ӘОЖ 631.42:631. 95

ГЕОЖҮЙЕНІҢ ЛАСТАНУ ЖАҒДАЙЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА БАҒАЛАУ

 

К.У.Айтекова тех.ғ.к., доцент м.а

М.Қ  Райымқұлова магистр, аға оқытушы

Б.Н.Сабыралиева магистр, аға оқытушы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті  Тараз қаласы

 

Геожүйе – өздерінің орналасуында өзара байланысты және бір тұтастың бөлігі ретінде дамитын өзара шарттастықты табиғи құрамдас бөліктерден құралған ерекше материалдық жүйе. Ол іс жүзінде фациядан бастап Жердің географиялық қабығына дейінгі кез келген физикалық-географиялық құрылымдар.

Геожүйе – табиғаттың барлық құрамдас бөліктерінің өзінің орналасуында өзара байланысты, өзара шарттастықты және бір тұтас дамитын уақыттық кешені.

Қоршаған ортаның ластануы деп қандай да бір экологиялық жүйеге тән емес, оның өнімділігін төмендететін немесе аталған экожүйені жоятын кез келген жанды немесе жансыз құрамдас бөліктерді айтады.

Ластану көбнесе табиғи апаттардан,  мысалы, жанартау атқылаудан болатын табиғи ластануға және адамның іс-қимылының нәтижесінде болатын антропогендік ластануға бөлінеді.

Қоршаған ортаның барлық мәселелерін адаммен, қоршаған ортаға жасалатын кез келген кері әсерді шаруашылық қызметпен айналысушы, өнім өндіруші, техникалық озықтық дамытушы, қазіргі заманғы техникаларды тұтынумен  байланыстыруға болады.

Топырақтың құнарлы қабатының табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуі – биологиялық үдеріске және агроландшафттардың қалыптасу үрдісіне белсенді қатысатын табиғи өндіруші күштер кешенінің, яғни ландшафттардың аса маңызды құрамдас элементі.

Топырақтағы тұздардың таралуы ең көп деңгейде климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық және шаруашылықтық жағдайлармен негізделген. Топырақтардың тұздануы био және агроценоздардың өнімділігін шектейді, ағзалар мен экожүйелердің түрлік құрамының биоалуантүрлілігін төмендетеді, аймақтың шөлге айналуының күшті ықпалы ретінде орын алады [1,2].

Тұзданған топырақтардағы шөлге айналу түрі олардың аймақтық және құрылымдық алуан түрлілігімен байлансты. Топырақтағы тұздардың беткейлік және көлбеу таралуы ең көп деңгейде климаттық көрсеткіштермен, геологиялық тарихымен аймақ кәрізділігімен, соңғы уақыттағы желмен ұшу және топырақ түзілумен, соған қоса антропогендік қызметпен негізделеді.

Тұздану деңгейімен топырақтағы жеңіл еритін тұздардың құрамы тұздардың аймақтық миграция процестерімен анықталады. Ең көп табиғи облыстарынан атмосфера және өзен ағыстары арқылы еріген компоненттердің миграциялары, терең жер асты ағыстары әсерінің нәтижесінде тұздардың қарқынды алынып келетін аймақтары жатқызылған. Соңғы он жылдықта антропогендік қызмет әсерінен топырақтың тұздануы өзен ағыстарын реттеудің, суғару технологияларын бұзу және тағы да басқа ықпалдардың есебінен аймақтық сипат алып отыр. Топырақтың тұздануы – дамымалы топырақтық-мелиоративтік көрсеткіш екіншілік тұздану тенденциялар туралы тек қана ұзақ кезеңдік бақылаулар негізінде ғана шешім шығаруға болады, бұл суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бақылаудың бір элементі болып табылады.

Шөлге айналудың жүріп жатқан масштабтық процестері гидроморфтық реттік ылғалды топырақтарда  тұздану жағдайларының пайда болуына алып келді. Қазіргі кезде бұл процес, негізінен аяқталуда және тұздардың кеңістіктік қайта орналасу процесімен алмасуда. Осы себепке байланысты сортаңдармен күшті тұзданған топырақ аудандары қысқаруда, бұл жағдайда тұздардың миграциясы қазіргі кездегі тұздардың жалпы қоры тұрақты болатын, әлсізден күшті тұзданған топырақтар бағытында болады. Суармалы жер игеруде топырақтың тұздануы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады және өнімділіктің және ауыл шаруашылық дақылдары сапасының едәуір төмендеуіне алып келеді. Әлсіз тұзданған топырақтарда өнімділіктің төмендеуі 10-20% дейін, күшті тұзданған топырақтарда 30-50% жетеді. Күшті тұзданған топырақтарда өнім 80%-ға дейін қысқарады. Ауыл шаруашылық дақылдары тұздануға әртүрлі жауап береді, бұл олардың биологялық ерекшелітерімен, деңгейі және топырақ тұздануының химиялық құрамы, ылғалдылығы және ондағы қоректік заттардың қорымен анықталады. Тұзданудың теріс әсеріне ең аз ұшыраған топырақтарға, қолайлы ылғалдану жағдайындағы және қоректік элементтер мен қалыпты қамтамасыз етілген жағдайдағы топырақтар жатқызылады [1,2].

