Экономические науки/ 9. Экономика
промышленности.
к.э.н., Муханова А.Е. магистрант Балтабаева А.Д.
Кызылординский государственный
университет им. Коркыт-Ата
Құрылыс саласының қазіргі
жағдайы мен даму бағыттары
Құрылыс саласын
онан әрі дамыту бағытында облыс көлемінде төмендегідей
шараларды жүзеге асыру белгіленген;
- Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі
және Жаңақорған аудандарында күйдірілген
қыш өндіруші зауыттар салу;
- Қазалы
ауданындағы кірпіш және темір-бетон бұйымдарын өндіруші
зауытты өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында
техникалық толық қайта жарақтандыру;
- облыс көлемінде
2010-2014 жылдарда іске асырылуы тиіс құрылыс материалдарын
өндіру бойынша инвестициялық жобалардың толық
жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында кең
ауқымды жұмыстар жүргізу.
Өткен жылы
құрылысқа 8,5 млрд. теңге салынса, ол
алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоғарылаған.
Бұл мерзімде 252 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілген. Осылайша баспанаға қолы жетпей жүрген жүздеген
адам қоныс тойын тойлады.
Өнеркәсіп саласында 774,9
млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу
өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны
байқалып, 2014 жылмен салыстырғанда 48,6 пайызға артып отыр. Негізгі капиталға салынған
инвестиция көлемі 251,3 млрд.теңгені құрады немесе 2014
жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға артып отыр. Құрылыс
жұмыстарының көлемі 0,3 пайызға артып отыр. 251,8
мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Қазақстанның индустрияландыру картасына облыстан
құны 45 млрд.теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба
енгізілді, атап айтқанда республикалық картаға – 27,6
млрд.теңгенің 3 жобасы, аймақтық картаға – 18,2
млрд.теңгенің 10 жобасы[1].
Аяқталмаған
күрделi құрылыстарға түгендеу жұмыстары
жүргізілмеген, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы
жағдаймен аяқталмаған және аяқталған,
бiрақ пайдалануға берiлмеген құрылыс және
қайта салынған объектiлер бойынша 18 млрд. теңге шығындары 203 қосалқы
шоты бойынша бухгалтерлік есепке алынбаған және келесi
жылдардың баланстарына көшiрiлмей келеді.
Аталған қаражат аудандар мен
Қызылорда қаласы бюджеттеріне бөлін-генмен, республикалық бюджеттен бөлінген
нысаналы даму трансферттерін пайдалану нәтижелері туралы
облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен аудандар мен
Қызылорда қаласы әкімдері арасында Келісім жасалмаған.
Яғни, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
46-бабының талаптары бұзылып отыр.
«Бизнестің жол
картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық
инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері
есебінен республикалық бюджеттен қаңтар
айында 637390,0 мың теңге,
қараша айында қосымша 300 000,0 мың теңге,
барлығы 937390,0 мың теңге бөлінген[2].
Өткен
жылы құрылысқа 8,5 млрд. теңге салынса, ол
алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоғарылаған.
Бұл мерзімде 252 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілген. Осылайша баспанаға қолы жетпей жүрген
жүздеген адам қоныс тойын тойлады. Құрылысқа
қарқын берген Қызылорда еліміз аймақтары арасында
алғашқы үштіктен көрінді. Биылғы ел
Тәуелсіздігінің 20 жылдығында облыс құрылысшыларының
тартуы сүбелі болмақ. Аймақта ауылдағы спорт
алаңдарынан бастап ірі әлеуметтік-өндірістік нысандарды
қоса есептегенде 400-ге тарта нысан құрылыстары
жүргізілуде. Осыдан саланың ауқымын байқай
беріңіз. Ал, алғашқы жартыжылдықта 91 мың шаршы
метр тұрғын үй алаңы іске қосылды, бұл
өткен мерзімнен 18 пайызға артық. Бір ғана
тұрғын үй құрылысын салуға республикалық
және облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінген.
Негізгі
капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру
көздері негізінен меншік
қаражаттары есебінен жүзеге асырылуда. 2014 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар
оның ішінде меншік қаражаттары 2013 жылмен салыстырғанда
19338 млн. теңгеге 43%-ға кеміген. Ал сыртттан тартылған
қаражаттар есебі 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге
артқан. Банктік кредиттер көлемі де 2013 жылы 1324 млн.
