ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА   РЕТІНДЕ

Айтжанова Р.М., Тлеубаев Ж.Б.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемелекеттік университеті

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз [1].

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады [2].

А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болѓанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын [3].

Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болъгп келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқьш үйрену арқьлы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жаѓдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ѓана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес. "Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей [4], және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс [5]:

·     Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.

·      Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:

 1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. «Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді [6]. Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.

 Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады. Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан–жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандықтан, оның мәнін ашуды, оны түсінуге деген  әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Тек жанашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің маңдай алды азаматтары, өз ісінің шеберлері К. Нұрғалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжүнісов, еліміздің бір туар тұлғалары Р. Нұртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық [7]. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірақ, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.

Педагогикалық шеберлік ұғымына қатысты педагогикада әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бұл ұғымды әр педагогтар өздерінше қарастырады. Жаңа дәуір педагогы А.Дистервег педагогикалық шеберлікті шынайы оқыту, істі білу, өз ісін, және оқушыларды жақсы көру, педагогикалық қабілеттерден құралады дейді.

 Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер кешені. (И.А.Зязюнь)

Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық– қызығушылығы, құныдылықтар жүйесі, идеалы;

Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.

- Кәсіби білім – педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, арнайы, жалпы базалық білімідері.

- Педагогикалық қабілеттер – коммуникативті, перцептивті, эмоциональды тұрақтылық, жоспарлау, жабалау, креативті, аналитикалық және т.б. іскерліктер

-  Педагогикалық техника – мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимка, понтолмимика, поза т.б.) және өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы т.б.).

  Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.

Өз сезімін (эмоциясын) басқару. Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде мұғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал ете білуді үйрену, сергектік,ықыластылықќа байланысты. Ықыласты, сезімтал сергек адам өзіне де, басқа адамѓа да эмоциялық әсер етіп, балаларды қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.

Сөз соңында айтарымыз, мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер

1.   Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера поизводственного обучения профтехучилища. – М.: Высш.шк., 1989. – 167 б.

2.   Калюжный А.А. Педагогическая имиджелогия. Учебное пособие для студентов вузов. – Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2004. – 200б.

3.   Жүнісова Ж.А. Педагогикалық шеберлік.  – Алматы, 2011. – Б. 91.

4.   Кертаева Ғ.М. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға-жаңа мектеп. Павлодар, 2005.

5.   Шыныбекова Э.И.  Ұстаздық қызметтегі педагогтық          этика/ - Алматы: Білім, 1987. - 38 бет.

6.   Әбілдина С.Қ., Айтжанова Р.М. Жаңа формациядағы педагогты қалыптастыру - әлеуметтік педагогикалық проблема. Білім-ғылым-қоғам: өзараықпалдастық мәселелері мен перспективалары. Халықаралық ғылыми прак. конф. Материалдары. – Талдықорған, 2013. – Б. 210-216.

7.   Айтжанова Р.М. Педагогическое мастерство как психолого-педагогическая проблема. Материалы международной научно-практической конференции: Наука и образование в современной конкурентной среде (15-16 февраля 2014 г.). – УФА, 2014. – С. 132-136.