Аға оқытушы, дизайн магистры Туребекова А.С.

Студент, Сахиева А.Қ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

 

Қазақтардың ұлттық киімі ұлт даналарының ғасырлар бойы жасаған еңбегінің нәтижесі. Ұлттық киімде халқымыздың бейнесі және өмір сүру салты, эстетикалық талғамы көрініс тапқан. Киім элементтерінде этникалық құрамның басымдылығы анық көзге түседі. Қазақтардың ұлттық киіміне ең көп ықпал еткен ол көшіп-қону өмір салты. Әртүрлі уақыт аралығында халық шеберлері киімді атта жүргенге ыңғайлы, қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайтындай етіп тіккен. Қазақ костюмінің үлгілеріне көрші халықпен тығыз байланысыда көп әсерін тигізген. Ұлттық киімде түркмен, өзбек, орыс, татар, қарақалпақ, алтай және қырғыз халықтарының ұлттық киімінің тән бір ерекшеліктерді байқауға болады.

Қазақ халқының ұлттық киімдері халықтың ұлттық еңбек жолын сипаттайды, көптеген ғасырлық тарихы бар. Ғасырлар бойы қазақ ұлттық киімі өзінің қарапайымдылығымен және де рационалдығымен ерекшеленеді. Қазақ киімдеріне тән сипаттама ол барлық халық қабаттарына арналған қауым кескінділігі, бірақ арнайы жастық және әлеуметтік реттеу арқылы. Киімге әдемілікті үлбір, тоқыма, асыл тастар арқылы берген. Дәстүрлі материалдар қазақтар өздері қолдан жасайтын былғары,үлбір, жіңішке киіз, шұға мата болып табылды. Сырттан келетін материалдар да қолданған - жібек, барқыт, парчи, олар киімиесінің тұрмыс жағдайын сипаттаған. Сонымен қатар мақтақағаз маталарыда кеңінен қолданылған. Сол кездегі қазақ киімдерінің заңдылығының ерекшелігі оның түрі халықтың өмір сүру салтына және әлеуметтік жағдайына байланысты өзгерісте болып отырды. Ол үнемі уақытқа және заман талабына сай өзгеріп отырды [1].  

Әйелдер және ерлер киімдерінің арасында көптеген айырмашылықтар бар. Егер көшпенді ерлер киімдері өзгермеген, ал қыздар және жас келіншектердің киімдері уақыт өте өзгерісте болып отырған. Қыздар және әйелдер көйлектерінің айырмашылығы болған. Өткен ғасырда қазақ әйелдерінің киген ұлттық киімдеріне бірнеше мысалдар келтірейік. Солардың бірі – көйлек (жейде-көйлек), ежелгі әйелдердің кеуде киімінің бір түрі. Кейін көйлектің ішінен ішкі жеңі жок жейде(ішкөйлек) киген, ол жеңіл ақ матадан жеңсіз болып тігілген, жіңішке иықты және кең мойынды кесігі, жиірек кішкентай мойын асты кесікті және алдыңғы жағында жырығы болған, олар таспамен байланған.

Көйлек бүтін матаның екіге бүктелген қалпынан тігілген. Қолтықтан түп сызыққа дейін бүйірлі бөлім бойынша тігілген. Кейде оларға үшбұрышты сыналар тігілген. Жеңдері де дәл солай тіктөртбұрышты мата бөлшегінің ортасынан бұртелген күйінен тігілген. Оларды тігінен, ұзындығынан жасалған. Көйлек тік немесе қайрылып тұратын жағалы және алдынан тік жеңге жабылған, төменгі жағына екі-үш бүрмелік тіккен. ХІХғ. аяғына қарай осы көйлектің жаңа кесімі пайда болды, ол ескі түрді ығыстырып шықты. Көйлекті бел бойынша кесімі болды. Лифті бұрынғыша туникапішінді қылып, бір матаның ұзындығы бойынша, оған тік және жиналған немесе қыртысты болып тігілген өте ұзын белдемше тіккен. Мойын тұсы баумен тігілген және үш-төрт түймелі кесілген ілмекті тік жағамен сәнделген [2].