теңгені құраса, 2012 жылы 1336 млн. теңгені
құрап, 12 млн. теңгеге көбейген. Бұдан
басқа да шет елдік қаражаттар көлемі 2014 жылы 2012 жылмен
салыстырғанда 12,9 есеге артып отыр.
Соымен қатар, бюджеттік қаражат есебіне қаржыландыру жұмыстары да 37
%-ға жоғарылаған.
Аймақта
құрылыс саласының қарқынды дамуына
соңғы 2-3 жылдың бедерінде іргелі негіз
қаланғанын байқаймыз. Өткен жылы
құрылысқа 8,5 млрд. теңге салынса, ол
алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоғарылаған.
Бұл мерзімде 252 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілген. Осылайша баспанаға қолы жетпей жүрген
жүздеген адам қоныс тойын тойлады. Құрылысқа
қарқын берген Қызылорда еліміз аймақтары арасында
алғашқы үштіктен көрінді. Енді облыстағы
қаржыны ең көп қажет ететін құрылыс
қызметінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына
тоқталатын болсақ (Кесте 1)
Кесте1
-Құрылыс қызметінің әлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
Ауытқу 2011/2010 |
|
|
+,- |
% |
||||
|
Жалпы аумақтық өнімдегі
құрылыстың үлесі, % |
17,9 |
22,7 |
24,1 |
1,4 |
106 |
|
Негізгі құрал
жабдықтарды іске қосу,
млн.теңге |
18043 |
30695 |
24378 |
-6317 |
79.4 |
|
Құрылысқа
салынған инвестициялар, млн. теңге |
29555 |
48061 |
55803 |
7742 |
116 |
|
Құрылыс-монтаж
жұмыстары млн. теңге |
21481 |
33287 |
48752 |
15465 |
146 |
|
Орындалған құрылыс
жұмыстарының көлемі млн. теңге |
5153 |
9336 |
13156 |
3820 |
140 |
|
Құрылыс
ұйымдарының саны |
177 |
268 |
291 |
23 |
133 |
|
Құрылыста жұмыс
істейтіндердің орташа
жылдық саны, адам |
4322 |
5806 |
7828 |
2022 |
134 |
|
Құрылыста жұмыс істейтіндердің орташа айлық жалақысы,
теңге |
23768 |
42901 |
58071 |
15170 |
135 |
|
Тұрғын үйлерді іске
қосу, жалпы алаңы шаршы метр соның ішінде: |
45692 |
74007 |
91491 |
17484 |
123 |
|
Жеке құрылыс салушылармен |
45692 |
56184 |
60755 |
4571 |
108 |
|
Халықты 1000 адамға
шаққанда салынған тұрғын үйлер
қамтамасыз ету, шаршы метр |
75,6 |
122,2 |
149,5 |
27.3 |
122 |
|
Жалпы білім беретін мектептерді іске
қосу, оқушы саны |
350 |
325 |
864 |
539 |
2.6есе |
|
Ауруханаларды іске қосу,
төсек |
410 |
480 |
520 |
40 |
108 |
|
Амбулатория-емханалық
мекемелерді іске қосу, |
1200 |
1314 |
1355 |
41 |
103 |
|
* Ескертпе- Қызылорда
облысының инвестициялық қызметі мәліметтері негізінде
|
|||||
Кесте
мәліметтеріне сүйене отырып, жалпы аумақтық
өнімдегі құрылыстың үлесі 2014 жылы 2013 жылға
қарағанда 6%-ке жоғарылаған.
Құрылысқа салынған инвестициялар көлемі 16%-кеміген. Осыған, сәйкес
құрылыс- монтаж жұмыстарының 42,9%-ға артып отырғаны байқалады. Ал орындалған құрылыс жұмыстарының
көлемі керісінше, 40%-ға
жоғарылаған. Облыс бойынша құрылыс
ұйымдарының саны 2013 жылы 268 мекеме жұмыс атқарса,
2014жылы 291 мекеме жұмыс атқарып
мекемелердің саны 23 – ке көбейіп отыр. Осы
құрылыс ұйымдарында жұмыс атқаратын адамдар саны
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 2022 адамға көбейген. Ал
құрылыста жұмыс істейтіндердің орташа айлық жалақы мөлшері 58071 теңгені
құрайды. Тұрғын үйлерді іске қосу жалпы алаңы бойынша 2014жылы 2013жылға
қарағанда 17484 шаршы метерге көбейгені байқалады.
