Орта мектепте ХХ ғасыр әдебиетін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану

 

Семейдің Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.к.А.О. Тоқсамбаева

Семей қаласының № 37 гимназиясының бірінші санатты мұғалімдері

Ғ. М.Ағыбаева, Ш.Б.Каптагаева

 

Аннотация

               Бұл мақалада орта мектепте ХХ ғасыр әдебиетін оқытуда ақпараттық технологияны дұрыс пайдаланудың тиімділігі туралы айтылады.

 

                                                 Резюме

В данной статье представлена информация о правильном использований информационных технологий в процессе обучения литературы ХХ века.

 

Summary

This article provides information about the correct use of information technology in teaching the literature of the twentieth century.

 

           Қазіргі кезде республикамызда әлемдік жалпы білім беретін сатыға көтерілу бағытында, білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру үрдісі өтіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені белгілі [1, 1].  

            Бүгінгі күн ұстаздың басты мақсаты – өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Осы бағытта ең негізгі міндет қоғамның қазіргі даму кезеңіне жауап беретін білім мен тәрбие берудің жаңа үлгілерін жетілдіре оқыту технологияларын пайдалана білім беру.

           Әлемде неше түрлі әдістемелер бар, оның тиімдісін таңдай білу абзал. Әңгіме әдістеменің дүрілдеген атауында емес, оның оқушының дамыта алатын тұжырымдамасында, стандарттан аса алатын технологиясында.

ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.

Сондықтан жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде кез келген ақынның не жазушының өмірі мен шығармашылық өсу жолын оқып-үйрену ерінбей ізденуді қажет етеді. Өйткені бұл жұмыс әр шәкіртті жазушының не ақынның шығармашылығымен жан-жақты таныстыра отырып, оны дұрыс әдебиеттанымдық талдау жасауға, қаламгердің  көркем шығармаларының идеялық-эстетикалық табиғатын терең ұғынуға апаратын баспалдақ және монографиялық түрде қарастырылатын әдеби мұраның есігін ашатын кілті іспетті. Сондықтан да ұстаз өмірбаянға қатысты әңгімеде сан алуан тарихи, әдеби, өмірбаяндық деректерді, қосымша материалдарды мейлінше ұтымды сұрыптап, оның ең мәнді үлгі-мысалдарын жазушы шығармашылығында суреттелетін дәуірмен байланыстыра қамтып,  ақын немесе жазушының әдебиеттегі алатын орнын, рухани болмысын, азаматтық келбетін көрсетуге  әрекеттенеді. [2, 15]

Заман сұранысына байланысты білімді жеке тұлға тәрбиелеуде әр түрлі ізденістер жүзеге асырылуда. Оқытудың жаңа технология әдіс-тәсілдерінің түрлері тиімді пайдаланылып, оқушылармен топтық оқыту, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сатылай комплексті талдау технологиясы, ақпараттық технологиялар түрлері оқытудың сапасын жоғарлату мақсатында оқыту жүйесіне енгізілуде. Оқу жүйесіне тиімді технологиялардың енуі – бүгінгі күн талабы. Оқу – тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру технологиялардың жетістігі. Жаңа ғылыми технологиялар дегеніміз –бұрынғыны мүлдем өшіріп, жаңаша жазу деген сөз емес. Қайта бұрын болған дүниелерді заманауи техникалармен байланыстырып, оларды жаңа қырынан таныту болуы керек. Ал әдебиетті оқыту дегеніміз – ең бірінші көркем шығарманы оқуға деген оқушы қызығушылығын тудыру.

«Әдеби шығармаларды талдаудың әдістемелік жолдары әдебиетті оқытудағы маңызды мәселелердің бірі. Оқушының қабылдау мүмкіндігін анықтағанда, ол қандай түрлерде жүргізілсе де, мұғалімге талдау бағытын анықтау үшін талдаудың негізгі жолдарын белгілеп, мәтінді оқып-үйрену әдістерін таңдап алу қажет. Сонымен бірге оқушы ықыласын ояту –шәкірттерді белгілі бір бағытқа бағыттай талдаудың қажеттілігін танытады. Оқушының қабылдау қабілетін анықтағаннан соң шығарма талдауды тірек етіп, оқырман автордың көзқарасын білгеннен кейін мұғалім мектепте әдеби шығармаларды оқып-үйренудің мазмұнын және жүйелілігін анықтайды.

