Мағауина А. Е., Шаяхметова М. Н.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ
Жоғары
оқу орындарындағы кредиттік оқу технологиясы
Егеменді еліміздің тірегі
бұл - білімді ұрпақ болып саналады.Білімді ұрпақ - ұлт болашағы. ХХІ
ғасыр -білімділер ғасыры.
Өркендеп, дамып, ғарыштап келе жатқан Қазақстан
үшін- жаһандық ғаламның ғажап ортасына ену
барысында алдымен білім мен білік, қайтпас қажыр керек. Ендеше ел
ертеңі үшін бәсекеге
қабілетті білімді, талапты жастарды баулу - кезек күттірмес келелі
мәселе.
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» атты жолдауында; «Біз бүкіл еліміз бойынша
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
көрсетуге қол жеткізуіміз қажет» десе, осы жолдаудың
ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында;
«Ақпаратты технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа
нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де
алдымызда тұр» делінген.
Қазіргі
кезең ақпараттық технология кезеңі, яғни
компьютерлік техника және осыған байланысты барлық
ақпараттық технологиялар үдерісі мен қызметі. Бүгінгі
таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен
өркениетті даму дәуіріне бет бұру заманында жаңа қоғамға лайықты
саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі
қоғамның алдында тұрған негізгі міндет. Кредиттік
жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болды.
Оның негізін 1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті,
белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып,
«кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген
болатын. Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі
жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып
енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық»
жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың
ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын
жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда
«кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес,
орта мектептерде де, енгізе бастады .
Қазіргі
кездегі жоғарғы оқу орнында кредиттік технология негізінде
оқыту жүзеге асырылып келеді. Білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың және
дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне енудің негізі болып оқытудың кредиттік технологиясына көшу саналады.
Жоғарғы оқу орындарының оқу процесіне кредиттік
технологияны енгізудің негізгі мақсаты білім алушы жастарға
білім беру жұмысын жақсартып, жетілдіру болып табылады. Қазақстан Республикасында
кредиттік оқу технологиясы 19 ғасырдың 90-шы жылдарының
ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 27 шілдеде «Білім туралы» жаңа заң қабылданды.
Осы заңның 11 бабында білім жүйесі
мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды
тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік,
дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту
кәсіби білімнің қоғамда және еңбек
нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез
үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске
асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша
оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және
бекітілген. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру
технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және
дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу
процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім
беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу
болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы
жоғарғы оқу орындарына кредиттік технологияны енгізу
себептері;
- еліміздегі білім беру сапасын дүниежүзілік стандартқа
келтіру,
- отандық және дүниежүзілік еңбек рыногында
біздің мамандарға деген сұраныстың биік деңгейі
болуы,
- студенттердің шетелдің жоғарғы оқу
орындарында білім алуға жағдай жасалуы,
- шет елдермен оқушыларды, студенттерді, мамандарды академиялық
ауыстыруға мүмкіншілік қарастыру,
- мамандардың дипломдарының халықаралық
деңгейде жарамды болу негізгі
басты себептері болып табылады.
Кредитттік
оқыту жүйесінің басты ерекшелігі – қойылатын
бағаның әділдігімен оның ашық,
айқындығы, яғни студентке белгілі алын-ала
ұсынылған бағалау шкаласы (көрсеткіш) арқылы
өзінің білім сапасын өзіне бағалап отыруға
мүмкіндіктің берілуі.
Қажет
болған жағдайларда семестр көлемінде түзетулер енгізіп,
көтеру мақсатының пайда болу, жастардың жеке
тұлға болып қалыптасуына, білім сапасының артуына жол
ашу.
Оқу
бағдарламасында әрбір пән
екі немесе үш кредитке бөлінген. Олардың әрбір
кредит көлемінде атқаратын қызметті, міндеттеріде
айқындалынған. Студенттер өздеріне жүктелінген
талаптарды уақытылы орындап,
ұпай санын арттырып отырмаса, сол пән бойынша «жазғы
семестрге» қалу, тіпті GPA төмен болған жағдайда
курстан курсқа көшпей қалуы да қаупі бар.
Екінші жағынан
бұрынғы жүйедегі секілді ұпай санын бір мезетте
көтере де алмайды, яғни әрбір кредит әрбір оқу
күніне, сағатына тәуелді. Ал студенттің
күнделікті сабақтағы,
еңбек өтімділігі, сол сабақ
көлемдегі игерілуі қажетті материал мазмұны мен білім
сапасына тәуелді. Демек бір сабақ көлемде бірнеше
тақырыпты формальді түрде игеруге жол бермейді. Кредиттік
оқыту жүйесінде студенттерге жекеленген пәндер бойынша бағдарламалық материалды игеруге
қажетті .
Бұл
тұрғыдағы білім сапасын бағалау студент пен
оқытушыңы бір-бірінің қызметін қатаң
қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы
оқу орындарында кредиттик оқыту, студенттердің
толыққанды білім
алуындағы ерекше технология. Саналы елдің сапалы мамандарын даялау
барысында көптеген мүмкіндіктер мен жекелеген жауапкершілікті талап
етеіні бәрімізге мәлім.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР;
1.
1.http://www.akorda.kz/ Қaзaқcтaн
Рecпyбликacының Прeзидeнті Н.Ә.Нaзaрбaeвтың
Қaзaқcтaн хaлқынa Жолдayы;
2.
Досжанова Б.Б,
Мирзандаева Р.Ж. Педагогические аспекты организации учебного процесса при
кредитной технологии обучения/ Весник КазНУ, серия «Педагогические науки»
№ 18 163-168стр
3. 2007 жылы 27 шілде «Білім туралы» жаңа заңы