ХХғ.басында қазақ әйелдерінің көйлектерінде жаңалық пайда болды, ол басқа киім түрлеріне де қатысты шабылған иықты, жеңнің төменгі жағынан пайда болған ойынды, манжеттер, адам мүсінін айқын көрсететін лифті иық және арқа тұстағы қатпарлар, кең сыналы етекті белдемше. Камзолдар көйлекпен өте өте жарасымды және әдемі, адам мүсінінен сай, еденге дейінгі ұзындықпен тігілген. Камзолдарды кейде жеңсіз деп, ал жеңі ұзынын – бешпент деп атаған. Басқа атаулар да кездеседі. Камзолдарды барқыттан және басқа да ашық түсті маталардан, бір шимді матадан немесе теріденде тігеді.  Үлкен әйелдер мен қарттарға қарағанда қыздар ашық түсті камзол киген. Мерекелік камзолдар әшекейлермен, қымбат тігістермен және де позументпен ерекшеленген. Киімнің төменгі жақтарын кеңейтіп проймадан шеткі тігістерге үшбұрышты сыналар тігілген. Әйелдер арасында шапан өте әйгілі болған. Ол заманауи ұзын, жеңді халаттармен пара-пар ескі сыртқы киім. Жылы күндерге арнап оны жеңіл маталардан, ал суық күндерге теріден тігілген. Ескі халаттарды ашық жағалы, ал кейінірек шыққандары қайырма жағалы болып келеді. Мерекелік шапанды ережеге сай, қымбат матадан, кейде алтын түстес тесмамен, өрнектермен және мех сызықтармен сәндеген. Қымбат, сәнді шапандар неке киімі ретінде сақталған. Қазақ әйелдерінің бас киімдері басқа ұлт әйелдерінің киімдері тәрізді әйелдің шыққан тегін білдіретін болған. Қыздар екі түрлі бас киім киген: тақия және мехті жиекті жылы бас киім (бөрік), мех түлкінің, қаланның, құндыздың терісінен жасалған. Тақия да ережеге сай әшекейленетін болған: ұшына жапалақтың қауырсындары қойылған. Кейінірек оны әшекейлеуге позумент, мата бөлшектері және күміс теңгелер қолданыла бастады. Байдың қыздарында түпнұсқалы ашық түсті барқыт матадан өрнектелген тақия болған. Ұшына дәл сол матаның бір бөлігін, оның барлық жоғарғы жағын жауып тұратын және шлейф болып түсетіндей етіп жасаған. Басты назарда қазақ келіндерінің бас киімі – сәукеле, ол биік конус пішінді болған. Ол қыз тұрмысқа шыққанға дейін тігіліп, қыздың қалың малының міндетті бөлігі болып табылатындығы анықталды. Сәукелені неке қию барысында киіп, тұрмысқа шыққаннан кейін мерекелерде киіп жүрген. Әйелдердің бас киімі екі бөліктен тұрған: басқа киілетін төменгі – кимешек және жоғарғы – төменгі бөліктің үстінен киілетін сәлде. Екі бөлік те міндетті түрде ақ матадан тігілген [3].

Ерлер киімі әйелдер киіміне қарағанда ыңғайлылық пен қарапайымдылық тән болған. Оның бірнеше бөлігі болды: жейде, төменгі шолақ дамбал, ол жеңіл матадан және жоғарғы бөлігі шұға матадан, күдері матадан, қой жүнінен немесе тығыз мақта матасынан тігілген. Бай кісілер сыртқы шолақ шалбарларын замштан немесе өрнекті барқыттан тіккізген. Әйелдер киімі тәрізді ерлер де сыртынан жабық, тік жағалы камзолдар киген. Сыртқы негізгі киім шапан болып есептеледі. Жылы ерлер киімі біртекті: тулуп немесе түйе және қой жүнінен тігілген түймелі тон болған. Міндетті ерлер киімінің қатарына матадан немесе былғарыдан, ал ауқатты адамдарда барқыт пен жібектен жасалған белдіктер кірген. Үнемі киіп жүретін бас киім тақия, сыртынан басқа да бас киімдер әртүрлі маталардан, мақта маталардан және де қымбат: барқыт, жібек, сукна, біртүсті және сызықты болып тігілген. Жиі сызықтар тақияға беріктік берген. Ежелден бері тақиялар тоқымамен, өрнекті сызықтармен әрленген. Қазақтардың бас киімдері әртүрлі болған. Жазда олар бөрік немесе жеңіл қалпақ, қыста ерекше пішімді мехтан тігілген тымақ киген. Бұрынғы кезде ерлер және әйелдер киімдері бір-бірінен ерекшеленбеген, басты ерекшелігі маусымдық болды. Ерлерде де әйелдерде де көп тараған табаны төмен етік – ішік болған, басқаша олар мәсі деп аталған. Оның сыртынан былғары кебіс үйде жүргенде шешіп жүретін болған.

Қазақ халқының зергерлік өнеріне ерекше орын берілген. Заманауи өнертанушылар бірауыздан, сол кездегі әйелдер әшекейлері олардың әдемілік беріп қана қоймай шыққан тегін, қоғамдағы алатын орнын, ауқатты отбасынан шыққандығын, және де тұмарлар мен тегінің белгілерін т.б білдірген. Ережеге сай, беттің бөлігі, төс, білекті және де шашты әшекей заттармен әшекейлеген. Әшекей бұйымдар мерекелік және де күнделікті болып бөлінген, қазақ әйелдері оларды өмір бойы тағып жүретін болған.

Ең көп таралған әшекей бұйымдар әртүрлі тастардан жасалған сырғалар, жарты ай пішінді, сымнан жасалған иірілгіш әшекей бұйымдар.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.            Материалдар әлемдік ғаламтор желісі арқылы жеткізілген;

2.            2007-2015жж. «Оңтүстік» арнайы экономикалық зонасының арнайы даму бағдарламасы;

3.             «Даму» кәсіпорнының пресс-релиз даму фонды.