Педагогические науки/ 3.Методические основы воспитательного процесса
Жакиянова А.Н.
Сулейман Демирел атындағы колледж, Қазақстан
Қазақ
тілі сабақтарында тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру
Білім беру үрдісінде тәрбиелік мақсатты
жүзеге асыру мұғалім
үшін басты міндеттердің бірі болып саналады. Бүгінгі егеменді Қазақстан
жағдайында есті, қайырымды,
еңбек сүйгіш, Отанжанды ұрпақ тәрбиелеу әр ұстаздың мерейлі еңбегі, алғы
ұстанымы болуы тиіс.
Жас өрендердің өз еліне, туған
халқының тарихына деген қызығушылығы ана тіліне
деген сүйіспеншіліктен басталуы тиіс. Тұтас аумағына бірнеше
мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жеріміздің сан
ғасырлық тарихы да, қазақ жерін қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай «Найзаның
ұшымен, білектің күшімен» қорғай білген ата-бабаларымыздың
ерлігі мен батырлығы да осы ана тіліміз арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ұлы
мұраға айналды. Бұл
турасында қазақтың көрнекті қоғам
қайраткері және жазушысы Жүсіпбек Аймауытов: “Ана
тілі-халық болып жасағаннан бергі оның жан
дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін
мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің
терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы
жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”,
— деген болатын. Олай болса, қазіргі таңда қазақ тілі
сабақтарының өскелең ұрпаққа берер
білімі де , тәрбиесі де орасан зор.
Тәрбие,
тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық
бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып,
өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік,
инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті
дағдылар қалыптастыру болып табылады [1].
Әрине, тәрбие беруде сабақтарда қолданылатын
әдіс-тәсілдер түрлі болып келеді. «Тәрбие әдістері дегеніміз - ересектер мен балалар
арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан
туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің
жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет,
қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке
келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде
тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады»- деп түсіндіріледі жантану атаулының
түсіндірме сөздігінде [2].
Қазақстан Республикасының Президенті,
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және
балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге
және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады»,
дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға
тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің
міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз
ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған
буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді
үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді
мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін
қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», — деген
ашық ұстаным айтты. Иә, әрбір халықтың
бақыт шекарасын айқындайтын өлшемдер бар десек, оның
ең біріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшіншісі –
ғасырларға созылған тарихы. Ал осы
құндылықты бала бойына сіңіру әрбір
қазақстандық мұғалімнің
алғышарттары болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
“Қазақстанның болашағы-қоғамның
идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде
идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге
шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің,
отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі
институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың
ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы
бір аса маңызды идеологиялық
міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,
әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу [3]. Олай
болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін
қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі
сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей,
етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын
алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- дейді Президент. Президент
Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде
негізінен халықтардың, оның ішінде түркі
мәдениетіне, қазақ топырағында түрлі
діндердің болғанын айтқан [4]. Бұл еңбек
қазақстандық ұлттық, ұлтаралық
татулықтың, қазақстандық патриотизмнің
темірқазығы іспеттес.
Еліміздің ұлттық білім беру
жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы
қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм»
арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған
өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие
үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді
дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу
сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге
асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне
келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын
тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық
патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды,
қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық
тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие
дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие
үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің
тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі,
дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады
деп түсіну қажет және солай да.
«Қазақстандық патриотизм»
ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол
ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар
жатады:
- Ең алдымен тарихымызды –
Қазақстан халықтарының тарихын білу;
- Туған халқымыздың тілін
ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;
- Атадан
балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа
жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді,
әдет-ғұрыптарды жалғастыру.
-
Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік
мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі
жан-жақты дамыту, оның өркендеуіне үлес қосу;
- Абай
атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді
арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу.
Қазақ халқы өз
ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты,
әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін
қалайды. Бұл қасиеттер
дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады. Осы
тәрбиелердің негізін бере білу әр ұстаздың
тәжірибелігіне байланысты.
Қазақ тілі сабақтарында
тәрбие жұмысын біліммен ұштасыруда көптеген
әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Атап айтқанда,
сұхбат, викториналық сұрақтар, кестелермен жұмыс, сурет бойынша жұмыс, сахналық көрініс, саяхат
сабақ, оқушылардың шығармашылық жұмыстары
(шығарма, тақпақтар), пән бойынша
шығармашылық жұмыстар, аралас сабақтар. Дәріске берілген тақырыппен
қатар сабақтың үшінші мақсатын, яғни
тәрбиелік мақсатын естен шығармаған жөн.
Әдебиет сабақтарында әрбір өтілген ақын немесе
жазушының өмірін тәрбиелік мақсатта қолдану
таптырмас әдістердің бірі. Ал, қазақ тілі
дәрістерінде грамматикаға қосымша берілетін
салт-дәстүр, отбасылық қарым – қатынас,
қазақ халқының қонақжайлылығы,
Қазақстан мемлекеті, табиғат.т.с.с. тақырыптарды
тәрбиелік мақсатты жүзеге асыруда қолдану
мұғалім шеберлігінің мықтылығы екені
сөзсіз.
Ақ иық ақын Мағжан
Жұмабаевтың «берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін,
дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы
үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқындырарлық
болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы» деген
қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі
қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами
құндылықтарды меңгерген, қоғамның
жоғары мұратты мақсаттарына сай келетін жеке
тұлғаны қалыптастыру – баршамыздың алдымызда
тұрған міндетіміз.
Қазақстандық
патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән.
Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ
салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Осы ойды
өскелең ұрпақтың санасына сіңіру міндеті
қазіргі ұсатаз сіздің қолыңызда.
Пайдаланған әдебиет:
1.
Педагогика. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.,
профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
2.
Жантану атауларының
түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь",
2006. - 384 бет.
3.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қоғамның
идеялық бірлігінде» 1993 ж.
4.
Н.Ә. Назарбаев «Тарих
толқынында» Атамұра, 1999 ж.