Аға оқытушы, дизайн магистры Туребекова А.С.

Студент, Сахиева А.Қ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

ЖАҚСЫ ҰМЫТЫЛҒАН ЕСКІ – БҰЛ ЖАҢА ЗАТ

 

Біз ұлттық реңді киімдерді жүзеге асыру үшін оның шынайылығын, қатардағы қолданушыға қолжетімді және әдемі деп ойлаймыз.

Экономикалық аспектіні Қазақстанда тоқыма өнеркәсібін екі жылда көтеруге болады. Жеңіл өндірістік кәсіпорын қауымдастығы осындай анық уақытты атап отыр. Осы үшін небәрі үш шартты орындау керек: біріншісі – ішкі нарықта тепе-теңдікті сақтау, екіншісі – НДС-ті 7%-ға төмендету және үшіншісі – инвестиция. Кластерлерді жасау жолдарын билік көрсетіп отыр. Салықты нөлге түсірген сәтте прецедент болған. Екі жыл ішінде тіпті ең төмен өнеркәсіптер 40% пайда тапқан. Үшіншісі – инвестициялар. Соған қарамастан, үкімет қол қусырып отырған жоқ. Олар жеңіл өнеркәсіп мәселелерін шешуге тырысып отыр және бұл сұрақ өте маңызды болып есептеледі. Ол кластерлік өндірісті басты бағыт ретінде алады. Мақта кластері басым бағыт болып есептеледі. Соңында мақта талшықтарын жасап шығару қолға алынады. Маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы экономикалық аудан "Оңтүстік" ашылды. Осы ауданда жиырма тоқыма өндіріс орны соғылатын болады. Еліміздегі 150 өндіріс орнынан 100мың тонна мақта өндірілетін болады. Бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі инвесторларды қарату дейді "Оңтүстік" аудандық экономикалық директоры Арман Жетпісбаев. Осыған үкімет барлық жағдайды жасап береді. СЭЗ-ға жұмыс жасайтын кәсіпорын НДС-тен, корпоративтік, жер, мүлік салықтарынан 10 жылға босатылады. Мата өңдеуді іске асыратын кәсіп орын секторы дұрыс дамымаған. Соған қарамастан еліміздегі мақта тоқымасының сегментті маталардың мақта матасы өндірісіне байланысты қалыптасады. Берілген сегмент қойылған бағаларға байланысты пайдасы көбірек және де құралдарға инвестицияны көп қажет етпейді. Берілген сегменттің дамуы бәсекелеске төзімді тоқыма филиалын жасауға көп мүмкіндік береді. Осы өнеркәсіп сегментін дамыта отырып Шри-Ланка тоқыма өнеркәсібі көптеген жетістіктерге жетті. Жеткілікті дәрежедегі тоқыма өнеркәсібі жоқ Шри-Ланка бояу, жазу және пішім құрылысын мақсат етіп алды. Бояу, жазу және пішім жылдамдығы, сапасы, дизайны бойынша көптеген жетістіктерге жеткен Шри-Ланканың тоқыма кластері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болды.

Шри-Ланканың және басқа да елдердің берілген кластерді дамытудағы тәжірибесі СЭЗ "Оңтүстік" аумағындағы кәсіпорындарының өндірістік құрылысы және де инвестициялық жобалар үрдісі барысында қолданылады.

Мәдени-білім аспекті ұлттық мативтерді күнделікті киімдерге  қолдануды енгізу өзіндік ерекшелігі бар қазақстандық потриотизмді көтеруде маңызды рөлі бар, себебі кез-келген адам жаңа киім көргенде қызығушылық танытады және де осы кезге дейінгі білген салт-дәстүрінен де көп мәліметтер жинайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан Қазқстандағы басқа да ұлттар өздерінің өрнектерімен заманауи киімдерін жасап шығаруға мүмкіндігі бар – бұл біздің шет ел азаматтары алдындағы мәртебемізді көтереді және де көп ұлтты мемлекетің тату-тәтті өмір сүре алатындығына көздері жетеді.

Әлеуметтік аспект біз көптеген адамдарға көмегімізді тигіземіз. Біріншіден, фабрика жұмысшыларына уақтылы жал ақы беру арқылы. Екіншіден, өнер үйлеріндегі және техникалық мектептерде қолданбалы өнерден беретін мұғалімдерді қажет етеді, ал олар жұмыс жоқ ауылдардан келеді және олар салт-дәстүрді жақсы біледі. Үшіншіден, біздің жас дизайнерлер мен үлгілеушілерге өзіндік ойын қалыптастыруға мүмкіндік беріледі.

Өндірісті іске қосқанда біз ең алдымен халық назарын өзімізге аударамыз, ал жаңа заттың барлығы сәнді және қызық болып келеді. Содан кейін еліміз де атақты болуына ат салысамыз, Қазақстанды танитындай ұлттық бренд пайда болады.

Ең алғашқы ұлттық бағыттағы сән көрсетілімін Парижде Салтанат Баймухамедова жасады,  батыс халқы ұлттық колористикаға, ашық түстер мен ерекше өрнектерге деген қызығушылық туғызды.

Қорытындылай келе, Қазақстан шет ел азаматтары алдында көптеген жағдайда немен қауымдасқанын түсінеміз. Берілген жобаны жүзеге асырғаннан кейін біз ұлттық нақыштағы сән киім стиліне, интерьерге, жиһаз заттарына және т.б жаңа тыныс алып келеміз, ол жаңа ұлттық брендтің пайда болуына септігін тигізеді, ал ұлттық бренд – халықтың және бір мемлекетте тұратын ұлттардың өзіндік ерекшелігі, сол арқылы бізді әлемдік нарықта танитын болады және де бұл саяси еңбек қана емес, мәдени еңбек болып есептеледі.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.            Материалдар әлемдік ғаламтор желісі арқылы жеткізілген;

2.            2007-2015жж. «Оңтүстік» арнайы экономикалық зонасының арнайы даму бағдарламасы;

3.             «Даму» кәсіпорнының пресс-релиз даму фонды.