Карабаева Г.Б

                               ЖББОМ № 65 Қарағанды.Қазақстан

 

          Oқушыларының шығармашылығын жан-жақты дамыту

 

Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н.Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отан сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан – жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді жатқызуға болады :
1.    Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2.    Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3.    Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4.    Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5.    Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан – жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.

Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс — әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа байланысты етеп алған дұрыс.Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.  Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын

жоғары бағалаған. Тиімді қолданылған ойын  мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы  ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
темелік талаптарын біліп орындауы тиіс. Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену бтаарысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі арды, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру.

               Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар :

«Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші — өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу :   оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау; шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай :
—    тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта                 пікірталас тудыру;
—    логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
—    бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс
—    әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
—    қиялдау арқылы сурет салғызу;
—    ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
—    мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Осындай жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.

Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады.   Ана тілімен қатар қазақ тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Мысалы:

1.                 Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп  жаз:

Қыран          қала       Дархан  

Мұз              бұлақ     есек

Қысым         сүт        киім

1.                 «Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құрама

1.                 Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:

Зықыл  (қызыл)                рыса (сары)

Ыңқал (қалың)                  ікби(биік)

Анжу (жуан)                     рат(тар)

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.

П а й д а л а н ғ а н    ә д е б и е т т е р  :

1. Педагогикалық ізденіс.     Алматы,    Рауан   1990 жыл
2. С. А. Көшкімбетова,   Т. К. Кенжебаев
«Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жолдары».   2004
3. Бастауыш мектеп   №5    2003 жыл —

4. Бастауыш мектеп   №1.   2006 жыл
5. Бастауыш мектеп     №6    2009 жыл
6. Қазақстан мектебі  №4    2008 жыл