Бастауыш мектепте оқушыларына ағылшын
тілін үйретудің қызықты идеялары
Шарапиденова
Әйгерім
Нуржанова
Жайнаш
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің 1-ші
курс магистранты
Қазіргі қазақстандық
қоғам көпұлттық, көптілділік және
көпмәдениеттілік жағдайда дамуда.Сондықтан осы
қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген
мәдениетті тұлға қалыптастыру- өзекті
мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «біз алдағы уақытта осы алған
бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін
боламыз. Сондай биік белестердің бірі-Қазақстанның
дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен,
әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу
керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолында
тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ
ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі
және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді
тілдің бірі –
халықаралық
қатынастағы
ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі – XXI
ғасырдың тілі, сонымен қатар
халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ
тіл болып отыр. Қазіргі кезде
мектеп оқушылары алдында ағылшын тілінде еркін сөйлеу мақсаты тұр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып
отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте
білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында
пайдалана алатын тұлғаны мектеп қабырғасынан
оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,
әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын
тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін ерте жастан
оқытудың мақсаты –
оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай
алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін
оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,
олардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік
беріп, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал,
әлемдік тіл ретінде орныққан ағылшын тілін
меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
шыңдай түседі. Бүгінгі таңда ағылшын тілін білу – уақыт және заман талабы. Қазақстан
бүкіл әлемде үш тілді меңгерген жоғары білімді ел ретінде
танылуға тиіс. Бастауыш сынып барлық білімнің
қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені
үйретсең де, соны санасына сіңіретін нағыз
қабылдау жасында болғандықтан, қандай тіл болмасын өте тез игеріп кете алады. Үш тұғырлы
тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің еліміз
кейбір мектеп қабырғасында
ағылшын тілін бірінші және
үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр.
Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса,
алдағы болашақта нұрлы жолға қадам бастауына
негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі
толық дамып жетілмегендіктен ,әрине, ағылшын тілін
меңгеру бастапқы кезеңде оқушыларға біршама
қиындықтар туғызуы мүмкін , десекте, уақыт
өте келе біртіндеп қалыптасып, ағылшын тілінде
еркін сөйлеу қабілетіне ие
болады. Бастауыш сынып оқушылары
ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын
жоғалтып алмас үшін , біз балаларды ағылшын тіліне
көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерін қолдануымыз
қажет. Ағылшын тiлiн
үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз
халқы мен басқа халықтар арасындағы
ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға
дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi
елдер мәдениетiн үйренеді. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың маңызы
мен ерекшелігі – оқушыда оқу мен жазу дағдысының
негізін қалау, оқушыларда сөздік, дыбыстық
құрылым туралы
түсінік қалыптастыру, әріп таныту, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету,
салауатты, көркем жазу негізін қалыптастыру, сөйлеу тілін
дамыту. Сондықтан ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныпта
ауызша сөйлеу дағдысымен есепке алынады.ХХІ ғасыр
мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы
әлемдегі жан-жақты дамыған, шығармашылықпен,
өз бетінше оқи алатын тұлға ретінде көрсете алуы
тиіс. Ағылшын тіліне оқыту үдерісінде пәнаралық
байланыстың, әсіресі ағылшын тілінің қазақ,
орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл
пәндердің басты мақсаты жас өспірімдерді тілге
үйрету. Ағылшын тілін
бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы
әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне
көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі,
сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын
арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте
мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді. Белгілі ғалым Н. Д.
Гальдскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін
меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық
қабілеттері, табиғи қызығушылығы
әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай
жасайды. Ал сабаққа деген қызығушылық –
жақсы үлгерімнің негізгі шарты. Шет тілін оқып,
үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін
әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету
оңайға соқпасы анық. Бұл кезде
мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін
бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі
тәсілдермен білім алуға үйрету керек. Бастауыш сынып
барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып
оқушыларына нені үйретсең де, соны санасына сіңіретін
нағыз қабылдау жасында болғандықтан, қандай тіл болмасын өте тез
игеріп кете алады.
Бастауыш сынып
оқушыларына тілге үйрету
барысында көбінесе көрнекіліктерді қолдану – басты
құралболып табылады. Оның нәтиже беруі дұрыс
ұйымдастырылуы мен ұсынылуында. Жалпы тілді уйретуде
қызықты идеялар өте көп, соның бірі төменгі
сынып оқушыларына көрнекілік құралдарды жиі пайдалану.
Сурет арқылы балалардың сабаққа деген
қызығушылықтары пайда болады және есте сақтау
қабілеттері артады.
Жалпы сабақ барысында
көрнекіліктерді қолдануды көптеген ғалымдар зерттеп
келеді. Көрнекілік ұғымын чех педагогі Я.А.Коменский
ғылымға енгізген болатын. Одан кейінгі педагогтар швейцар И.Г.Песталоцки,
шетел А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д.Ушинский көрнекілікті дидактика мен
әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптатырды.
Көрнекіліктің үлгілерін
пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп,
“Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп
қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін”
мақсат етіп қойды.
Тіл дамыту
барысында көрнекіліктерді қолдануды Р.Б.Сариева,
А.К.Жақсылықова шетел ел сабағын интерактивті тақтада
өтудің маңызы зор екенін айтты. Ә.Н.Жансеркеева,
И.А.Құттыбаева көрнекі құралдарды
қолданудың теориялық ерекшеліктерін қарастырды.Бұл
оқушылардың сабаққа деген ынта жігерін және
қызығушылығын арттырады.
Қолданылған
әдебиеттер:
•
Бориско, Н.Ф. Сам себе методист, или Советы изучающему иностранный
язык [Текст] / Н.Ф. Бориско.- Киев: «ИНКОС»,2001.
2. Арустанянц Е.С. Ролевые упражнения как одно из
средств интенсификации обучения диалогической речи. Проблемы интенсификации
обучения иностранному языку в высшей школе.
3.Ариян М.А. Варианты ситуативных ролей для средней
школы. ИЯ-ИЯШ 1985.
4. Дмитриева О.В. Ролевая игра в бизнес-курсе. – М., 2002.
5.
Т.Аяпова З. Әділбаева, Ж. Тұтбаева, Ж. Құрмамбаева.
Ағылшын тілі. Алматы 2007