардың саны мен қатарын пайдалануға енгізу режимін сақтау арқылы жүргізілді.

Ұңғыма құрылысы деп барлық дайындау операцияларының басынан жабдықтың демонтажына дейінгі скважинаны құрастырудың бүкіл циклын айтады. Дайындау жұмыстарына алаңды жоспарлау, құнарлы қабатты топырақ бетін ысырып алу, тегістеу, бұрғы мұнарасы және басқа жабдықтардың астына фундамент құю, технологиялық коммуникациялар, электрлік және телефондық желілерді тарту, жүретін жолдарды төсеу жатады. Дайындау жұмыстары рельефпен, климаттық және географиялық аймақпен экологиялық жағдайымен анықталады.

 

C:\Users\Nurlan\Downloads\471359265.jpg

Сурет 1. Құрылыс алаңының жалпы көрінісі

 

М.А. Ахмеджановтың[2] айтуы бойынша тегістеу жұмыстары жүргізілген жерлерді бағалау  критериінің негізгісіне пайдаланушылық жер тегістеу жұмыстарының шығынын алуға болады. Тегістелетін жер учаскелерінің көлемі артқан сайын мобильді агрегаттардың өнімділігі артады, сонымен қатар бос жүрістер азаяды, жерді пайдалану коэффициенті K u l артады.

 

Жер тегістеу жұмыстарының негізгі түрлері

Құрылыстық жер тегістеу(жаңа жерлерді игеру)

Күрделі жер тегістеу

Пайдаланушылық жер тегістеу

Жыл сайынғы жер тегістеу 

Жер тегістегіш машиналардың жер тегістеу қабілеттері төмендегі жағдайлар арқылы бағаланады

Тегістеу коэффициенті бойынша

Кс=s1/s 2 ,  (1)

         мұндағы s1 ,s 2 – бірінші жүрістен кейінгі нақты орташа сызықтың орташа квадраттық ауытқуы.

Орташа квадраттық ауытқу бойынша,

si =     åh i 2 / n-1 , (2)

         мұндағы h i - орташа сызықтан ең жоғарғы белгінің ауытқуы; n – белгілердің жиынтығы.

Тегістелетін жердің дефектілеу коэффициенті бойынша,

К д = å½h½/ n ,   (3)

Жер тегістегіш машиналардың негізгі қолданылатын түрлеріне жалпы талдау жасалынды. 

Алдын ала жасалынған жоба мен геологиялы-техникалық құжаттар бойынша ұңғымаларды салу жұмыстары жүзеге асырылады.

Мұнай ұңғымалары орналасатын жерлердегі жердің құнарлы қабаттарын басқа жерге жылжыту, сонымен қатар жердің бетін тегістеу жұмыстарын жүргізу үшін қысқа базалы ДЗ-603 жер тегістегіш машиналарын пайдалану ұсынылып отыр. Бұл машиналардың басқалармен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар. 

Жер тегістеу машиналарына қойылатын негізгі талаптар жүргізілетін тегістеу жұмыстарының сапалы болуын қамтамасыз ету, топырақтың құнарлы қабатына тигізетін әсерін барынша азайту.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.       Ахмеджанов Т.К., Картабай А.Т., Ақашев Б.Т. Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы. Алматы: "Дәуір", 2001-464с

2.       Ахмеджанов М.А. Планировка орошаемых земель. Ташкент: Мехнат,  1991 -125с