Қазақстанда
кәсіпорынның индустриялық - инновациялық
қызметінің тиімділігін жоғарлату
Тұрабаева М.Б.
(Теміртау
қ. Қарағанды Мемлекеттік
Индустриялық Университеті)
Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
жолдауында инновациялық технологияның дамуы керектігін бірнеше рет
айтып өтті. Онда «Таяудағы онжылдықта әлемнің
барлық мемлекеттері инновациялар бойынша үш топқа
бөлінетіні қазірдің өзінде анық. Біздің
бәріміз инновациялық шығармашылық әлеуеті
жоғары алғашқы топқа кіргіміз келеді». Егер біз
бүгінгі таңда жақсы жұмыс істей бастасақ, бірінші
топқа ене аламыз. Инновациялық дамудың ұзақ
мерзімдік тұтас стратегиясы болуы керек. 2030 жылға қарай
Қазақстанның инновациялық тұрғыда
жұмыс істеуші мемлекет ретінде нышандары болуы тиіс.
Қазіргі кезде
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікке жете
көңіл аударылмайды, сонымен қатар, ұлттық
инновациялық саясат барынша жетілдіруді талап етеді. Сондықтан
инновациялық қызметтің тиімділігін жоғарлату
бағыттары, Қазақстан экономикасы жағдайында
инновациялық кәсіпкерлік жүйесін жетілдіру жолдары осы бапта
ұсынылады.
Қазіргі
Қазақстан экономикасы нарықтық
қатынастардың қалыптасу үрдісінің жүруімен
сипатталады. Қазақстанның аймақтық дамуы тар ішкі
нарықпен, өндірілген өнімнің бәсеке
қабілетсіздігімен, ғылыми- инновациялық потенциалдың
төмендеуімен, тұрғындардың әлеуметтік
дифференциясының тереңдеуімен, байланыстырылған ішкі факторлардан,
сондай-ақ сыртқы факторлардан да, атап айтқанда,
қарым-қатынастардың тиімді нышандарының жетілмегенінен,
әлемдік бірлестіктің мемлекеттерімен инновациялық жобаларды
бірге іске асыруынан, нарық коньюктурасының тербелуінен тәуелді болады. Бұл заман талабы,
өйткені жахандану үрдісінен ешкім тыс қала алмайды.
Шаруашылық жүйесінде болсын, әлеуметтік салаларда болсын,
әлем елдерінің бір-бірімен бәсекелестігі күшейе
түседі. Ал енді осыған қабілеті мол елдер ұтады,
жоқтары ұтылады. Қай елдің болса да дүние жүзіндегі
орны, экономикасының төменділігі, әлеуметтік
жағдайының дұрыстығы бұлардың инновацияны
дұрыс қолдануымен байланысты.
Инновациялық экономика құру - ел келешегінің дамуындағы
ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың
бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты
қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге
айналды. Бизнес, ғылым мен білім және мемлекетаралық
қарым-қатынас механизмі бар ұлттық инновациялық
тиімді жүйе құрған жерлерде ғана жалпы ішкі
өнімнің ғылыми ауқымының аз ғана
уақытта айтарлықтай өсіміне қол жеткізуге болады.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғылыми-технологиялық
дамудың стратегиялық маңызды бағыттарындағы
зерттеу жұмыстары күрт қысқарды,
кәсіпорындардың инновациялық қарқыны
төмендеді. Үкімет ұлттық инновациялық
жүйенің 2015 жылға дейін дамуы мен қалыптасуы
жөніндегі бағдарламасын мақұлдады. [1]
Индустриялық-инновациялық стратегияны
енгізудің тиімді тәсілдерінің бірі – бұл бір аумақта орналасқан
және түпкі өнім өндіру шеңберінде өзара технологиялық
байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы
мен кооперациялануы осы салаға материалдық және
қаржылық ресурстар құйылуының қуатты
факторлары болып табылады. Экономиканы дамытудың мұндай
инновациялық тәсілі кластер принципін пайдалану негізінде
жүзеге асырылады және оның мақсаты интеграцияға
кіруші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату болып табылады.
Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім
көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және
бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан,
интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды.
Экономиканы дамытуды теңгерiлiмдiк негiзде,
аймақтың жалпы түсiмдегi жартылай шикiзат құрамын
кезең-кезеңге бөлiп, жоғары технологиялық өнiмге,
оның iшiнде экспорттық өнiмдерге ауыстыру және
өңірлік ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi тиiмдi
пайдалану арқылы экономиканы өсiру «Қазақстан–2030»
стратегиясының ең өзектi басымдылықтарының бiрi
болып табылады.[2]
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
аясындағы шикізат экспортын жандандыру және өңдеу өнеркәсібіне
кең ауқымды инвестиция тарту индустриалық-инновациялық
даму Стратегиясының маңызды міндеті болып табылады.
Өңір экономикасының сипаттамалық ерекшелiгi оның
технологиялық даму және инновациялық әлеуеттер салалары
деңгейлерiнiң өзара едәуір алшақтығы болып
отыр. Индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасы ғылым
мен техниканың үздік жетiстiктерiн пайдалану негізінде экономика
салаларын әртараптандыру арқылы және дамудың
шикiзаттық бағытынан шегiну арқылы облыстың
ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуына бiрегей
аймақтық саясат жүргiзуге және
қалыптастыруға бағытталған.
Өңірлік Бағдарламаның негiзгi
мақсаты өнеркәсiп орындарының импорт алмастыратын
және бәсекеге лайық өнiмдерiн өндiру тиiмдiлiгiн
көтеру мен тұрақтандыру және облыстың индустриялық-инновациялық
әрi қарай дамуы үшiн жағдай жасау болып табылады. [1]
Осыған орай ғылыми-техникалық потенциал
кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі
саласы. Барлық дамыған елдер тəжірибесі көрсеткендей,
экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы –
ғылыми-техникалық жəне инновациялық салада лидер болу.
Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың
құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық
прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап,
ұлттық экономиканың тиімділігі мен бəсекеге
қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл
дүние жүзіндегі кəсіпкерлер инновацияларды тиімді
басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл
бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық
жəне инновациялық саясат ғылыми – техникалық
жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру
жағдайларын сапалы түрде жақсартуға
бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен
шаруашылығының негізгі мақсаты. Қазір
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық
зерттеулері мен инновациялық саясаты кризистік жағдайда.
Бірақ сол қиындықтарға қармастан
Қазақстан кəсіпкерлері шетел жаңалықтары мен
ғылыми- техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды
жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіліп келеді.
Əрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық
деңгейде көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол
ғылыми- техникалық жетістіктердің көбісі тек біз
үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі
күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен
техникасын игерумен қатар өз ұлттық Ғылыми-
техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап,
отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін
өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек. Негізінен
инновациялық қызмет жаңа шаруашылық
аймақтық құрылымдарды (технопарктерді, бизнес
инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды,
венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын
құрылған шаруашылық субъектілер арасындағы
өзара байланыстарды трансформациялауға, бақару
технологияларын дамытуға көмектеседі.
Қорыта келе инновациялық процесстерге бет
бұру дегеніміз – бұрынғы даму жолдарын өзгерту,
қоғамның барлық саласының даму динамикасын
жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул
беру мақсатында жұмыс істеу. Инновациялық жобаны іске асыру
үшін ең алдымен жобаның түрлері мен әдістері
анықталуы тиіс. Инновациялық саясаттың басты мақсаты –
отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын
қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын
көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
2.Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы