Жыраулар поэзиясын  оқытуда ақпараттық технологияны

пайдалану

 

Семейдің Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің профессор м.а., ф.ғ.к.А.О. Тоқсамбаева

Семей қаласының № 37 гимназиясының жоғары санатты мұғалімдері С.Б.Тулеубаев, Л.С.Орынғожина

Аннотация

               Бұл мақалада жыраулар поэзиясын  оқытуда ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары туралы айтылады.

 

                                                 Резюме

В данной статье представлена информация о правильном использований информационных технологий в процессе обучения поэзии жырау.

 

                                                   Summary

This article provides information about the correct use of information technology in learning poetry bard.

 

         Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру,  яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып отыр. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.

         Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар(аудио-бейне-құндақтар) жатады.

          Электронды оқулықтар-ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар, электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді.       

           Жыраулар поэзиясын  оқытуда оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігіне келейік.9-сыныпта  жыраулар поэзиясын оқытқан уақытта оқытуға арналға электрондық оқулықты,аудио, видио жазбаларды, слайдтарды пайдаланға дұрыс.

          Енді біз 9-сыныпта  жыраулар поэзиясын оқытуға байланысты дайындалған  электрондық оқулықта жыраулар поэзиясын қысқаша қалай берілгендігін ұсынамыз:

         Мектеп бағдарламасы бойынша 9-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығында Асан қайғы (XV ғ.), Қазтуған жырау (XV ғ.),  Шәлгез Тіленшіұлы  (XV ғ. екінші жартысы – XVI ғ. бірінші жартысы), Доспамбет жырау (XVI ғ.), Жиембет жырау (XVII ғ.), Ақтамберді Сарыұлы (XVIII ғ.), Үмбетей Тілеуұлы (XVIII ғ.), Бұқар жырау Қалқаманұлы, Көтеш ақын, Шал Құлекеұлы (XVIII ғ.) осы аты аталған жыраулар поэзиясы өкілдерінің қысқаша өмірі мен шығармалары берілген. Әдебиет хрестоматиясында жыраулардың өлең- толғаулары аз қамтылған. Толғауларда көнерген сөздер көп кезіккендіктен, оқушылар кітапты оқи отырып бірден мағынасын түсіне қоймайды.

Зерттеулер бойынша оқушылардың алған ақпаратты есте сақтауының орта есеппен алғанда 50%  қамту үшін көрсетілім мен талқылау қажет екен.  Ақпараттық технологияның дамыған заманында сол технологияны қолдана отырып оқушыға жан-жақты білім беруді басшылыққа алдық. Сол себепті,  қазақ хандық дәуірінің ірі өкілдері шығармаларын оқыту мақсатында электронды оқулық шығаруды қолға алдық.  Электронды оқулықтың құрылымына жыраулардың өмірі мен шығармашылығына қоса глоссарий берілді.Оқушылар толғаулардың оқылу мақамын меңгеру үшін аудио жазба тыңдап, өз білімін тексеру мақсатында тест жұмысын да орындай алады.

Электронды оқулықтың мақсаты: жыраулардың  ақындардан өзіндік ерекшелігін көрсету, ғажайып шешендікке құрылған философиялық-дидактикалық толғаулардың, даналық афоризмдердің мәнін ашу. Халқы үшін қолына найза алып, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері, қабырғалы би болғандықтарын жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында мектеп бағдарламасында қамтылмаған шығармаларынан қосымша мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже: Өз заманының терең ойшылдары, афористік-философиялық толғаулардың иесі, халқының қамқоры, ақылшы билері, дипломатиялық ахуал орнатушы – жыраулар жайлы мәлімет алады. Сөз – әрі өнер қаруы, әрі тәрбие қаруы екендігін түсініп, толғауларда айтылған нақыл, өсиет сөздерді өмірде қолдана алады. Оқу бағдараламасында берілген тақырыптарға қосымша мәлімет алады.

Электронды оқулықты қазақ әдебиеті дамуына ықпал етіп, өзіндік із қалдырған жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Қазтуған жыраудан бастадық.

Жорық жыршысы, ірі эпик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық, афоризм мен даналық ойлары, терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары шындығында да, жыраулықтың биік шыңы, дала поэзиясының шебері екендігіне тоқталдық. Мектеп бағдарламасында Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» мен «Алаң да алаң, алаң жұрт» жырлары берілген, жыраудың шығармашылығын тереңірек оқыту мақсатында электронды оқулыққа «Белгілі биік көк сеңгір», «Қоштасу жырын» қостық. Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі мазмұны, ақындық ойы, ерлік рухы анық сезіледі.

Аты аңызға айналып, ғасырлар бойы өз халқымен рухани бірге жасап келе жатқан жарқын тұлғалардың бірі, ел қамқоры – Асан қайғы.

Мектеп бағдарламасында Асан қайғының «Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең, кем деме», «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Еділ бол да, Жайық бол» толғаулары берілсе, біз қосымша оқуға «Қырында киік жайлаған», «Әділдіктің белгісі» шығармаларын енгіздік. Бұл толғауында адамға тән жаман, жақсы қасиеттерді саралап көрсетеді. Адам тіршілігінде шама-шарқынша дұрыс өмір сүру керек екендігін айтады. Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі – өсиетке, даналық ойға, өмір тәжірибесіне құрылғандығын айқындап көрсету басты мақсатымыз болды.

Доспамбет – тарихи тұлға. XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры. Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – жылқы малына ерекше мән берілген.Доспамбет жыраудың жыраулық поэзияға әкелген жаңалығы – тұңғыш рет әйел адамның, аяулы жардың бейнесін жасайды. Жырау жайлы М.Мағауин, Ә.Дербісәлиннің пікірлерін де қамтыдық. Бағдарламада жыраудың «Арғымаққа оқ тиді», «Дүниенің басы – сайран, түбі – ойран» толғаулары берілсе, «Айнала бұлақ басы тең», «Азау, Азау дегенің», «Тоғай,тоғай, тоғай су»толғауларын қосымша оқу үшін ұсындық. Толғауларының поэтикалық тіліне мән беріліп, ассонанс, аллитерациялардың орынды пайдалануына, дыбыстардың сурет жасаудағы шеберлігіне тәнті болады.

         Шалкиіз Тіленшіұлының дала шонжарларының бірі болғаны, өз өмірінің басым көпшілігін ноғай ордасының әміршісі Темір би төңірегінде өткізуі, оның қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелермен танысады. Әйгілі ақын өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатынасқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Жырау жырларында адамгершілік жайында толғаныстар мол. Шалкиіз – «новатор», қазақ әдебиеті тарихындағы өзгеше құбылыс. Оның жырлары философиялық афоризмнің, динамикаға толы образды сөздердің қайнар көзі. Оны Темір бейнесін жасаудағы поэтикалық тілінен байқауға болады. Мектеп бағдарламасы бойынша жыраудың «Би Темірге бірінші толғауы» берілген. Қосымша оқуға «Ер Шобан», «Ағынды сулар, аймақ көл», «Асқар, асқар, асқар тау», «Би Темірді хаж сапарынан тоқтату» сияқты өлеңдерін қостық. Шалкиіз толғауларының өзіндік көркемдігі, ой тереңдігіне, бұрын кездеспеген, кездеспейтін шешендік оралым, тіл кестесіне, пәлсапалық тұжырымына ерекше көңіл бөлінеді. Шалкиіз туралы жазған Х.Сүйіншәлиев, М.Тынышбаев, Ә.Дербісалин, М.Мағауиннің зерттеу еңбектерімен танысады.

         Ақтамберді жырау басынан қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап, жаумен шайқасқа қатысып ерлік көрсетеді. Жырау ұрпақтары қазір де Семей өңірінде тұратындықтары туралы, солардың айтқан деректері бойынша Ақтамберді Сарыұлының Қаракерей Қабанбаймен бірге найманның бір көсемі, әскербасы, батыры әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет алады. Ақтамберді елін, халқын жаудан қорғаушы, тарихқа оқиғалардың бел ортасында жүруші, «күлдір-күлдір кісінетіп күреңді мінгені» ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аударады. Бағдарламада «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Жауға шаптым ту байлап», «Балаларыма өсиет» жырлары берілген. «Менімен, ханым, ойнаспа», «Уа, қарт Бөгенбай», «Заманым менің тар болды» жырларын қосымша оқуға ұсындық. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі – Шалкиіз, Доспамбет сияқты өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы екендігіне түсінік беріледі. Ақтамбердінің бейіті ШҚО, Абай ауданының Жүрек Жота төбесінің басында екенінен мәлімет алады.

           XVII ғасырда өмір сүрген жыраулар қауымынан қазіргі қазақ оқырманының білері –Жиембет Жырау.Ол Ер Есімінің тұсында өмір сүрген.Есімнің көрші хандықтарымен арадағы соғыстарына қатысады,ерлігімен,іскерлігімен танылады.Жиембет туралы  біршама деректер бар.Әсіресе , «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырында Жиембет туралы көп айтылады.Өлең Есімге көп айтылған.Толғаудан жырау мен Есім хан арасындағы келіспеушілік, хан тарапынан әділетсіздікті көруге болады.Тоғызыншы сыныптың хрестоматиясында «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Басы саудың түгел дүр» толғаулары берілген,оған қосымша «Қол – аяғым бұғауда », «Әй, қыңыр ер, қыңыр ер» өлеңдерін ұсындық.Бұл толғауларда жыраудың арман мұңы көңіл күйі ашық беріледі.Әділетсіздікке қарсы ащы дауысы, жер аударылып жүрсе де, кеудесі мен өрлігін ешкімге таптатпайтындығын көреміз. Арманы - жауға шабылмаған семсері,алынбаған кегін алу.Жырау шығармашылығының маңызы зор. Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын ел қорғаған ер екендігін дәлелдейді.Оның үні - әділетсіздікке , ханға қарсы өткір үн.

