Педагогика/Методические основы воспитательного про­цесса

Жалбызбайқызы Айсұлу

№110 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі,

Жаңақорған кенті,Қызылорда облысы,Қазақстан

 

Мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекетіндегі сендірудің кейбір ережелері

 

Сендіру - бір адамның мағынасыз түрде басқа адамның психологиясы мен қылығын белгілі дәрежеге өзгерту. Сендіру адамда қажетті қасиеттерді дамыту мақсатында, оның санасына, еркіне және сезіміне жан-жақты әсер ету.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Ал тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие әдістерінің ішіндегі сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі. Ол арқылы мұғалім оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына оқушының көзін жеткізуге ұмтылады.

Оқушыны жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім түрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізу барысында тіл өнерін, шешендік өнердің тиімділігін қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.

Халықтық тәжірибеде шешендік сөздің ықпалын, шешендік өнерінің тиімділігін анықтап, оның түрлі ережелерін тұжырымдады. Ал ғылым салалары сендіру әдістерін түрлі бағытта және дәрежеде сараптап жинақтауда.

Сенімді қалыптастыруда кең таралған әдістердің бірін ұсынып отырмыз.

Бірінші ереже (Гомер ережесі). Дәлелді келтіру кезегі оның сенімділігіне ықпал етеді. Егер дәлел мынандай – күшті-орташа-ең күшті тәртібі бойынша орналастырылса, онда оның сенімділігі арта түседі. Әңгімені өтініштен емес дәлелдерден бастау керек. Өзің сенбейтін дәлелге жүгіне берме. Ол шешім қабылдайтын адамға тек күмән тудырады. Істің дұрыс шешілуіне дәлелдің аз-көптігі емес, оның сенімділігі алдымен әсер етеді.

Екінші ереже (Сократ ережесі). Өзің өте маңызды мәселе бойынша дұрыс шешім алу үшін оны үшінші кезекке қойғын. Оның алдында әңгімелесушіні өзіңе қарату үшін, оның ойланбай-ақ «иә» деп көндіре алатын екі қарапайым мәселені көтер немесе сұрақ қой. Алдын ала қойылатын сұрақ қысқа-нұсқа болса, әңгімешінің уақытын алмай, оны әдебіңізбен өзіңізге тарта түсесіз.

Үшінші ереже. (Паскаль ережесі). Әңгімешінің намысына тиетіндей қысым жасама. Оның өзіндік пиғылын сақтайтындай мүмкіндік қалдыр. Әңгімешінің арына тимей, оны қиындықтан шығатын ұсыныс білдіріңіз.

Төртінші ереже. Дәлелдің сенімділігі көп жағдайда көндірмекшінің имиджі мен беделіне байланысты. Сөзіңнің өтпейтініне күмәндансаң, беделді маманның пікіріне жүгін немесе қызметі мен әлеуметтік жағдайы жағынан қадірлі адамға «сөзіңді жеткізуге» өтініш білдір.

Бесінші ереже. Өз абыройыңды төгетіндей күйге өзіңді итермелей берме.

Жөнсіз кешірім сұрай беру, өзіңіздің сенімсіздігіңізді білдіріп қана қоймай, оны күшейте түседі. Сенімсіз күйгелек мінез тек абыройды төгеді.

Алтыншы ереже. Әңгімешінің абыройы мен беделін төкпе. Әңгімешіні сыйламау, оның абыройын төгеді, әрі теріс реакциясын қоздырады.

Жетінші ереже. Әңгімешінің орнын тауып айтқан сөзіне кешіріммен, түсінікпен қарайсың, ал келіссіз дәлеліне сыни тұрғыдан үрпиіп қаласың.

Шешеннің бекзаттығы тыңдарманға оң әсер етеді. Оның құрметтер көзқарасы, төзімділігі, сауатты сөйлеуі, сымбаттылығы, бәрі де ықылас тудырады.

Сегізінші ережеӘңгімешіні өзіңе тартқың келсе, сөзді одан алшақтататын кезден бастамай, қайта онымен келісетін жағдайдан бастағын.

Айтылған оймен толық қосылмассаңыз да, әңгімешіні ойын бүкпей айтқанына және онымен танысқан сәтке ризалық білдіріңіз.

Тоғызыншы ереже. Көңіл-күйге ортақтаса біл. Әңгімешінің көңіл-күйін сезінген және ұққан сайын, оның жан дүниесіне енесіз, 1-3 ережені орындауға ыңғайлы мүмкіндікті арттырасыз.

Оныншы ереже. Жақсы тыңдаушы бола біл. Бірін-бірі тыңдамаған кезде адамдар әр саққа кетеді. Тыңдай отырып, әңгімешіні өзіңізге тартасыз, уәжіңізді арттырасыз, 7 ережені дұрыс қолданасыз.

Он бірінші ережеДау-жанжалдан сақтаныңыз. Өзінің өктемдігін, дөрекілігін, тәрбиесіздігін, мақтаншағын көрсеткен, өтірігін танытқан адам тек дау-жанжалдық ырықты үдете түседі. Бұл ереже 7-ге үйлес.

Он екінші ереже. Сіз бірі-біріңізді дұрыс түсінгеніңізді анықтаңыз. Сөздің мағынасы жалқы емес, алуан. Мәлімет берген кезде, оны дұрыс түсіну үшін қайталап анықтап алу артық емес.

Он үшінші ереже. Өзіңнің де, әңгімешінің де қимыл-әрекеттерін, ым-жымын мұқият бақылауға ал. Жүріс-тұрыс пен қимыл-әрекеттің тілін талдай және түсіне білу, әңгімешінің мінез-құлқын, көңіл-күйін дұрыс ұғынуға мүмкіндік ашады.

Он төртінші ереже. Сіз ұсынып отырған қағида әңгімешінің қажетін де қанағаттандыратынын айқындап беріңіз.

Сонымен, сендіру тәсілі тыңдаушының көңіл-күйіне қатысты. Оны тыңдаушының типіне, мінез-құлықтық еркіне қарай ыңғайлаған абзал.

Қорыта айтқанда, сендіру, сенім адамдардың күнделікті өмірінде, іс-әрекет барысында алатын орны орасан зор.

 

Әдебиеттер

1.  Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

3.  Молдабеков Жақан. Шешендік. Оқу құралы. Алматы, 2009