Суландыру сілеміндегі топырақтың тұздануы келесі ықпалдар әсерінен қалыптасады: минералданған жер асты суларының жақын орналасуынан тұзданған төселме жыныстардың болуы, суландыру тәртібін сақтамау, суландыру және коллектрлі-кәрізді желілердің қанағаттанарлықсыз жағдайында. Жер асты суларының апаттық тереңдіктен жоғары көтерілу нәтижесінде улы тұзда капиллярлы көтерілу әсерінен тамыр жайылатын қабатқа келіп түседі. Бұл ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің едәуір деңгейде төмендеуіне алып келеді, көп жағдайда егіннің жойылуына алып келеді.

Тасөткел сілемінің екінші-үшінші жайылмасынан жоғары тұзданған жерлер ең анағұрлым кең таралған. Бұл жерлердегі топырақтың тұздануы минералданған жер асты суларының жақын орналасуымен байланысты. Топырақ жабынының көп жылдық бақылау кезеңінде тұзданған жерлер ауданының анағұрлым қарқынды дамуы 2005-2012 жылдарда байқалғандығы анықталған.

Соңғы жылдары су-тұздың  салыстырмалы тұрақтылығы әсерінен тұзданған жерлердің едәуір артуы байқалып отырған жоқ. 2012 жылы 2005 жылмен салыстырғанда тұзданған жерлер ауданы барлығы  247 га, 3%-ға артқан. Жоғарғы метрлік қабатының тұздану деңгейі бойынша 2005 жылы келесі жолмен орналасқан: әлсіз тұздалған – 3777 га, орташа тұзданған-1390 га, күшті және өте күшті тұзданаған – 442 га.

Тұзданған процестерінің салыстырмалы тұрақтануы сілемде сулан-дыратын жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды жүргізгендігінен байланысты (қатты тұзданған жерлерді шаю, суландыру және кәрізді арналарда жөндеу жұмыстары). Шараушылықтар шегінде тұзданған топырақтар ауданының таралуы 1- кестеде көрсетілген.

1-кесте.  Тасөткел сілеміндегі топырақтың тұздану деңгейі

 

Шаруашылықтар атауы

 

Барлық суғарылатын жерлер, га

Тұздану деңгейі

 

Барлық тұзданған жерлер,га

 

әлсіз

 

орташа

Күшті және өте күшті

ПК «Сауранбайев атындағы»

2010

348

342

-

690

ПК «Жамбыл атындағы»

4172

530

45

31

606

ПК «Бірлікүстем»

2055

327

153

22

502

ТОО «Ақтөбе»

1300

225

49

34

308

ТОО «Нұр-2000»

1225

400

98

55

553

ТОО «Ақ-құдық»

1100

210

48

18

276

ТОО «Қойайдар»

480

365

130

69

564

ТОО «Маис Агро.Шу»

5076

879

275

90

1244

КФХ

6733

493

270

123

886

Барлық сілем бойынша

24203

3777

1410

442

5629

 

Әлсіз тұзданған топырақ қабатының жоғары метрлік қабатында тұздардың орташа өлшемді құрамы 0,25-0,75% құрайды. Тұздану түрлерінің арасынан аниондар бойынша сульфатты және хлоридтті-сульфатты және катиондар бойынша натрийлі-кальцийлілер анағұрлым көп таралған. Орташа тұзданған топырақтардың 0-1м қабатында тұздардың құрамы 0,570-тен-0,990%-ға дейін өзгереді.  Оларды жою үшін 6000-8000м3/га  көлеміндегі шаюды қажет етеді [3,4,5,6].

Күшті және өте күшті тұзданған жерлердің ауданы 442га құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда  олардың ауданы 30%-ға артқан, бірақ соңғы жылдары тұзды-судың салыстырмалы тұрақтануы жүрген және күшті тұзданған жерлер ауданы шамалы мөлшерде азайған. Олар жоғарға метрлік қабатта улы тұздардың өте жоғарғы құрамымен сипатталады және олар сульфатты-хлоридтті тұздану кезінде 0,8-1,1% аралығында тербеледі. Күшті және өте күшті тұзданған жерлер күрделі және қымбатқа түсетін мелиоративтік жұмыстарды жүргізуді қажет етеді. Жоғарғы метрлік қабаттан тұздарды жою үшін кәріздің жақсы жұмысы кезінде 10000-17000м3/га көлемінде шаюды қажет етеді. Тұзданған жерлерді шаюды жүргізудің жобаларын жасау үшін және шайғыш нормалар көлемін нақтылау үшін бөлшекті топырақтық-мелиоративтік зерттеулерді міндетті түрде жүргізу тиіс. Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы деп  топырақтық гидрогиологиялық, инженерлі-гиологиялық процестердің, антропогенді ықпалдармен түрлі мелиоративтік іс-шаралардың нәтижесінде қалыптасқан, аэрациялау аймағымен жер асты суларының топырақ жүйелерінің жағдайы түсіндіріледі және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арналған жерлердің жарамдылық деңгейі сипатталады.

         Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы ЫСД орналасуының тереңділігін табиғи жүйелік бақылау, олардың минералдануымен химиялық құрамы, деңгейі мен топырақ тұздану түрлері өзгерістерінің нәтижелері бойынша және суарылатын сілеммен оларға жанасатын аймақтағы табиғи ықпалдардың талдаудың топырақ процестерінің жиынты бойынша (клитаттық, геологиялық, геоморфологиялық, инженерлік-геологиялық), сонымен қоса (суғарудың әдістері мен техникасы, жиынтық және шекті су беру, агротехника, кәріз түрі , ауылшаруашылық дақылдарын себу құрамы мен құрылымы, суғарылатын жерлерді жоспарлау ж.т.б) нәтижелер бойынша бағаланады.

Геожүйелердің құрлысы мен пайдаланылуы тек жанасатын аймақтарға ғана емес сонымен қатар тұтас аудандарға табиғи әлеуметтік экономикалық ықпалдардың барлық жүйелеріне тікелей әсер көрсетеді. Бұл жағдайда жақсы өзгерістермен қатар қоршаған ортаға үлкен зиян тигізуі мүмкін.

Суару әсерінен болуы мүмкін тікелей күштің кері әсер етулерге төмендегілер жатады: өзендік ағыстардың азаюымен жер асты су қорларының өзгерістері, жерлердің батпақтануымен тұздануы, сумен байланысты немесе су арқылы берілетін аурулардың артуы,  ауыл шаруашылық зиянкестер популяциясының және өсімдік ауруларының таралуы артып кетуі, эрозиялардың күшеюі, жер үсті және жер асты суларының ауыл шаруашылықтық биоцидтерімен ластануы, су сапасының нашарлауы, су арамшөптерінің көбеюі. Осы уақыттағы суармалы жер игеруге байланысты жағымды ықпалдарға азық түлік өндірісінің артуымен байланыстылар жатады. Суаруға байланысты жерлерді игеру және тиісті инфрақұрлымдарды жасау қосымша құрлыс орындарын береді, бұл тұрғылықты халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларының жақсаруына алып келеді. Өсімдік фитомассасының ылғалданудың жер үстін жоспарлаудың және басқа да ықпалдардың артуы топырақтың бұзылуынан қорғайды [5,6].

Суландыру жүйелері қоршаған ортаның көптеген бөліктеріне тікелей әсер көрсетеді. Жерді игеру мәдениетінің төмен деңгейі, суландыру және кәріздік жүйелерін қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, оларды бұрғылау жағдайларымен басқа да ықпалдардың нәтижесінде тікелей суарылатын сілемдер де, сол сияқты оларға жанасатын аймақтарда кері кейде қайтымсыз процестер жүреді. Суарылатын жерлердің мониторинг процесінде суарылатын кәріздік және жер асты сулары құрамының химиялық бақылаулары және топырақпен олардың ластануын, сонымен қатар бактериологиялық ластануларына бақылаулар жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша суарылатын жерлердің экологиялық жағдайының сипаттамасы келтіріледі.

 

Әдебиеттер

1. Волобуев В.Р. Расчет промывки засоленных почв, Москва, 1975, 70с.

2. Ж.С.Мұстафаев., Ә.Т.Қозыкеева Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер, Алматы 2013, 193 бет.

3. Сейітқазиев Ә.С., Айтекова Қ.Ө. Тұзданған жерлерді жақсартудың экологиялық негізделуі М.Х. Дулати атындағы ТарМУ хабаршысы № 3 2007. Тараз, Б.204-208

4. Сейітқазиев Ә.С., Айтекова Қ.Ө. Сейітқазиева Қ.Ә. Ластанған геоэкожүйелердегі экологиялық мәселелер Ізденіс – поиск, №3,2008, б.102-105

5. Сейтказиев А.С., Айтекова К.У. Кушкенбаев М.У. Почвенно-экологическая оценка уровня загрязненности засоленных почв. Сборник научные труды Атырау, 2008, С.199-203.

6. Баженов М.Г., Сарсенбаев М.Х. Регулирование водно – солевого режима земель рисовых систем, Алматы, 1979, 152с.

7. Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы жерлердегі тұздың алмасуын реттеу, Алматы, 1999, 140б.

8. Хмельницкая Н.Л. Определение времени рассоления земель при работе дренажа на орошаемых и прилегающих к ним территориях // Вестник с-х науки, 1982, №2 (305), С. 92-98.

9. Бекбаев Р.Қ. Почвенно-экологические процессы и методы их регулирования на орошаемых экосистемах Казахстаны // Автореф. Докт.техн.наук., Тараз, 2006, 45с.

10. Аверьянов С.Ф. Борьба с засолением орошаемых земель. Москва, 1978, 288с.