Талапбаева Гульнар Едиловна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
«Экономика және менеджмент»
кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к
Нұрыллақызы Диана
«Экономика»
мамандығының 1 курс магистранты
Әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқарудағы
аймақтардың рөлi
Мемлекеттiң даму
барысында аймақтардың және олардың билiк ететiн
органдарының рөлi арта түсуi жергiлiктi тар мағынада
қалып қоймай, дүниежүзiлiк тенденция ретiнде
ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер
етедi:
- өмiрдiң
әлеуметтiк жағы және адам факторының басым рөл
атқаруы;
- аймақтардың
өзара байланыстары едәуiр ұлғаюы;
- еңбек ресурстары
жылжымалығының күшейе түсуi;
- аймақтардың
өндiрiс құрылымы мен инфрақұрылымының
күрделене түсуi;
- территориялық
еңбек бөлiнiсi әрi оның тереңдей түсуi мен
халықаралық маңызының артуы үдейедi.
Бұл тенденцияның
дамуы, бiрiншiден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару
функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру, екiншiден,
мемлекеттiк территориялық басқарумен жергiлiктi
өзiн-өзi басқарудың ең жақсы
үйлесiмiн көздейдi.
Бұл жағдай
Қазақстанға да тән, себебi мемлекеттiк
тәуелсiздiк құру экономикалық дамыған
аймақтарсыз, кеңейтiлген әлеуметтiк
инфрақұрылымсыз мүмкiн емес.
Егемендi мемлекеттiң
аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажеттi
заңдылық. Осы саясаттың негiзгi көрсеткiшi болып
өндiрiушiлер мен тұтынушылардың экономикалық
бостандығы мен шығармашылық iскерлiгi есептеледi. Тауар
өндiрушi түбiнде тек тұтынушы алдында ғана
экономикалық жауаптымын деп есептеуi керек. Аймақтар мен
шаруашылық бiрлiктерiнiң өзiн-өзi дамытудың
мiндеттi түрдегi жағдайлары мыналар болып есептеледi:
өзiн-өзi басқару, серiктiк қалаудағы
бостандық, өндiрiс-құрал-жабдықтар рыногы,
валюталық қаражат және басқа элементтер. Сонымен
қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың
және облыстардың ерекшелiктерiнiң барлық түрлерiн
барынша қамтуы тиiс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдiк
тәрiздi әсер етiп, ол ұлттық өндiрiстiң
тарихи құндылықтарын күйзелтуi мүмкiн. Ал
аймақтық қағидаларды және экономикадағы
ұлттық ерекшелiктердi тоталитарлық жүйе тұсында
елемеу күрделi зиян келтiрдi.
Әрбiр мемлекетте екi
түрлi территориялық құрылымдар бар. Олар
ұлттық деңгейден төмен. Бiрiншiсi, аралық
территориялық құрылымдар және соған сәйкес,
билiк ететiн органдар мен басқару. Екiншiсi, ең төменгi
әкiмшiлiк-территориялық құрылымдар және
жергiлiктi басқару органдары. Аралық басқару органдарды
сипаттайтын негiзгi белгi – дербестiк өмiр сүру мүмкiндiгi.
Оның шарты: өзiне қарасты автономдық бюджет және
территориялық бөлiмдерге әкiмшiлiк бақылау
жүргiзу.
Сонымен, аралық орган
дегенiмiз – аймақтарды, облыстарды басқаратын органдар. Олар
өз қызметтерiн өз территориясында мейлiнше тәуелсiздiк
қағидалар негiзiнде жүргiзуге тырысады.
Жергiлiктi билiк
жүргiзетiн орган – ол төменгi әкiмшiлiк органдар. Олар
өз қызметтерiн қалалық болмаса, селолық
аудандарда iске асырады.
Аралық және
жергiлiктi билiк органдарды қаражаттандырудың негiзгi үш
кiрiс көзi бар: салықтар – мемлекетке мiндеттi түрде
қайтарылмайтын төлемдер, салықтық емес табыстар –
басқа да барлық табыстар(әр түрлi
жәрдемдер, заимдар, т.б.); субсидиялар – пайызсыз
берiлетiн ақшалай жәрдемнiң түрi.
Жаңа кезеңде
әлеуметтiк-экономикалық дамуда аймақтық басқару
саласы онан әрi өрiс алып, ерекше әсер етуi күмән
келтiрмейдi.
Аймақтық рынокты
объект ретiнде екi жағынан қарауға болады. Бiрiншi
жағынан, ол елдiң халық шаруашылық рыногының
ажыратылмайтын бөлiгi, екiншi жағынан, дербестiк жүйе. Аймақтық
рыноктың екi жақтығы әуелi аймақтың
өз iшiндегi субъектiлерде нарықтық
қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы бiлiнедi, сонан
кейiн, аймақ шеңберiнен тыс шаруашылық субъектiлердiң
жалпы ұлттық болмаса дүние жүзiлiк рынокпен
ұштасуымен көрiнедi.
Оған көп
себептердiң бiрi – рыноктық факторлардың аймақтық
саралануы. Материалдық элементтер, ұйымдық
құрылымдар, өндiрiстiң әртүрлi реттеуiштерi
аймақтарда бiрдей емес, олар әртүрлi болады. Бұнымен
қатар айта кететiн бiр фактор өндiрiс күштерiнiң
аймақтарда әртүрлi орналастырылуы мен дамуы.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Афанасьева
В.Я. «Механизмы управления развитием региона» // Москва: «ЛУЧ», 2001, с.17-21
2
Смағұлова Г. С. «Аймақтық экономиканы басқару
мәселелері» Оқу құралы // Алматы: Экономика, 2005,
5-21б.
3 Айтаханов
Е. «Региональная политика: основные ориентиры реализации в РК» // Саясат –
2004, № 4, с.56-58
4 Баяндин М.
«Проблемы управления
социально-экономическим развитием регионов» // Поиск – 2001, № 4-5,
с.120-123