Оспанова Э.Б.
Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп - гимназия, Тараз қаласы,
Қазақстан
ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ МЕН
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
АХУАЛЫ
Қазақстан
Республикасының экономикасының келешектегі дамуы көптеген
зерттеу жұмыстарына, оның ішінде географиялық ізденістерге
негізделетіні анық. Бүгінгі
таңда еліміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мен
табиғатты қорғау мәселесі ғылыми ізденістер негізінде
шешіліп жатқаны белгілі.
Ғаламдық масштабта
экологиялық жағдайлардың дағдарысты сипат алып отыруына
байланысты республиканың және оның жеке облыстарының
геоэкологиясын зерттеудің үлкен маңызы бар. Себебі
экологиялық жағдай республиканың әртүрлі
облысында түрліше сипат алып қалыптасып отыр.
Қазақстанның
жеке аймақтарының табиғаты, бізді қоршаған жалпы
табиғат сияқты, өзара тығыз байланыста болатын
және өзара әсерлескен табиғат компоненттерінен: жер
бедері, геологиялық құрылысы, ауасы мен суы, топырақ
және өсімдік жамылғысы, жануарлдар дүниесінен
тұрады. Табиғат комплексін көп жағдайда
табиғи-территориялық комплекс немесе табиғи ландшафт деп
атайды. Республиканың алабында дамыған
табиғи-территориялық комплекстер біріне бірі ұқсамайды.
Мысалы, солтүстіктегі Көкшетаудың табиғаты
оңтүстіктегі Мойынқұм шөліне немесе, Каспий
маңы ойпатының табиғаты шығыстағы Алтайдың
табиғатынан ерекше. Осы републиканың аумағындағы
табиғи-территориялық комплекстердің ерекшеліктері, айналып
келгенде оның территориясында ішкі физикалық-географиялық
айырмашылықтардың обьективті түрде болатындығын
көрсетеді [1].
Кез-келген
территорияның ішкі физико-географиялық жағдайы қандай
әртүрлі болса, оның экологиялық жағдайы да сондай
әртүрлі сипатта дамиды. Әрбір облыс жерінің геоэкологиялық
жағдайы сол жердің табиғат байлығын игеруге негізделіп
дамып отырған экономиканың салаларына байланысты. Табиғи-территориялық
комплекстер адамның шаруашылық әрекеттеріне
әрқалай дәрежеде төтеп береді. Басқаша
сөзбен айтқанда, табиғи ландшафтылардың сыртқы
әрекеттерге тұрақтылығы әрқалай.
Жамбыл облысы түгелдей дерлік зональды шөл
ландшафтылық зонасының алабында орналасқан. Бұдан
өлке жеріндегі табиғи жағдайлар онымен байланысты
дамыған экологиялық жағдайлар біртекті сипатты деуге
болмайды. Солтүстіктегі Бетпақдала шөлінің
геоэкологиялық жағдайы оңтүстіктегі Қырғыз
Алатауына, Мойынқұм шөліндегі жағдай Қаратаудағы
жағдайына ұқсамайды [2].
Сондықтан облыс
жеріндегі экологиялық жағдайдың дәрежесін, яғни
қаншалықты дағдарысты не шиеленісті, не қалыпты аса
үлкен өзгерістр болып жатқан жоқ деп бағалау актуальды
мәселе. Табиғи-территориялық
комплекстердің обьективтілігін танитын болсақ, Жамбыл облысы
территориясын геоэкологиялық аудандастырудың үлкен
ғылыми-практикалық маңызы бар.
Геоэкологиялық
аудандастыру проблемасына ХХ ғасырдың соңғы 20-30
жылының ішінде жер жерде экологиялық жағдайдың
шиеленісуіне байланысты назар аударыла бастады. Жер шарының
түкпір-түкпіріндегі экологиялық дағдарыс
ошақтарының қалыптасуы, оның себептері мен салдарына
деген зерттеулерді кеңінен жүргізілуіне
ұйытқы болуда [3].
Геоэкологиялық
аудандастыру дегеніміз – кез-келген территорияның экологиялық жағдайына
физико-географиялық аймағына, аймақтық деңгейінде
сараптама жасау. Геоэкологиялық
аудандастыру ғалымдардың пікірінше территорияның
физико-географиялық аудандастыру жүйесі негізінде
жүргізіледі. Сондықтан, әуелі физико-географиялық
аудандастырудың анықтамасына тоқталған жөн.
