ӘОЖ 631.42

 

ТАБИҒИ СУЛАРДЫ ЛАСТАУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ

 

К.У.Айтекова тех.ғ.к., доцент м.а

Б.Н.Сабыралиева магистр аға оқытушы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ

Ж.У.Айтекова

Айшабибі орта мектебі

 

Адамның табиғатпен өзара әрекеттсеуі мәңгілік және сонымен бір мезгілде заманауи мәселе, адамзаттың өзінің пайда болуы, өмір сүруі және болашағы табиғатпен байланысты. Адам табиғаттың элементі ретінде «табиғат - қоғам» атты күрделі жүйенің бір бөлігі болып табылады.

Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» деген ұғымға тұтас қоғамды емес, тек жекелеген адамдарды ғана қоршап тұрғандықтан, адам қолымен жасалған заттар кірмейді.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.

Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған жерасты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр.

Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын  пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз [1].

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.

Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – нан 1 млрд – қа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор калий жатады.

Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қолдық, мұнай және мұнай өнімдері).

Су қорларын пайдаланудың қазіргі уақытта қолайлы негізі үшін су- шаруашылығының теңгермесін құрайтын (СШТ) негізгі ғылыми оның ішінде гидрогеологиялық бөлімі қарастырылады. СШТ динамикасы үшін табиғи ортаның жеке компоненттері немесе экологиялық жүйе толығымен тығыз байланысты [2].

Су шаруашылығы теңгермесінің кіріс және шығыс бөлімін есептеуде су қорларының екінші пайда болуы негізгі ролді атқарады, су қорларын шаруашылықта пайдаланудың қорытындысын құрайтын сол сияқты және (суарудағы қайтымды су, өндірістегі су шығырымы және т.б.) жергілікті жердің физикалық-географиялық жағдайын ерекше зерттеуде («қарасу» су көзінің шығуы, өзен сағасынан жер асты суының шығуы және т.б.) ауыл шаруашылығының  қайта оралу аймағы, өндірістік елді мекен орындарында су қорларын пайдаланудың көбею дәрежесінің суды пайдалану жағдайы мен мүмкіндік туады.

Өкінішке орай, қазіргі нормативтік құжаттарда су қорларын пайдаланудың екіншілік есепке алу кепілдемесі жоқ және СШТ-ң нұсқауын құруға жеткілікті  көңіл бөлмеген.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады.

Судың жылулық ластануын да атап өтпеуге болмайды. Жылынған сулардың негізгі көзі жылу және атомдық электростанциялар болып табылады. Осы және басқа объектілерде суды салқындатқыш ретінде қолданады. Жылу электростанцияларында әрбір миллион киловатт энергияны алу.

1,5-2 км² суды жылыту арқылы жүреді. Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан өндірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ, жылы сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластануын туғызады.

Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су объектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде, айналымның бұзылуы нәтижесінде орын алады. Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің (әсіресе орманды және батпақты) қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.

Судың эвтрофикациясы депсудың биогенді элементтермен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация (гр. Тілінен аударғанда эу – жақсы, трофе – қоректену) – судың бай қоректенуі.

Эвтрофикация мысалында экологияның маңызды құбылыстары, тізбекті табиғи реакциялар, шектеулі факторлардың әсері, су және басқа жүйелік қағидаларды көруге болады.

Эвтрофикацияның нәтижесі – болдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін, оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын редуцент – ағзалардың санының артуына әкеледі.

Эвтрофикацияны табиғи және антропогенді факторлар туғызады.

Табиғи эвтрофикация баяу жүреді және су қоймасының маңызды грунт пен тау жыныстарының минералогиялық құрамына және химизміне байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында орналасқан су қоймалары эвтрофикацияға сирек ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты жағдайда, олай болса таза күйінде қалады. Мысалы: Байкал көлі.

Антропогенді эвтрофикацияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар жатады.

Эвтрофикацияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылық кешендері, жылытылған сулар, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады [3].

Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді. Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.

Жылына бір адамға 1,0 мың текше метр су ресурсы жұмсалатын елдер мен өңірлер – су ресурстары тапшы елдерге; 1,0 және 1,7 мың текше метр аралығындағылар – су жетіспейтін елдерге жатқызылады; ал 1,7 мың текше метрден жоғары көлемде су жұмсай алатын елдер жеткілікті су ресурстары бар елдер болып саналады.

Егер Еуропада су тапшылығы мәселесі жоқ болса, Орталық Азияда су тұтынуды азайту мәселесі аса күрделі сипатта тұр, өңірдегі су ресурстарының көлеміне әсер етіп отырған климаттың өзгеруі бұл проблеманың мүшкіл халін одан сайын қиындата түседі. Соңғы 50 жылда елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету 3,5 есе азайып кетті.

Сондықтан, өңірдегі су қауіпсіздігі мәселесі әлеуметтік қауіпсіздік мәселесіне айналуда, бұл өз кезегінде өңірде гуманитарлық апаттың өршуіне себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, су ресурстарын басқару міндеттерін күшейтуге стратегиялық қажеттілік пайда болады, бұл БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы конвенциясында расталып отыр, аталған құжат Үкіметтің иығына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету міндетін жүктейді [4,5].

Әлемдiк су ресурстарының дамуы туралы БҰҰ баяндамасында бұл дағдарыстың екi жағдайда орын алып отырғанына назар аударады. Бiрi  тұщы су қорларының барлық жерде теңдей бөлiнбеуiнен дейдi.

Гидрографиялық ерекшелігі, су ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың динамикалығы, елдің мемлекетаралық және халықаралық міндеттері экономиканың әрбір даму кезеңінде уақыттың өзгерісіне бірдей әсер ете алатын су шаруашылығы бойынша өкілетті орган Қазақстан Республикасының Су ресурстарын қорғауды және пайдалануды реттеу жөніндегі агенттігін құруын қажет етеді.

Суды қорғау - адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.

Суды қорғау аймақтары мен белдеулері - өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер.

Суды қорғау жөніндегі міндеттер - Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

Суды қорғаудың міндеттері - барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұқаұлы С, Үпішев Е. «Табиғатты пайдалану экономикасы». Оқу құралы – Алматы: Экономика 1999 ж.

2. Бродский А.К «Жалпы экологияның қысқаша курсы».Оқу құралы – Алматы: Ғылым 1997 ж.

3. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т «Экология» Оқулық – Алматы: Экономика 2002 ж.

4. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері». Оқулық  Алматы Республикалық баспа кабинеті 1995 ж.

5. Областная комплексная программа улучшения экологического состояния и охраны окружающей среды Жамбылской области на период  2010-2012 годы, 2013 – 2015 годы.