Оның ішінде жеке құрылыс салушылар есебінен 8%-ке
көбейген. Жалпы білім беретін мектептерді іске қосу есебінен 2013жылға
қарағанда 2014 жылы 2,6 есеге көбейген.
Құрылыстың
жоғары қарқыны мен құрылыс материалдарының
өндірісі үшін ресурстардың болуы құрылыс
материалдарының рыногын қалыптастырудың негізгі алғышарты
болып табылады. Сондай-ақ саланың дамуына тұрғын
үй құрылысы үшін және басқа да оларды
кезеңдік қалпына келтіру, қайта жаңғырту
үшін тұрмыста үй шаруашылығы құрылыстарына
қажетті құрылыс материалдарына тұрғындардың
қажеттілігі, сондай-ақ
халық шаруашылығы кешенінің кәсіпорындар,
офистер, өндірістік кешендер салу әрі мемлекеттік және
қоғамдық қордың тұрғын
ғимараттарын, әкімшілік, мәдени-тұрмыстық
ғимараттарды, өнеркәсіптік, гидротехникалық
құрылыстарды жөндеу үшін құрылыс
материалдарына қажеттілігі саланың дамуына айтарлықтай
әсер етеді[3].
Бүгінгі
күні халықаралық сапа менеджменті жүйесін ендіріп
жатқан кәсіпорындар саны артып келеді. 2014 жылдың басынан бері 9 кәсіпорынға ИСО
9000-14000 халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық
менеджмент жүйелері енгізілді және 9 кәсіпорында
Қызылорда облысы бойынша
ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
мамандарының қатысуымен сапа менеджмент жүйесін ендіру
жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 35 кәсіпорын
халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент
жүйелеріне сәйкес жұмыс жасауда, бұл көрсеткіш
өткен жылмен салыстырғанда
21,2 пайызға артып отыр[4].
Соңғы
жылдары сәулет, құрылыс және қала
құрылысы саласы құрылыс материалдарының
жаңа технологиясын пайдалану,
анықтамалық-ақпараттық және нормативтік
құжаттарды енгізу арқылы жоғарғы
қарқынмен дамып келеді. Қызылорда облысындағы
құрылыс материалдарының өнеркәсібі
құрамына 59-ға тарта кәсіпорын кіреді, бұл ретте
олардың 13-і орта, ал қалғаны майда кәсіпорындар болып
табылады.
Өнеркәсіп
кәсіпорындарының негізгі үлесін қарымды және
тұрақты сервистік мердігер компаниялар алуда. Облыстың
құрылыс индустриясы силикат және күйдірілген кірпіш,
кең ассортименттегі темір бетон бұйымдарын, әртүрлі
фракциядағы қиыршық тас, асфальтбетон және басқа
құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындармен
танылған.
Облыстың
құрылыс индустриясы шикізат базасының нығаюына
«Шалқия-Цинк» ЖШС-гінің құрылыс қиыршық
тастары, «Қызылордаэкспортастық» ЖШС-гі, «СКЗ-37» ЖШС-гі,
«Азат-Азамат» ЖШС-гі, «МО-1» зауыттарының керамикалық кірпіш, «Асар»
ЖШС-гінің пластикалық терезелер мен есіктер шығаратын жобалардың жүзеге
асырылуы ықпал етті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қызылордаоблысының 2011-2015
жылдарға арналған
Индустриялық-
инновациялық дамуы
бағдарламасы.// 2011 ж. Сыр бойы газеті
2. Өңір экономикасының өрлеу кезеңі // Ерұлан ЖҮНІСОВ, Көлік
және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің -
Қызылорда облыстық департаментінің директоры.
Айқын-2011ж.
3. «Егемен
Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы
меншікті тілшісі Ержан БАЙТІЛЕС. Құрылыс саласының
бүгінгі қарқыны.
4.
Баяхметов Т.Б. Экономика строительства. – Алматы: КазГАСА, 1998. – 210 с.