Геоэкологиялық аудандастыру
мәселесінде территорияның барлық табиғи
компоненттерінің ескерілуі тиіс екендігі белгілі болды. Сондықтан
Жамбыл облысындағы табиғи-территориялық комплекстерді
құрап тұрған өзара тығыз байланыста
және өзара тығыз әсерлесуде болатын табиғат
компонентеріне сараптама жасалады.
Өлке жер бедерінің басым
көпшілігін (90 %) жазық - платформалы рельеф типі алып жатса, ал 10
% - ке жуық жер бедерін таулы – орогенді рельеф типі алады. Жазық-платформалы
рельеф типі Еуразиядағы ірі деген Тұран
жазығының оңтүстік батысын қамтиды. Басқаша
сөзбен айтқанда, облыстағы Мойынқұм шөлі
мен Боздала жазығы Тұран ойпатының алабында дамыған
морфоструктуралар болып табылады.
Қаратау, Қырғыз Алатауы
мен Шу-Іле таулы жоталары, түгелдей дерлік, Солтүстік Тянь-Шань тау
жүйесіне жататын орографиялық құрылым дар. Батыста
бойлық бағытына жуық бағытта созылған
Қаратау (Бессаз, 2176 м) жотасы бірнеше орографиялық
бөліктерден: Үлкен және Кіші Қаратау, Боролдай
жоталарынан тұрады. Олардың арасын Леонтьев,
Теріс-Қошқарата және Билікөл депрессиялары бөліп
жатады. Қаратау жотасының бойында үш түрлі жер бедері
дамыған: денудациялық, эрозиялық және аккумулятивті.
Бірінші тобына аласа ұсақ шоқылар мен денудациялық
жазықтар жатады, екінші тобына – бұйратты-қырқалы аласа
таулар, ал үшіншісін – тау алдындағы еңкіш, аллювиальды-пролювиальды
жыныстардан тұратын, жазықтар құрайды.
Жазықтардың бойындағы төмен иілген қазан
шұңқырларда Билікөл, Ақкөл және
Ащыкөл, Тұзкөл т.б. көлдер дамыған.
Қаратаудың бойындағы қалдық жазықтарды
жергілікті халық «Көкжат» деп атайды.
Оңтүстікке қарай
бойласақ, Жамбыл облысының жеріне солтүстік – шығыс
бөлігімен еніп жатқан Талас Алатауына (3488 м) тірелеміз.
Билікөл
қазан-шұңқырынан оңтүстік – шығысында
Үлкен Бұрылтау жотасы (1138 м) көтеріледі.
Талас
өзені аңғарының шығысынан Қырғыз
Алатауы (4099 м) басталады. Өлке жеріне таудың солтүстік, яғни
теріскей беткейлері кіреді. Тау жотасы шығысқа жылжыған сайын
биіктейді. Мысалы, Мақпал шатқалында абс. биіктік 3006 м болса,
Шұңқыр шатқалында 3086 м, ал шығыстағы
Меркі өзенінің бастауында тау 4099 м көтеріледі [4].
Талас
өзенінің батысына қарай Қаратаумен екі арада
аккумулятивті Боздала жазығы дамыған. Жазықтың бедері Аса мен Талас
өзендерінің көптеген салаларымен қатты тілімделген.
Жамбыл облысы территориясының жер
бедерінің экологиялық салдарына қорытынды жасасақ
төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
- Облыс жерінің жер бедері
күрделі, оның 90 пайызын жазық- платформалы рельеф типі алып
жатса, 10 пайызын таулы-орогенді рельеф типі алады.
- Биік таулы бөлігі денудация алабы
болса, жазық Шу-Талас ойысы аккумуляциялық зона болдаы. Таулардан
құлап аққан өзендер тасымалдап әкелген
зиянды заттар осында шөктіріледі.
Облыс
жеріндегі таулардың барлығы да қайта жаңғырып
көтерілген жақпарлы-қатпарлы таулар болғандықтан,
жоталарында тегістелген жазықтар – пенеплен қалдықтары
қалып қойған. Олардың бедері тегіс, жерін жыртып, богарлы егістік
алқаптары ретінде пайдалануға мүмкіндік мол [5].
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Никаноров
А.М., Хоружая Т.А. Глобальная экология. – М.: Издательство ПРИОР, 2000 г.
2.
Реймерс
Н.Ф. Природопользование. Словарь-справочник. - М.: Мысль, 2000 г.
3.
Вронский
В.А. Прикладная экология. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2006г.
4.
Казаков
Л.К. Ландшафтоведение (природные и природно-анропогенные ландшафты). – М.:
Изд-во МНЭПУ, 2004г.
5.
Чигаркин
А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана. – Алматы: Қазақ университетi,
2003г.