ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ

 

Кудабаева Л.А.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 жылы  14 қарашада құрылған. Жерінің аумағы  144,3 мың шаршы шақырым, тұрғындарының саны  1042884 адам (2013 ж.). Батысында Оңтүстік Қазақстан, солтүстігінде Қарағанды, Шығысында Алматы облыстарымен, Оңтүстігінде Қырғыстан Республикасымен шектеседі. Облыс аумағындағы 383 елді мекен 10 әкімшілік ауданға, 4 қалаға, 13 кенттік және 82 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген (1999 ж.). Орталығы Тараз қаласы.    

            Облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, кіріс туризімін дамытуға өте қолайлы, табиғи ресурстарға бай өлке. Бұлар: бос алқаптар, алқаптағы көлдер, Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, биіктігі орташа Қырғыз тауының, жоғарғы биіктіктегі Талас, Алатау беткейлері. Осы уақытқа дейін ешкім тимеген табиғи орындары, сонымен қатар 4 (төрт) қорғауға алынған жерлері бар. Солардың бір тобы — Жуалы ауданындағы Берікқара кешені, Андасаи мемлекеттік табиғи аймағы, Қарақоңыз мемлекеттік табиғи аймағы, Жусандала мемлекеттік табиғи аймағы. Табиғи ресурстарды туристік бағытта қолдану, тұрғылықты халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы жоғары нәтижелі туристік инфрақұрылымды құруға мүмкіндіктер туғызады.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көп. Бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық. ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді. Ол жерлерде облыс тұрғындарына, қажетті таза ауа бар және де табиғаттың сұлу көрінісін тамашалауға болады. «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы, «Балқаш» және «Билікөл» көлдері өздерінің бай табиғаттары бар болғанымен қазіргі заман талабына сай демалыс орталықтары жоқ. Сонымен қатар, облыстың тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке екенін және оның табиғатының ерекшеліктерін ескере отырып, облыс көлемінде туризмнің өлкетанушылық, экологиялық, этнотуризм және альпинистік туризм бағыттарын дамытуға болады.

Туризмнің дамуы көліктік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Бұның басты факторы тасымалдау көлемінің ұлғаюы және ішкі туризм саласының дамуы. Ұлттық тасымалдаушы ретінде «Қазақстан темір жолы» қолдау көрсету арқылы 2000 жылдан бастап, алғашқы қадамын жасап, арнайы пойыз «Жібек жолы» бағытын ұйымдастырды. Олар —Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыттары.

Жамбыл облысы әкімшілігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің алдында облысымыздағы туризм саласын дамыту бойынша шешілуін қажет ететн біраз мәселелер тұр. Мысалы, облыс аумағында туристік орындарда жол жағдайы нашар, кей жерлерде мүлдем жолдың жоқтығы алаңдатады. Туристік орталық «Берікқара» және «Көксай» шатқалы Жуалы ауданында «Мақпал», «Шал су» шатқалдары, Т. Рысқұлов ауданында А. Марғұлан атындағы археологиялық институт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Байзақ ауданында «Ақыртас» ежелгі қалашығының орнында қазба жұмыстарын жүргізбекші. [1]

Облыста сыртқы және ішкі туризм түрлерімен айналысатын 19 туристік фирмалар бар. Облыс бойынша  туристік объектілер саны едәуір өсті: 27 қонақүй, 5 шипажай, 7 демалыс орны, 9 балалар сауықтыру лагерлері, туризмді ұйымдастырушы 2 экологиялық клуб және 3 қоғамдық бірлестіктер бар.

Туризм инфрақұрылымдарын дамыту және өңірлік жоғары дамыған туристік индустрия құру мақсатында, сондай-ақ оны молтабысты экономика секторына айналдыру үшін үш үлкен инвестициялық жобалар әзірленген. Олар: «Көксай» тау шаңғы базасы, «Киіз үй отелі» және «Тау самалы» туристік кешендері.

Жамбыл облысы туристерді бірден-бір қызықтыра алатын, туристік көне ескерткіштері мол, туризмді дамытуға үлкен мүмкіндіктері  бар өлке. Өңірде туристік ұйымдар жылдан жылға өсуде, жарнамалық-ақпараттық өнімдер сапасы артуда.

Қазіргі таңда облыстағы барлық туризм  түрлері ұсынылған. Облыста туристік калстерді дамытуға экологиялық, тарихи-танымдық, сондай-ақ экстремалды туризм түрлері сияқты басымды бағыттары анықталған.

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда «Ұлы Жібек жолы» атты халықаралық туристік жобаның белсенді мүшесі болып табылады. Жоғарыда аталып кеткендей, Қазақстан аймағынан керуеннің солтүстік тармағы өткен. Сол кезеңдегі негізгі қалалар- Отырар, Тараз, Түркістан, Испиджаб қалалары болып саналады.Қазіргі кездегі Қазақстандағы Жібек жолымен байланысты аймақтарға Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстары жатады. [2]

Сонымен туристік индустрияның инфрақұрылымы Жамбыл облысында әліде болса жетілдіруді қажет етеді. Еліміздің үкіметі және жергілікті орындаушы органдар оның дамуына қосымша қаржы салуы қажет.

 

Әдебиеттер:

1. О Государственной программе развития туризма в Республике Казахстан на 2001-2005 годы: указ Президента Республики Казахстан // Казахстанская правда - 2001. - №5

2. О Государственной программе Республики Казахстан "Возрождение исторических центров Шелкового пути, сохранение и преемственное развитие культурного наследия тюркоязычных государств, создание инфраструктуры туризма": указ Президента Республики Казахстан: [принят  27 февраля 1998 г. N 3859] // Казахстанская правда - 2007. - №1