ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АРНАЙЫ ДӘРІГЕРЛІК ТОПТАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ   ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Қамысбаева Д.Қ.,  Сарсенбай М.А.

Қазақстан, Тараз, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Химия-214-1,3

 

Өмірдің жалғасы, болашағы, келешегі біздің жас ұрпақтардың деңсаулығын сақтау өте үлкен мәселе. Әсіресе, мектеп кезінен бастап денсаулығы нашар балалар дене шынықтыру сабақтарынан босатылып, арнайы дәрігерлік топтарға арналған дене шынықтыру сабақтарына қатыса бермейді. Өкінішке орай, жастардың арасында да неше түрлі аурулар байқалуда. Оған себептер де көп. Өзімізді қоршаған ауаның ластануы, көліктердің көбеюі, теледидар, комьпютер, ұялы телефон  алдында бірнеше сағаттан отыруы, жастардың қимылының аздығы, әртүрлі ауру түрлерінің асқынуы таға басқалар. Осылардың бәрі жас ағзаның дамуын тежеп, әр түрлі ауруларға шалдығуына әсер етеді. Соның нәтижесінде әлжуаз, әлсіз, төзімсіз, нәзік балалар қазір көбейіп кетті. Ата-ана оған салғырт қарап, уақытында емдетпесе баспа, тұмау т.б. аурулар асқынып, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан сияқты ішкі ағзаларды зақымдайды. Соңда ғана дәрігерлерге жүгіріп, диспансерлік тізімге ілінеді. Міне, осыдан бастап мектепте, институтта олар арнайы медициналық топқа бөлініп, емдік дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысады. Сондықтан жаттығулар жиынтығы осындай, бойында ауруы бар немесе аурудың қалдығы бар балаларға, студенттерге тағайыналып, оны одан әрі асқындырмауға күш салады. Арнайы медициналық топқа дәрігердің нұсқауымен алынады. Барлық студенттерді денсаулығына байланысты негізгі, дайындық және арнайы деп аталатын үш топқа бөлінеді. Негізгі топқа денсаулығы жақсы, күш-қуаты жеткілікті балалар қабылданып, дене шынықтыру сабағына қатысып, спорттық секцияның біреуіне баруына болады. Дайындық топта сыртқы тұлғасы, күш-қуаты онша жетілмеген, дене шынықтыруға құштар емес, бойында кейбір аурулардың қалдығы бар, кейде ауруы жоқ балалар дайындалады. Денені жетілдіру үшін, күш қуатын асыру үшін қосымша сабақ өткізеді. Арнайы топ - бойында ауруы бар балалар. Олар уақытша не үнемі дәрігерлердің, оқытушылардың бақылауында болады. Жаттығуларды байқап, өте сақтықпен қолданады. Студенттерді осындай топқа бөлгенде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кімді қандай топқа жіберу тек дәрігердің жұмысы. Ол үшін онын, ой-өрісін, жалпы жетілуін, күш-қуатын - бәрін ескереді. Негізгі табан тірейтін дәлел - оның ауыруының түрінде, қандай аурумен ауырғаны. Мәселен, баспа (ангина) - ол тек тамақтағы бадамша безінің қабынуы. Бала уақытында емделіп, жазылып кетсе 10-15 күннен кейін сау балалармен бірақ дене шынықтыру сабағына белсене қатысып кетеді. Ал ол толық жазылмаса, оның уыты ағзаға жайылады. Міне, мұндай кезде денешынықтыру сабағына мүлде қатысуға болмайды. Осындай болымсыз аурулар індеттің көзі болып табылады. Сондықтан дәрігер не білікті оқытушылар егер баланың тісі ауырса (қанқұрт), гайморит (гаймор қуысының қабынуы), холецистит болса осы жағын ескерген жөн. Бұл аурулар онша қорқынышты емес, бірақ көпшілікпен бірге дайындалған бала ағзасы көтере алмай, бірден асқынып кетуі мүмкін. Әр топтың өзіндік мақсат, ерекшелігі бар. Олар дене дене тәрбиесімен айналысатын адамдардың мінез-құлқына, жетілуіне, күш-қуатына тікелей байланысты. Арнайы медициналық топтағы дене шынықтырудың міндеті:

- сана-сезімді, рухани қабілетті, қимыл-қозғалысты арттыру;

- функционалды кемшіліктерден құтылу, ағзаны шынықтыру;

- адам бойындағы ауруды асқындырумауға ықпал жасап, біртіндеп денені жұмысқа, оқуға қабілетін, іскерлігін арттыру;

- дене шынықтырудың барлық тәсілдерін оқу үстінде, үйде, далада қолданып, бойына сіңіру.  Мектепте, институтта арнайы дене шынықтыру сабақ ретінде өткізіледі. Оған қосымша ертеңгі гигиеналық гимнастика, өндірістік жаттығулар, туристік саяхат, серуен, спорттық шараларды қолданған дұрыс. Оқу орындарында әр курсты қосып, ауруларының ұқсастығына байланысты топтастырады. Мәселен, институтта студенттердің сабақ кестесі бойынша дене шынықтыру сабағы аптасына 2 рет өткізіледі. Арайы дәрігерлік топтармен оқытушы-нұсқаушы жұмыс істейді. Қолданылатын жаттығулар барлық мүшені жетілдіруге жеке тепе-тендік сақтауға арналған. Сондай-ақ дем алу, спорттық ойындар, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу күнделікті өмірде үлкен орын алу керек. Алғашқы кезде денені түзу ұстауға дағдыланады. Онан соң тыныс алуды қадағалайды. Мәселен, жүрек-тамыр және өкпесі ауыратындарға демді іште көп ұстап тұруға болмайды. Ал асқазан-құрсақ ауруына шалдыққандарға көк етті керуге, іштің бұлшық етін зорлауға, секіруге болмайды. Бұл көзі нашар көретін, бүйрегі ауыратын балаларға да қатысы бар. Жүйке жүйесі зақымданған балаларға айғай шу, денені зорлау керек емес. Керісінше көңіл-күйді көтеретін, жеңіл, өзіне белгілі, шамасы келетін жаттығулар дұрыс. Соның нәтижесінде оларда өз күшіне деген сенім пайда болады. Ол үшін жеңіл спорт ойындары, жүру, баяу жүгіру, бұлшық етті босаңсыту сияқты жаттығулар жасайды. Сабақтың негізгі бөлімі дененің бұлшық етін жетілдіруге және түзетуге арналады. Жаттығу әр студенттің науқасына лайықтап беріледі. Дененің тұлғасын, сымбатын қалпына келтіру үшін көңіл көтеретін әуен мен би өнерінен үзінділер алады. Студенттің әр қадамның түзу, дұрыс басуымен, басын, кеудесін тік ұстауы бақыланады. Ол адамды ширықтырып, жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Нәтижеге жету үшін кім де болсын қиынсынбай күнделікті өз-өзімен айналасуы керек. Бастапқы кезінде көпке белгілі, қарапайым жаттығулардан бастап, біртіндеп күрделендіреді. Үй жағдайына да, әркім білетін дене тәрбиесін жасаумен бірге серуенге шығу, шаңғы тебу, денені шынықтыруда күнделікті тіршілікке айналдыруы тиіс. Тек сонда ғана өсіп келе жатқан жас ағза өмірдің қиыншылығына төтеп бере алады. Әсіресе, жоғарғы оқу орнында  білім алып жатқан студенттердің болашақта жақсы білікті маман болып шығуы үшін де ең бірінші денсаулық керек. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстансаң, барлық қиындықты жеңе алатыныңа сенемін. Өз бойына жиналған күш-қуатын дұрыс үнемдей білу де үлкен жетістік.