Бастауыш
сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
Байзакова Г.А.
Карағанды қаласы
ЖББОМ
№54
Ағылшын тілі
мұғалімі
«Қазақстан бүкіл
әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде
танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс
тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –
жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Қазіргі
өмір талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі
өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру
саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды
үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және
әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды
талап етуде.
Осыған
орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының
бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның
қоғамдық өмірдің әр алуан саласында
қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған
ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне –
халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
Ағылшын
тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп,
өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар
мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз
пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Қазіргі
Қазақстандық қоғам көпұлттық,
көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда.
Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді
меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру —
өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік білім беру
жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан республикасының
Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: “Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу”
Тіл
мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев
қазақстандықтардың жаңа ұрпағы
ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар
ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге
шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте
отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға
шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби
нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу
қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді
қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта
білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте
жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын
тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде
эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Биылғы 2014/2015
оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі
енгізілді. Менің ойымша біздің мұғалімдерге бұл
шешім ешқандай қиындық тудырған жоқ, себебі
біздің мектепте бастауыш сыныптарда шет тілі факультатив сабақтар
түрінде бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келді және
былтырғы жылы эксперимент ретінде енгізілген болатын.
Ағылшын
тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың
ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін
меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту
оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,
оқушылардың қызығушылығын оятуға
мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік
алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан
ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге
қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін
білу – уақыт талабы.
Неден
бастаған жөн деген сұраққа жақсы
оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс
таңдалған оқу құралы оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тілді үйрену
сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу,
сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып
отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап
түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені
бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте
сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте
маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген
сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі
сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады.
Бірақ өкінішке орай ата-аналар арасында «ағылшын тілін
білмейміз, көмектесе алмаймыз» деушілер көп.
Сонымен
қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу
қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет
ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже
мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі,
оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет.
Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық
білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін
енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді
қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау
арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ
құралдарын пайдалану арқылы балалардың
сабаққа деген қызығушылықтары артады,
сабақта белсенділік танытады.
Ағылшын
тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік,
танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда
ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей, әр
сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын. Ойын
әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген
қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін,
көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын
тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта
білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған
және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық,
тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту
тәсілі болып табылады.
Ағылшын
тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік
ойындарды жиі қолдану - тілдік қарым-қатынас
құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен
құрап үйренуге, оқушының сөздік
қорының көбеюіне ықпал етеді.
Қазір
қазақстандық мұғалімдердің
педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған
деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту ториясына
сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде
қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса,
тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ
мерзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыр.
Бұл
бағдарламаның негізгі қағидаларының бірі: 1)
оқытушының негізгі рөлдері: «жетекші», «ұйымдастырушы»,
«менеджер», 2) сыныпқа кіргеннен бастап жақсы
көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б.
Оқушылар
жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі
сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен
келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың
сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр
оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. Шағын
шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну,
сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж 59 бет
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2007ж 21 бет
3. Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обчения инастранного языка в средней
школе» Москва 1998г 162 бет
4. Иностранные языки в школе Москва 2000г 79 бет
5. «Ізденіс» журналы №1 2005ж 125 бет
Заявка на участие в конференции
Кусайнова Маржангул Амантаевна
1 |
Фамилия Имя Отчество (полностью) автора и соавторов |
Кусайнова Маржангул Амантаевна Тусупова Мейрамгуль Максутовна |
|
2 |
Название статьи / тезисов |
Влияние этнокультурного образования на воспитание и формирование
личности |
|
3 |
Секция
конференции |
Психологические науки |
|
4 |
Ученая степень, ученое звание, почетное звание |
|
|
5 |
Город |
Казахстан. Караганда |
|
6 |
Представляемая организация |
КГМУ |
|
7 |
Должность (полностью) |
Ассистент |
|
8 |
Ф.И.О., почтовый домашний адрес с указанием индекса, по которым
будут высланы сборник конференции и сертификат участника |
Кусайнова М.А. Индекс 100018. 15 мкр, 37 дом, кВ 180. |
|
9 |
Телефон (служебный) с указанием кода города |
--- |
|
10 |
Телефон (домашний) с указанием кода города |
--- |
|
11 |
E-mail |
marjanprertty@mail.ru |
|
12 |
Как Вы узнали о нашей конференции? |
интернет |
|
13 |
Оплата произведена за: |
рублей |
|
13.1 |
0 |
400 |
|
13.2 |
650 |
0 |
|
13.3 |
дополнительно приобретаемые
сборники (+250 руб. за экземпляр) |
0 |
|
13.4 |
доставку каждого приобретаемого
сборника (в т.ч. авторского заказной бандеролью (по России – 100 руб., СНГ –
250 руб., дальнее зарубежье – 500 руб.) |
250 |
|
13.5 |
сертификат участника конференции
(типографского качества, с печатью, формата А5, высылается вместе со
сборником) - 200 руб. |
|
|
|
Итого: |
|
|