А.Ж. Жайлаубаева, Ж.Ж. Жайлаубаев, Ш.Б. Узенбеков

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Заманауи білім беру үрдісінің кейбіР проблемалары

        

Жоғары білім қоғамдық қажеттілікті қанағанаттандыру мақсатында қызмет көрсететін әлеуметтік институты болып табылады да, қоғамдағы ішкі және сыртқы өзгерістер мен процестер әсеріне сезімтал болып келеді.

         Ауқымының, мазмұның жанжақтылығынын тұрақты артып келе жатқан халықаралық экономикалық байланыстар,  ұлттық жоғары оқу орындарының кәсіби деңгей жоғары мамандар дайындауды қалыптастырудың қажеттілігін туындатады. Бұның нәтижесінде, ұлттық жоғары білім беру жүйесінің әлемдік ғылым мен техниканың дамуына негізделген «халықаралық стандарттар» ұмтылысы екені түсінікті.

Әлемдік жаһандану үрдісінде де ұлттық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық қауымдастықтың қажеттілігінен туындайтын жаңа бағытты қажет етеді. Жаһандану жағдайында әлемдік ақпараттар интернеттік ресурстар түрінде таратылатын коммуникациялық жүйелерге тосқауыл қою мүмкін болмағандықтан білім берудің мазмұны мен технологиясында әмбебаптандыру міндеттері туындайды. Жоғары білім беру саласында, әлемдік білім беру жүйесімен интеграциялаудын жаңа кезеңіне өту нәтижесінде сапа деңгейлері көтеріле түсуде. Ұлттық жоғары білім беру саласының әлемдік әлеуметтік жүйеге қосылуы әр түрлі деңгейдегі және сипаттағы бір-бірімен тығыз байланысты көптеген көріністер табуда. Білім беру қызметінің нарығында бәселелестікке сай әрбір ЖОО өзінің орнын ала отырып, өзінің негізгі бағыттарын табуда. Жоғары білім беру жүйесінің тұрақтылығын қанағаттандыру үшін оның тұрақты дами отырып, заманауи әлемдік жағдайға бейімделуін талап етеді. Соңғы жылдардағы сарапшылардың жиі айтып жүрген, жоғары беру саласындағы дағдарысты, оның уақыт талабына сай мазмұны, үлгісі және міндеттер жағынан реформалауды қажет ететін белгі деп қабылдау қажет.

         Сондықтан халықаралық деңгейдегі жоғары білім беру жүйесінің интеграциялау-объективті даму процесі, оған қосылмау немесе оны мойындамау үлкен қателік және оқшалану нәтижесінде кешелеуді ұлғайта түседі. Халықаралық ынтамақтастық әлемдік жоғары білім беру жүйесінің дамуының қуатты, тетігі болып табылады да, төмендегідей бірқатар өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: жоғары білім беру деңгейі мен мазмұнының қоғамдағы экономика, саясат, әлеуметтік, мәдени салаларының деңгейін қамтамасыз етуге; өңірлердегі және қатар орналасқан мемлекеттердегі мамандар дайындау деңгейін біркелкілігін қалыптастыруға;  жоғары білім беру саласында халықаралық ынтамақтастық пен әріптестікті нығайтуға; дамыған елдердің білімінін тәжірибесін басқа елдерде бірігіп қолдануға енді дамып келе   жатқан елдердегі жоғары оқу орындарының дамуына,  сонымен бірге халықаралық корлардың қаржылай көмегімен; жоғары білім беруді дамыту мақсатында жоғары білім беру мекемелердің іс әрекетін үйлестіру; «ақылдар ауысуын» себептерін болдырмау мақсатында жоғары білім беру сапасын, тәжірибе алмасу білімді жетілдіруді ынталандыруды қамтамасыз ету, жоғары білім беру жүйесіндегі қалыптасқан ғылыми мектептердің бәсекелістігін қолдау академиялық ұтқырлық пен өзара қарым-қатынаста дамыту.

         Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену жұмыстары оң шақты жылдан бері жүргізілуде. 2007 жылы универститтердің обсерваторияланың Ұлы хартиясының Бас хатшысы доктор Андрис Барбланның қатысуымен кредитті оқыту технологиясы бойынша бірінші халықаралық семинар өткізілді. Сол кезде Қазақстан Республикасының («Тараз Декларация») Меморандумына  еліміздің 18 жоғары оқу орындарының ректорлары қол қойды, шын мәнінде «Тараз Декларациясы» Европаның жоғары оқу орындарының басшылары қол қойған Европалық Универститтердің Ұлы Хартиясының принциптеріне сай келетін еді.

