Папышева А.Е.
Дінмұхамед
Қонаев атындағы №19 мектеп - гимназия, Жамбыл облысы,
Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан
Республикасының әлемдік өркениетке кіруі,
нарықтық қоғамға өту жағдайында
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы
адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы
адамгершілік, ізгілік үдерістердің айқын көрінісіне
айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде
ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп
мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп
оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың
қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған [1].
Жеке тұлға
өзіндік құндылық. Оның тұлғалық
қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен
тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Бұл жөнінде ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз
Әл – Фараби, Ж. Баласағұн, А.Құнанбаев ерекше
толғанған, сондықтан ғұламалардың
еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды
үнемі мәселе ретінде көтеріп отырған Д.Кішібеков,
Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы –
қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген
философиялық тұжырым жасаған.
Қазақ
этнопедагогикасында, оқушының жеке тұлғасын
қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері
арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым –
қатынастардың куәсі
болуы қажет. Жанұя
мүшелері бір – бірімен тату – тәтті, өзара түсінікте
болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын
сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен
ынтымақтастығы оның құрамындағы
адамдардың бір – біріне деген қамқорлығынан, тіпті
бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған
орай, ерлі – зайыптылық және ата – ананың сезімін терең
түсіне білулерінен байқалады.
«Жеке тұлға»
ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке
организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет
обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды
қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен
ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік
сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады. [2].
Кеңес дәуірі
педагогикасында жеке тұлғаны қалыптастыру арнайы
бағытталған және көбінесе жобалау пәні ретінде
ғана қарастырылады.
Соның салдарынан
отандық мектептердегі біржақты көзқарас,
оқу-тәрбие үрдісін тек ынтымақтастық ретінде
түсінетін ұғым әлі жойылып біткен жоқ, педагогтар
мен оқушылардың жеке тұлғалық өзара
қарым-қатынасын зерттеуге Я.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Г.Ковалев, Г.С.Костюк, А.В.Петровский,
А.И.Божович, И.С.Кон және т.б. жеке тұлға теориясын
дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Отандық
психологтар мен педагогтардың көпшілігінің пікірлері бойынша,
адамдық индивидтің генетикалық детерминтелген сапасы – жеке
тұлғаның даму жағдайында және биологиялық
қабілетте үлкен рөл атқарады. Бұл ретте адам
биологиясының жануарлар биологиясынан айтарлықтай
айырмашылығы бар, сондай-ақ адамға тән арнаулы адамдық
қажеттілігі туа пайда болады. Оған қарым-қатынас
қажеттілігі жатады және қажеттілік жеке
тұлғаның өзі болып саналу мүмкіндігін естен
шығаруға болмайды.
Тәжірибелі
ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан
расталған мынадай қағида бар.
Баланың сыныпқа
келген алғашқы күнінен-ақ оған
оқушының сабақтағы, жанұядағы және
қоғамдық орындардағы мінез-құлық
ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға
оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және
құқығын бұрынғы ол әдеттенген
жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру керек. Жаңа
ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету – бастауыш сынып
оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға
даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес,
олардың тіршілігін ұйымдастыруы қажетті шарт болып табылады.
Бастауыш сынып
оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында
«Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген
соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде
қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие
болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың
өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы
мен құрбыларының, не үлкендердің ол
жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық
болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі
жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан
асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше
оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің
оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы
кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне
әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан,
оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте
өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді [3,
60 Б.].
Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән
қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап
қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі,
ерік жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, өсімдікті
ажыратудағы талғамы және озгелермен қатынасы
қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып
оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды.
Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын
әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап
көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа
кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы
орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп
бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі
кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ,
бірте бірте міндеттерді орындауға үйрене бастайды. Бұл
мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген
және дәстүр болып кеткен.
Бастауыш сынып оқушыларындағы басты қажеттілік -
оқушы болу. Ол сыртқы
пішіні мен оқуда озат болу ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, «мектеп
оқушысын» алдымен мұғалімнің, содан
соң
құрбыларының
тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен
айқындалады.
Оқушының тұлғалық бейнесі осы міндетті
өтудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында
өзін оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан
бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген
мақтаныш сезімі билейді.
Жеке басының тұлғалық дамуының
мүмкіндіктері: Оқудағы таңдаулар бұл сапалы
білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру,
қарым- қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне сапалы
түрде бірінші кезең ретінде қарау, қол жеткен табысты
нығайту.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық
қасиеттерінің бірі – оның интеллектуалдық
мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Балалардың
интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді
шешу арқылы жүзеге асады:
Оқушылардың пәндерге қызығуға,
алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Табиғат құбылыстарын және өмірді
дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.
Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің
өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету
қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ
үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны
сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және
үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек
[4, 12 Б.].
Өнегелі
жанұяда ғана тәрбиелі ұрпақ өсіп
жетілетіндіктен, бүгінгі қоғамның біршама
қиындық туғызып отырған өтпелі кезеңінде
бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық
қасиеттерін дамытуда ең алдымен, жанұя жағдайының
ықпалы үлкен екендігі белгілі. Бүгінгі таңда
жанұя тәрбиесін жақсарту, ондағы бала мен ата-аналар қарым-қатынасын
ізгілендіру мәселесі мемлекеттік тұрғыда маңызды
орынға көтеріліп отыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарының
мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. "Егемен
Қазақстан", 1995.
2. Қазақстан
Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.
"Егемен Қазақстан", 1994. 20-тамыз.
3. Қазақтың
тәлімдік ой-пікір онтологиясы. І-том. Қ. Жарықбаев және
т.б.- А., 1994.
4. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі.-
А., Дарын, 2004.