Бастауыш
сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың
әдістемелік негіздері
Жексенова Б.О.
Қарағанды
«Болашақ» маңызды білім беру колледжі, Қазақстан
Педагогикалық
жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар
оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар
оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде
көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың
жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық
жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек.
Мектепке
дейінгі балалармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізу сапалы
білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен
әртүрлі дидактикалық және рөлдік ойында қолдануға
болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін
дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар
аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс
уақытта ырықты
зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта
қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары
көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.
Осы
қиыншылықтардың себебі-баланың ақыл-ой
ерекшеліктерінің қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір
органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы
әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге
өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалык
жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған
балалар тез көнгіш
болып келеді.
Мұндай
артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың
ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін
дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге
бағытталуы керек.
Қазіргі
мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс
анализаторларын дамытуға
аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті
балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін
дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды.
Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда.
Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды,
нақтылы-бейнелі
және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету
оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып
табылады.
Мұғалімдер
балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай
оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде
көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау
жасауды қарастыру қажет.
Үлгермеушілік
сабақ барысында қалыптасады және оның алдын
алуға, күресуге болады. Нашар
бағаға әкеп соқтыратын оқушы
үлгермеушілігінің себептері
оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда,
мектепшілік бақылаудың
мерзімді жүрмеуінде, санитарлық - гигиеналық
нормалардың бұзылуында
жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:
- жекелеген
мұғалімдер сабақтарының сапасындағы,
жаңа материалды тиісінше
түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі,
оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің
тиісті дәрежеде талап етпеуі;
- үй
тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты
тексерудің болмауы;
-
мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі;
-жеке жұмыстың
болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
-
мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі
жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып
жетекшілерінің, әлеуметтік ортақ жұмыс жүргізбеуі;
-
тәрбие жұмысындағы олқылықтар,
оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі,өз
міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп
бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;
- бағалаудағы
біржақтылық ;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде
сабақтастықтың болмауы;
- сабақтан қалдыру,
оқушының ауырып қалуы, т.б.
Ең
алдымен мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек
(үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі
олқылықтардың сипаты). Оқушылардың үлгермеушілігінің
себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар,
семинар, тренингтер өткізуі тиіс.
Олардың
тақырыптары:
Нашар
үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру
үрдісін белсендіру,
үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс
- әрекеті, т.т. Бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы
қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері
айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді
жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет.
Бұл
жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге,
алдын алуға бағыт
береді, көмектеседі. (№ 1 кесте)
Үлгермейтін
оқушылардын оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс
жүйесі.
№ 1 кесте
|
|
Бірінші кезең |
Екінші кезең |
Үшінші кезең |
Төртінші кезең |
|
Оқу материалдарының мазмұнына көзқарас. |
Ең оңай
қызықты материал. (маңыздылығына қарамастан) |
Маңызы бар
материал . |
Маңызды, негізгі,
біраққызықсыз материал. |
Нәтижесін
бағалау. |
|
Оқу үрдісіне көзқарас. |
Мұғалім
әрекететуші, оқушы қабылдаушы. |
Мұғалім
жетекшілікатқарады. Оқушы үрдістіңжекеленгенкезеңдеріндеғанақатысады.
|
Оқушы жетекшілікетеді,
мұғалімүрдістіңжекеленгенкезеңдеріндеғанақатысады.
|
Оқушы өзбетімен әрекет етеді. |
|
Өзіне,
өзкүшінедегенкөзқарас. |
Көп күшті
қажет етпейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын
мадақтау. |
Азғантай күш
қажет ететін жұмыстар, қол жеткен табыстарын
мадақтау. |
Көп мөлшердегі
күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау. |
|
|
Мұғалімге (ұжымға)
көзқарас. |
Бейтараптық |
Мейірбандылық
көңіл бөлу, көмек беру, жаныашу. |
Көмек беру мен қатар өзіндікпікірі-ніңболуы |
|
Пайдаланылған
әдебиеттер.
1. ҚР Ата Заңы. –
Алматы, 1995. Толықтырулар мен 21.05.2007ж.
2. ҚР-ның
Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі
Қазақстан халқына жолдаулары;
3. ҚР Білім туралы
заңы 07.06.1999ж.
4. ҚР Білім туралы
заңы. (толықтыру, өзгерту енгізілген) 15.08.2007ж.
5. ҚР МЖМБС Жоғарғы кәсіптік білім
беру. Негізгі ережелер. 25.08.2005ж. №857 бұйрық
6. ҚР-ның 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 09.01.2004ж.
7. Қазақстан
Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы, Астана.