Болон декларациясының мақсаты – жоғары кәсіби қызметкерлерге ортақ бірінғай Европалық еңбек рыногы, европалық білімге еркін қол жетімділік, жоғары білім беру жүйесінің салыстырмалы сатыларын қалыптастыру Хартиянын принциптерін ірге тасынын ішінде, универститтердің саяси және экономикалық биліктен моралдық және интелектуальдық тәуелсіздігі;  педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметтердің бөлінбес бірлігі, себебі білім беру қоғамдағы ғылыми, эволюциялық дамумен қатар жүріп отыруы қажет; әлемнің әр түрлі мемлекеттер универститтерінің қауымдастығы.

Уақыттың жылдам өтуіне, қоғамдағы тез өзгерістер болуына байланысты ғарыштық жылдамдық секілді білімде тез ескіреді. Сондықтан бітірушілерді дайындаудың басты міндеті, өздігінен жұмыс істей алатын бағытталған, оны толықтырып отыратын, білімін, дағдысын қажеттілігі бойынша жанартып отыратын мамандар дайындау. Осындай дайындық бакалавриат (әр түрлі жүйелерде-3-4 жыл) бағытталған. Ары қарай тереңдете мамандыру (1-2 жыл), ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыстарға дайындықты магистратурада жүргізеді. Бакалавриатынын өзі жоғары білім беретінің атап өту қажет оның бітірушілері бітірілген жоғары білімді мамандық қажет ететін қызметте толықтай жұмыс істей алады.

ҚР Болон процессіне қосылуы, халықаралық сарапшылардың айтылуы бойынша, Қазақстанның ЖОО және студенттеріне нақты артықшылықтар береді. Бұл: отандық білім беру бағдармалалары мен оқу жоспарларын Еуропалық стандарттарда сәйкестендіред; оқытушылардың және студенттердің академиялық ұтқұрлығын қамтамассыз ету; Қазақстан ЖОО студентерінің білім алу кредиттерің шетел университеттерінде қабылдануы; екі дипломдық білім бағдарламасының іске асыруы; жоғары білім туралы Қазақстандық дипломдардың саналатындағы; бітіршулердің Болон процессіне қатысты кез-келген елде жұмысқа тұру құқы.

Қазақстанның Болон декларациясына қол қоюы - Республиканың жоғары оқу орындарының бітірушілерінің халықаралық еңбек рыногында бәсекелістікке, сәйкестігін және білім сапасын арттыруға бағытталған тарихи қадам[3].

Жоғары дамыған елдердің негізгі бәсекелістік артықшылығы көп жағдайда адам потенциялы дамытуға мүмкіндік беретін білім жүйесінің жағдаймен аңықталынады. Еліміздің экономиялық тұрақты дамуының алыс және жақын болашаққа қамтамасыз етудің негізгі көзі де осында болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті  Қазақстан халқына жолдауында « Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық көтерілуі- жаңа «мүмкіндіктер бөлімінде» Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға сай болуы керек» деген мідет қоюы кездейсоқ емес. Осы міндеттерге байланысты, Қазақстан ЖОО рейтингі бойынша  әлемнің жетекші университеттері қатарына енуі қажет. Соңғы жылдарда, білім мен ғылыми саясында озық елдердің қатарына қосылатындай, бәсекелісттіке сай болатындай сапалы секіріс  жасауға мүмкін беретін көптеген жағдайлар жасалынуда. Біздің елемізде жоғары дамыған мемлекеттер қатарына қосылудың негізі қаланды деп толық айтуға болады[1].

Білім саласын реформалау-Қазақстанның бәсекелістікке сәйкестігін нақты қамтамасыз етуге, мүмкіндік беретін маңызды тетіктердің болып табылады.

2020 жылға дейін елеміздің барлық мектептері интернетпен локалды желісімен және сандық контентпен толық қамтамасыз етіледі.

Елбасының Жолдауында белгілендегі, Қазақстаның 2020 жылға дейінгі дамуынын Стратегиялық жоспарында білім сапасын барлық деңгейде арттыруға бастңқылық берілген.

2015 жылғы Болон процесінің негізгі параметрлері жоғары білім беру саласында  орындалады. ЖОО 10% халықаралық мамандырылған аккредитациядан өтеді. 2020  жылға дейін  Қазақстанның екі ЖОО әлемдік озық универститтер қатарының рейтингінен орын алады. Жоғары білім беру жүйесі елімізді жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ете алатын болады[1].

