Суйеншбаева К. Т., Есалиева А.Б. , Каратаев А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Шөлді
аймақтардағы жайылымдық жерлерден мал азығын дайындауды
күшейтудің ерекшеліктері
Жамбыл
облысының ауылшаруашылық жер қорының негізін
құрайтын Шу, Талас тұйық өзен бассейндері,
сонымен қатар оңтүстік Балхаш маңындағы жайылым
аумағы фермерлердің құрамына өте жоғары
ықпал етеді. Алғашқы уақытта бұл жерлерде шамамен
1700 шаруа қожалығы құралған, ал қазіргі
уақытта оның саны 16400 бірліктен асты. Қазіргі таңда
Мойынқұм ауданының фермерлік құрылымының
негізгі жайылымында 300 мыңнан астам мал басы орналасып, оның
көпшілік бөлігі солтүстік-шығыс аудандарына
қарайды. Мал шаруашылығының өнімі тұрақты
өсіп, ауыл экономикасының басымды құрылымы болып келеді.
Қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласындағы
экономикалық дамуы, облыс бойынша осы аймақтардың
өндірісі, ұдайы ұлғаю сатысына қосылды.
Өндірістік
қуатты күшейтіп, жайылым аумақтарының мал басын
көбейтіп, өсіру мақсаты үшін, тек қана мал
азығы ғана емес, сонымен қатар экологиялық-элеументтік
жағдайларын да қиындата түсті.
Балхаш
өңіріндегі мал жайылымының азығы қазіргі
уақытта 60-70%-ға төмендеп кетті. Мұндай жағдайда
мал шаруашылығына жаңа қосымша мал азықтық
көздерін жасау қажет. Құнарландырылған мал азығын
және шөпті тасып жеткізумен қатар, айналмалы жайылымды
енгізу, фитомелиорация жайылымдағы кіші жер суландыру
құралдарын пайдалану, суармалы жерден жем-шөп өндіруге,
және көгалдандырып суғару жұмыстарын ұйымдастыруға көңіл
бөлу қажет.
Қазақстанда
және басқа да Орталық Азия мемлекеттеріндегі ғылыми
тәжірибелік ұйымдары, шөлді жерлердің табиғи
климаттық жағдайларында да мал азықтық
дақылдардың жүгері, құмай, судан шөбі,
жоңышқа, картоп және тағы басқа да
дақылдардың жоғары өнімін өндіруге
болатындығын айқындаған. Шөлді аймақты
жағдайда, агротехникалық шарттарды сақтағанда, әр
суармалы жерлерден 6...8 мың мал азықтық бірлікті алуға
болады, яғни суарудың көмегімен табиғи
жағдайдағы өнімді 60...80 есеге көбейтеміз.
Протеинді
қорытуда мал азығын теңестіру үшін жергілікті суармалы
егістік жерлердің көлемі шамамен 35-50% көп жылдық
бұршақ тұқымдас шөптер егілген жерлерді
бөліп беру қажет. Бұл талаптарды қанағаттандыру үшін
көгалды жер телімдеріне егін себу кезінде дәндік арпаға
және пішенге 10-15%, дәндік жүгері 10-15%,
жоңышқаны пішенге 30-45%, сұлы қоспасын 10-15%
және судан шөбін пішенге 10-15% себілулері тиіс. Мал азығын
дайындауда шаруашылық ұйымдастыру талабын және
тұтынудың нақты мақсатын егістіктің
құрылымы әр қалай жағдай да ескеріп отыру
қажет.
Шөлді жерлердегі
көгалды егін шаруашылығының өнімділігін арттыратын
негізгі шешуші ролін атқарушы-су режимі болып табылады. Өсімдікті даму
кезеңінде өз уақытысында сумен қамтамасыз етіп отырса,
көгалды-суармалы жерлерден сенімді, тұрақты астық
өнімдерін алуға болады. Сонымен қатар,
өсімдіктердің сумен қажетінше жеткілікті қамтамасыз
етілуі, егістікте өндірілмейтін шығындардың
мүмкіндігінше азаюы, ауылшаруашылық дақылдарды суару
тәсілдерімен ылғалдандыру әдіс ережелерінің дұрыс
жолға қойылуында.