         Тілеуұлы Үмбетейдің жырау ретінде артында қалдырған мұрасы аса көп емес,небары 7-8 толғау.Үмбетей беріде өмір сүрген ақын,оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз.Үмбетей есімі Бөгенбай батырмен қатар аталады.Арнау жырларымен аты шыққан.Әдебиет оқулығында оның «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту»деген шығармасы ғана берілген.Оған қосымша «Бөгенбай өліміне», «Жауқашарға», «Бәкеге» , «Бекболат биге», «Бұқарға айтқаны» сияқты шығармалары берілді.Өз шығармаларында батыр тұлғасын көркемдеуде теңеуді ерекше қолданады. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауында Абылай бейнесін ерекше сипаттайды.Толғаудың құрылысы да ерекше.Толғаудың құрылысына көңіл бөлсек Абылайды мадақтау, Абылай айналасындағы би , шешен, батырларды мадақтап , көркейтетіні белгілі. Толғауларының көркемдік ерекшеліктеріне , поэтикалық тіліне тәнті боласыз.Оның тек көрнекі адамдарды мақтайтын өлеңдерімен қоса , ұнамсыз типтерді сынай айтатын өлеңдері де кездеседі.Толғауларында шешендік оралымдар , ақыл –нақыл , афористік сарын басым.

          Жыраулар шығармашылығы – өз заманының тарихи шежіресі.Сол себептен де олардың шығармашылығын талдамас бұрын олар өмір сүрген дәуір шындығы туралы сөз еткен дұрыс.Жыраулар шығармашылығын оқытудағы ең маңызды мәселе – әр сөзге, толғау мәтініне көңіл қою, мән-мағынасын түсіндіру, жырау толғауларының барлығында кездесетін пәлсапа , астыратын ойдың мәніне оқушылар назарын аударту болып табылады. Сондай-ақ, толғауларға тән шешендік оралымдар, жыраулар поэзиясында  кездесетін небір күрделі сөз тіркестеріне  көңіл қою өте маңызды болмақ. Жыраулар шығармашылығында троптардың небір түрлері, эпитет теңеулер  өте көп кездеседі. Әсіресе, параллелизм, соның ішінде психологиялық  параллелизмдер, өлеңнің дыбыстық жағы аллитерация, ассонанстардың қабаттаса келіп, толғауды түр жағынан да, ішкі мазмұн жағынан да әрлендіруі,басқа рифма, аяққы рифмалардың қоса жүруі–бәрі-бәрі келіп тұтастай алғанда жыраулар туындыларының көркемдік әлемін құрайды. XV-XVIII  ғасырлардағы жыраулар мен ақындар поэзиясы,негізінен, қазақтың таза өз тілінде туған қуатты да құнарлы , өмірді танытушылық, философиялық – дидактикалық мағынасы мол мұра еді. Біз жыраулар поэзиясының оқушы түсінігіне тән біраз толғауларын ұсындық.

         Енді жыраулар поэзиясында берілетін алғашқы 5 тақырыпты ұсынсақ деп отырмыз:

         Мысалы, 1-тақырыпта ХҮ-ХҮІІ ғасыр аралығында жыраулар поэзиясы туралы айтылады да, Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет туралы жырланады.

 

 

 

 

 

 

 


                     

 

 

                 Ал, 2- тақырыпта толығымен Асан қайғы туралы жырланады. Мысалы:

  қаз

 

 

 

 

 

 

 

 


              Шалкиіз жырау, оның ішінде «Би Темірге бірінші толғау» туралы деректер электрондық оқулықтың 4-тақырыбында жырланады:

 

 

 

 

 

 

 

Доспамбет жыраудың негізгі шығармалары туралы оқулықтың                  5-тақырыбында жырланады.

 

 

 

 

 

 

 

 


             

 

 

 

 


               

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:  

1 Қазақ әдебиетінің тарихы ІІІтом Алматы «Ғылым» 2000ж.

Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы, 1991ж.

3 Тілепов.Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры.Алматы «Білім» 1995ж.

4  Х.Сүйінішәлиев «VІІІ- ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті»,Алматы «Мектеп»1989ж.