Болон процесінің міндетті талабы – білім берудің бірінші сатысынын кейінгі берілетін академиялық дәреже еңбек рыногінде қажетті болады. Болатын процесінен басқа принциптері:

-         Академиялық кредиттер жүйесін енгізу;

-         Кредитті оқыту технологиясын енгізу;

-         Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқұрлығын қамтамасыз ету;

-         Дипломға біріңғай Еуропалық қосымша беру;

-         Жоғары білім сапасына бақылау және т.б.

Болон декларациясының бұл ұсыныстары Қазакстанның білім беру жүйесі үшін қажет, тиімді, сонымен әр түрлі дәрежеде болса да шешімің тауып жатыр.

Көп деңгейлі білім беру – жоғары технологиялық ақпараттың қоғам дәуірінде, адамзаттың заманауи даму сатысындағы қажеттілік.

         Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне енуі, Қазақстаннан білім беру қызметі рыногындағы ішкі қажеттілікке сай келеді. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне  енуінің басты мақсаты-Қазақстанның жоғары білімін әлемдік білім саласымен қауымдастығымен интеграциялау мақсатында әлемдік стандарттарға сай сапасын көтеру, ол үшін оқытушылардың,  ғылыми қызметкерледің және студенттердің академиялық  ұтқырлығын біртіндеп арттыру қажет.

         Өкінішке орай, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі әзірше, көп деңгейлі жоғары білім беру мен кредитті оқыту технологиясының заманауи талаптарына қанағаттандыратын мемлекеттік білім беру стандарттарына қол жеткізе алмай келеді. Жұмыс істеп тұрған білім беру стандарттары, олардың лицензиясының және аттестациялық талаптармен, ЖОО оқытушылардың әлеуметтік-құқықтық  бүгінгі жағдайы, жоғары білім бері жүйесінде инновациялық процесстерді аса ынталандырмайтынын мойындау қажет.  Жоғары білім берудің стандарттары бүгінгі кезге дейін, шамасы келгеннің оқу орнының принциптерімен дайындалып келді. Қол жеткен оқу орны өзіне тиімді етіп дайындалады. Бұлай дайындалған стандарттар ( МЖМББС) басқа жоғары оқу орындарына, өңірлік ерекшеліктерді ескеріп тиімді оқу жоспарлары мен бағдарламалар дайындауға қиындықтар туғызады[2].

         Білім беру бағдарламаларының модульдік прициптеріне ауысу білім беру жүйесінің еңбек рыногінің сұраныс қанағаттандырылатындай білімгердің қабілетінің ашылатын мүмкіндік беруге бағытталған икемділік туғызуға жағдай жасай алады. Мамандық қажеттілігі мен оқытылатын пәндер және білімді бағалауда да жұмыс берушілер пікірлері ескеріледі. Пәндер бойынша білімді бағалау кредитті оқыту технологиясы бекітілген ережелерімен жүргізіледі: 100 баллдық (60-40) студенттің семестрдегі жұмысының нәтижесі және қорытынды емтиханда алған бағасы кредитті – модульдік білім беру жүйесінде оқыту пәндерінің мазмұны модульдік бөлімдерден (мазмұны мен мағынасы толық біткен) тұрады, олардың әрқайсысы бақылау нәтижесімен аяқталады: есептеу – графикалық тапсырма, бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу және т.б. Оқыту пәндерінің модульдер жиынтығының сипаттамасы жекеленген баллдар бөлінген жұмыс түрлері технологиясының карта түрінде келтіріледі де кафедра мәжілісінде талқыланып бекітіледі. Семестірдің бірінші аптасында студенттер пәннің, технология картасымен, оқыту прцесінің модульдік приципінің ерекшеліктерімен рейтингті бағалаудың жолдарымен таныстырып алу керек.

         Модульдік жүйе бойынша студенттердің өзіндік жұмысын сапасын арттыруда ынталандыру мақсатында білімін бағалауды емтихансыз өткізуге болады. Бұл жағдайда, студентті семестр рейтингтерді табысыты өткенде іске асыруға болады: біріншіден, семестр бойынша бағдарламалрына материялды толық менгергенде; екіншіден ағымдағы үлгерім объективті бағаланғанда жиын студенттің белсенділігінде. Қорытынды бағалауды семестрдің соңында бағдарламасы толық орындалған студент жіберіледі. Бұл жұмыстардың орындалуына жауапкершілік пен жүргізілетін кафедра жауапыт болып табылады. Ағымдағы үлгерім нәтижесі бойынша емтихансыз аттестациялану мүмкіндігі студенттер үшін семестр бойынша тынымсыз, бірнеше жұмыс істеуді ынталандыру болып табылады. Студенттердің білімін бағалауда дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде, қорытынды бағаны автомат түрінде алуға мүмкіндік беру, студенттің өзіндік жұмыс істеуіне, өзіндік білім алуына, өзіндік заманына мүмкіндік беру болып табылады[4].

