Экономические науки/10. Экономика предприятия
к.э.н., Дузелбаева
Г.Б., к.э.н. Муханова А.Е., магистрант Басыгараев Н.
Кызылординский
государственный университет им. Коркыт-Ата
Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру шаралары
Тәуекелділік жағдайында шешімдер
қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен
тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне,
қойылған мақсаттарға
жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді
басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында
басшылыққа алынатын негізгі принциптер орнатылған.
Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерін мүмкіндігінше
тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін
көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.
Тәуекелдерді
талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау
қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып
сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден
қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау,
тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер
бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды
айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және
т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері
қолданылады[1].
Тәуекелді
төмендету – тәуекелді жағдайдың болу
ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар
көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау
кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын
шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал
көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты
меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.
Тәуекелді басқару
жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды
басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше –
тәуекелді басқару бөлімшесін құруды
қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді
басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы
бағдарламасын жасауы керек. Кәсіпорын деңгейінде мұндай
бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен
құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы
тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары
тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді
басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын
қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді
және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды
тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді
басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты
қаржылық жоғалтуларды төмендетуге
бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық
қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс[2].
Кәсіпорынның
тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы
қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр
топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек:
ең алдымен - антитәуекелділік
басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды
басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша,
өндіріс бойынша маман.
Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару
мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді
төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық
жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды,
антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер
қабылдайды.
Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу
кәсіпорынның негізгі өндірісітік және басқарушылық бөлімшелерінің
қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне
жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс
әкелмейтін шығыстарды талап етеді.
Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы
шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең
жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты
иеленеді.
Қаржылық тәуекелмен
байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде
қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі
үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- қаржылық
тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;
- фирма белгілі бір
тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша
өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге
беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;
- негізгі мақсаты
мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын
тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет[3].
Бұл міндеттерді тәуекелді басқару
бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау
негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді
басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық
қажетті ақпараттар болуы тиіс.
Тәуекелді басқару бойынша мақсатты
шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың
мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында
сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық тәуекелмен байланысты
қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу
мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін
тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей
алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.
Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді
басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы
бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары
анықталады.
Қаржылық тәуекелді басқару
принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін
басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.
Менеджер тәуекелді басқару бойынша
мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге
алатын принциптер
кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын
өзінің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс
негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық
тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін
таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы
компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға
шығаруға бағытталу принципі болып табылады.
Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді
басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы
тиіс: фирма қызметін сыртқы
орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген
кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің
талаптарына сәйкес келу.
Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері келесілер: міндеттемелерді орындамау,
төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу
мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық
дәстүрлі байланыстардың бұзылуы.
Ішкі белгілері: өндірістің
тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі,
жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен
кредиторлық қарыздың жоғары үлесі,
қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен
көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде
қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің
жоғарылылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Лапуста М.Г.,
Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности. – М.: Финансы и
статистика, 1998.
2.Станиславчик Е. Н. Риск-менеджмент на предприятии. Теория и практика. М.: «Ось-89», 2002. – 80 с.
3.Чернова Г. В. Практика управления рисками на уровне предприятия. – СПб: Питер, 2000. – 176с