Ерекше
күші бар жағдайда (өте құрғақ
және ыстық климат, топырағы жеңіл, жер беті
суының болмауы, жолсыздық, елді мекендерден алшақ
орналасқан және сол сияқты) көгалдандырып суаруды
дамытып және оны енгізіп ұйымдастыру-техникалық тәсілдерін
игеруге ерекше талаптар қойылады.
Көгалдандырып
суарылған жер телімдеріне көбінесе-жоңышқа,
дәндік жүгері, судан шөбі, жаздық және
күздік дәндік азық дақылдары егіледі. Мал
шаруашылығымен айналысатын адамдардың қажеттілігі үшін
картоп, көкөністер мен азық-түлік дақылдары
егіледі.
Шөлді
аймақтардағы жергілікті суармалы жер телімдерінде, мал азығын
дайындауда белгілі бір күрделі және пайдалану шығындары талап
етеді. Жергілікті аймақтың шаруашылық-табиғи
жағдайына қарай орындалған есебі бойынша көрсеткендей,
өзіндік құны төмен мал азығын өте аз
шығынмен алуға болады.
Арыны
жоғары артезиан құдығы мен жер асты су қоры мол
жағдайында жергілікті суландыру аймақта жүздеген шаруа
қожалығын ұйымдастырып, суды пайдалану мен су көтергіш
осы заманға сай құралдарды пайдалану
әрекеттерімізге көзіміз
жеткендей, келешекте бұлардың сандары арта түсуі
мүмкін.
Қарастырылып
отырған аймақта көлемділігі кем емес және
дәстүрлі емес қор қуаты мен қазіргі
заманның техникалық базасымен, көптеген елдерге үлгі
болатындай қажептті жергілікті суландыруды ойдағыдай пайдалануға
болады. Балхаш маңындағы жайылымды аумақтарға пайда
келтіретін өзіндік құны өте төмен,
қуаттылығы 5...8 кВт болатын жел қуатымен айналатын
қондырғыларды қолдануды енгізуге болатыны белгілі.
Көгалдандырып суаруда дәстүрлі емес күштерін
айтпағанда сонымен қатар жанар-жағар май арқылы
қозғалатын агрегаттар арқылы суды көтеріп, мал
азығын дайындауда автокөлікпен тасығаннан гөрі
1,8...1,3 есе шығындарды азайтады.
Жер асты
суларын пайдалану негізінде жергілікті суармалы егін шаруашылығының
аумақтық ұйымдастыру жер телімі шөлейт және
жартылай шөлейтті жерлердің қуаттылық шамасы
көбінесе алқаптар сілемін игерудің ерекшеліктеріне немесе
басқа да аймақтарда болып дәстүрлі тіршілігіне
байланысты.
Бұл
аймақты суландырудың негізгі түйіні, кездескен барлық
факторлары өзара байланыс негізінде сақталуы қажет, соның
ішінде шаруа қожалықтарына ең қажетті болып саналатын
ауқымды мал азығын дайындап, топырақты суландыру және
аумақтық гидрогеологиялық параметрлері, егістік
жерлердің құрылымы, ауылшаруашылық
дақылдарының суару технологиясы, суару жүйесінің
құрылымы, су жинайтын құрылымның сұлбасы,
қуат күшімен қамтамасыз етудің сұлбасы, орманды
суландыру әдістемелерін қалыптастыру, көліктердің
қатынас жолдарының жүйелері жолға қойылуы тиіс.
Берілген
параметрлер, мал азығын дайындау көлемі болып табылады.
Шаруашылқта мал азығы жем-шөптің қажеттілігі, мал
басына және тәуліктік азық мөлшерінің
құрамына сәйкес анықталады, аумақтық агротехникалық
ұсыныстар мен қоректендіру тәжірибесі негізінде белгіленеді.
Тәртіп бойынша дайындалған мал азығының көлемін
анықтау, азықтың табиғи жағдайдағы
нақты есебіндегі азықтық баланстың жетіспеушілігі малды
қоректендіру уақытының созылуы, қыстық
кезеңнің ұзақтығы және малды күтіп
баптау жүйесі алынады.
Көгалды
жер телімдерінде егілген ауылшаруашылық мал азығы
дақылдарының өзіндік биологиялық ерекшелік күшіне
байланысты су қабылдау жағдайы әр-түрлі болады.
Бірақ барынша мол өнімділікпен қамтамасыз ету үшін,
тәртіп бойынша өсімдіктің өсіп өркендеу барысында
үздіксіз сумен қамтамасыз етіп отыру қажет. Шөлейтті
немесе жартылай шөлейтті жағдайларда өсімдік дақылдарын
ылғалдану тәртібі, тек суару арқылы іске асады, осыған
байланысты даму кезеңінің ұзақтығы мен мерзіміне
байланысты саны 5-тен 9-ға дейін, немесе оданда жоғары қарай
өзгеруі мүмкін. Шөлді аймақтардың
құмды және құмайтты жерлердегі
өсімдіктердің даму барысында топырақтың
жоғарғы қабаты әдеттегідей
құрғақ болады. Осыған байланысты суармалы
жерлеріндегі агротехникалық шаралардың ішінде келесі жылдық
егіндігі үшін күз айының соңында ылғалдандырып
тастау, егін себу алдында суару, өсімдіктің даму кезеңі
аралығында және басқа да арнайы суарулар болып табылады. Терең
тамырлы дақылдар жүйелерінің (жоңышқа, судан
шөбі, жүгері) ылғалдылығын қуаттандыру
үшін, суару мөлшері 800...1000 м3/га-ға дейін
жетеді, басқалар үшін 600...800 м3/га-ға шектелуге
болады. Ылғалды сақтау мен егін шығар алдындағы
суаруларды жаңбырлатып 200...400 м3/га мөлшерімен суару
қажет.
Ауылшаруашылық
дақылдарын жергілікті сумен қамтамасыз ету барысында уақыт
өте келе өсімдіктің дамуы мен қарқыны
пропорциалды түрде ауысып тұрады, сонымен қатар сыртқы
ортасының термикалық ережесі өзгереді. Егер даму
кезеңінің басында ылғалдылықтың тәулік
шығыны 20...40 м3/га тұратын болса, онда жаздық
уақыттарда жақсы дамыған жамылғы көріністе ол
60...90 м3/га-ға дейін өседі, ол даму
кезеңінің соңында ол 10...30 м3/га болады. Айта
кететін жайт, ауылшаруашылық дақылдарын дәстүрлі
суаруға қарағанда, жиынтық сумен көгалдандырып
суарған алқаптардың жағдайы, анағұрлым
жоғары.
Топографияның
көрсеткіштерінің берілгені бойынша жергілікті мал азығын
дайындауда, жер телімінің техникалық жоспары мен
топырақты-ылғалдандыру жағдайына қарай
таңдалған дақылдар түрлеріне байланысты және
суару әдісі мен технология элементтері анықталады.
Бұл
бағыттағы зерттеулер көрсеткендей, шөлейтті
жайылымның экологиялық-экономикалық жүйесі, категориясы
жоғары қиындатылған жүйеге жатады. Олардың
басқару іс-шараларының мақсаты мына төмендегіге жатады,
әр-түрлі жоспарлы шаралар жиынтығының
өзгешелігімен, экологиялық-экономикалық және
нақты элементтер жүйелерін жан-жақты қарастырылып
зерттелген негізге өңделеді.
Сондықтан
табиғатты ұтымды пайдалану мақсаты, жергілікті суарып мал
азығын дайындау жүйесінде болған зерттеу жұмыстарын
пайдалану барысында жүйелі түрде келіп, алдын ала анықталуы
қажет.
Мал
азығын дайындау мүмкіншілігін күшейту қорытындысын
бағалап, жергілікті суландыру жүйесін пайдалану негізінде,
негізделген шешім шығаруға мумкіншілік бере отырып,
суландырудың тиімді әдістерін енгізудің есебінен, мал
азығын дайындау және жергілікті су қорын пайдалануды
ұйымдастырып, шөлейтті аудандарда мал шаруашылық
өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсартуға
қол жеткізіп, жем-шөптің маусымдық жетіспеушілігін жою,
жайылымдық жайлау аумақтардың тиімділігін арттырып және
шөлейттену барысын тоқтату болып табылады.