Мектептегі шығарма талдау негізінде әрқашан әдебиеттанымдық ұстанымдар жатқаны жөн. Бірақ, оған шәкірттердің жету жолы, ойлау деңгейі мектептік талдауда ғылыми-әдебиеттанымдық зерттеулерден көбіне өзгеше болып келеді. Мектептегі әдебиеттанымдық талдауда шығарманы авторлық ойға қарсы қойып алмау қажет. Мұнда мұғалімнің әдебиеттану ғылымындағы жетістіктерді пайдалана отырып көркем шығармаларды көпшіліктің ойлау деңгейінде қарастырып, оны тек түсіндіру төңірегінде қалып қалмағаны жөн.

Мектептік талдауды ұйымдастыру ежелден қалыптасқан әдістемелік ғылыми негіздер мен мектеп қабырғасындағы әдеби шығармаларды талдаудың көпжылдық тәжірибесіне сүйенеді. Көркем шығарманы талдаудың әдістемелік жолдарын оны жүйелі талдаудың өзіндік әдісі, әдеби шығармаларды қарастырудың ерекше бір мүмкіндігі деп білу керек» [3].

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез-келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы  – жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді [4,16] .

Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.

Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова) [5,89],  «Деңгейлік тапсырмалар»  (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды. [6,122]

Қазіргі заманның әлеуметтік -экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін-өзі жан-жақты танып-білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Осыған орай оқушылардың білімін тереңдету мақсатында колледжімізде жаңа технологиялық бағдарламалар қосылуда.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолдануымыз керек. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Егер біз әрбір сабағымызда озық технологияларды пайдалансақ жақсы нәтижелер аларымызға сөз жоқ. Кез келген сабақта тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналса. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп болар еді. [7,30]

Қазақ әдебиеті  пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу керек. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған.

Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды. Әрбір оқушы І деңгей тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы. [8]

Деңгейлеп-саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуы, белсенділігі, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс-тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады. Деңгейлеп-саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», –деп Әбу -Насыр әл -Фараби айтқан.

Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар мектеп қабырғасында меңгерген білімдерін колледжде одан әрі ғылыми – практикалық түрде дамытады. Осы мақсаттың орындалу жолында тілдік материалдарды модульдік жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді, әрі оқушының жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді. Олар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша дайындалған тірек кестелерімен, мәтінмен, басқа да ізденімпаздық, шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен өздерінің  дағдыларын қалыптастыра алады. [9,42] .

Осы орайда қазақ әдебиеті пәні бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін береді.

Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды  шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.

Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады: қызығушылықты ояту;  мағынаны тану; ой толғаныс. [10,22]. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.

Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру. Сонда ғана қабілетті жас ұрпақ  дайындай аламыз. [11,92] .

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Бір сөзбен  айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту үдерісіне кеңінен әсер етеді. [12,176].

 

 

 

 

                 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1 Сманов Б.Қазақ әдебиетінің нұсқаулығы 11 сынып. –А: «Рауан», 2005.

2 Сманов Б.  Ғ.Мүсірепов шығармашылығын оқыту. (оқуәдістемелік нұсқау). А:Білім,-108бет. 2002ж.

3 Жұманова Р. Эстетикалық тәрбие және көркем шығарма. // Қазақстан мектебі,// 2001. № 7, шілде. – 43 б.

4 Ж.Н. Садуова. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру. «Қазақ тілі мен әдебиеті» // 6.2013

5 Жанпейісова М.М. Модульная технология обучения как средство развитя ученика -Алматы: 2001,154с.

6Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2005. – 177 б.

7 Қирабаев С., Асыл Ү., Құрманбай Г. Қазақ әдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10 – сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2006. – 23 б.

8 Егеубайұлы А. Білім технологиялары – оқу – тәрбие үрдісінде. // Қазақстан мектебі,// 2010. № 12. – 14 б.

9 Қ.Ж. Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж.-220бет

10 Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана, 2012ж.

11«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 4.2012ж.

12 Ж.Б. Қоянбаев  «Педагогика». Алматы.,1992ж;-270бет.