         Оқу процесін модульдік – рейтингті технология бойынша ұйымдастыру кез келген студентті барлық пәндер бойынша семестрде, оқу жылында, барлық оқу кезеңдеріндегі рейтингі жөніндегі мәліметтерді біліп отыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде студенттің жалпы академиялық рейтингін, оның болашағының сандық және сапалық көрсеткіштері ретінде, болашақ қызметтік карьерасы ықпал ететін факор ретінде қарастыруға болады. Жоғары білім беру саласында қалыптасқан аралық және қорытынды бағалауда қолданып келе жатқан «иә» немесе «жоқ» деумен шектелетін тестілеу тәсілінен шектейтін уақыт жеткен секілді. Бұл тәсі көп жағдайда оқу материалының мғынасын толық ашуға мүмкіндік бермейтін сұрақтардан тұрады да, студенттердің белсенділігін төмендетіп, ұсынылған оқу және ғылыми әдебиеттерді оқуға ынталандырмайды. Студенттердің интелектуалдық қабілеті мен білімі, білімді бағдарлаудың аралас (ауызша жазбаша) емтихандар қолдану нәтижесінде толықтай бағалауға болады. Нәтижесінде сауатты шексіз ойлау кабілеті дамыту және ойын жеткізіп айта білу дағдыларын қалыптастырады [4].

         Бұл үрдістің бастауы мектеп бітірушілердің ҰБТ дайындау кезінде, орта мектептерде бітірушілері жыл бойы тест сұрақтарын жаттаудан басталады.

         Сондықтан біздің ойымызша білім сапасын арттырудың кейбір қажет мәселелері;

-         ҰБТ кезінде тест сұрақтардың оңай жүйесінен логикалық тест сұрақтарына ауысуы;

-         ЖОО түсудің ең төменгі деңгейін 50 ден 60-70 баллға көтеруі;

-         Кейбір ТМД мемлекеттерімен шарт жасау нәтижесімен ҰБТ тапсыруды айналып өту мәселесіне көңіл аудару;

-         ҰБТ – да 50 балл ала алмай творчествалық емтиханмен түскен студенттердің техникалық мамандыққа ауысуына шектеу қою;

-         Бітірушілердің білімін сыртқы бағалауда (БЖСБ) төменгі деңгейін 200 мүмкіндік баллдан 80-90 дейін көтеруі;

Осылардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының ЖОО 400 мыңнан асатын студенттер санын азайту нәтижесінде, жыл сайын бітірущілермен жұмыссыздар қатарын толықтыруын төмендетеді.

         Бұл міндет ЖОО жетілдірілген МЖМББС дайындап және енгізу нәтижесінде алдыңғы қатарлы жетекші оқу орындарына академиялық еркіндік беріп, оқу процесін ұйымдастыруды, қоғамдық үкметтікемес бірлестіктер мен ұйымдардың қатысуымен қадағалау нәтижесінде қол жеткізуге болады. Дайындалатын жаңа стандарттарды физика – математикалық ғылымдар жетістіктеріне негізделген қолтаңбалы іргелі ғалымдар орын алуы қажет. Бұл студенттердің академиялық ұтқырлығына және Қазақстан ЖОО дипломдарының жаһандану кезеңіндегі білім кеңістігінде тиянақты орын алуға ықпал етеді.                       

 

Әдебиет:

1.       В Послания народу Казахстана «Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана»

2.       Жайлаубаева А.Ж., Жайлаубаев Ж.Ж., Узенбеков Ш.Б. «Некоторые проблемы современного образовательного процесса» 24 volume MATERIALS OF XI INTERNATIONAL RESEARCH AND PRACTICE CONFERENCE CONDUCT OF MODERN SCIENCE-2015 November 30 – December7, 2015. Techical sciences Physics. 52-58 стр.

3.       Болонский процесс: проблемы и перспективы / под ред. М.М. Лебедевой. — Москва: Оргсервис-2000, 2006. — ISBN 5-98115-066-1.

4.       Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz