АЙ СӨЗІНІҢ ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ (О.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ГИПОЗЕЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Б.Р. Хасенов, Ж.Е.Хасенова

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Ай «палеолитте жалпы адамзаттың танымында аса маңызды нысан болған, ол ежелгі адамдардың мифтік комплексінде ұзақ уақыт бойы үстемдік құрған». Күн культі Айды тек энеолитте ығыстарған, бұл шамамен б.з.д.3-2 мыңжылдық. Шумерліктер Ур деген қалада Ай құдайы Наннаға табынған. Аккадтықтар бұны Син (Суэн) деп атаған.

Қытай, «үндіс» халықтары, Индия, Египет, т.б. мифологиясында  әйел образы Ай арқылы сипатталады (Кейбір халықтарда ер адам бейнесі ай арқылы кейіптеледі). Айдың формасы, оның түнде әлем төрінен орны алуы, жаңаруы, ескіруі әр түрлі символдық, мифтік интерпретацияларға ие. Толған ай бүтіндіктің, толағай табыстың, туған ай жаңа өмірдің, қайта гүлденудің, жаңғырудың, солып бара жатқан ай жамандықтың, қасіреттің  белгісі болып табылады. Буддизимде Ай бейбітшіліктің, әдеміліктің символы. Үндіс тайпаларында «Айды мәңгі өлемейтін кемпір» дейді екен.

Исламда Алла есімінің этимологиясы, қолданылуы туралы әр қилы болжамдар бар. Алла әл (белгілік артиклі) және Илах (құдай) деген екі компонеттен жасалған сөз. Алла исламға дейін қолданылған. Мысалы, Ислам энциклопедиясында «арабтар Мұхаммедке дейін Алла дейтін құдайға табынған», «Меккеліктердің көп құдайларының бірі болған», Әлем халықтарының аңыздары мен мифтері энциклопедиясында «Алла есімі Мұхаммедке дейін пайда болған» деген жолдар бар көрінеді. А.Гуллиам деген ғалымның көрсетуінше, «Алла Ай құдайының бір есімі болған». Р.Морей: "Племя курайш, в котором родился Мухаммед, было особенно предано лунному божеству Аллаху (ерекшелеген біз) и трем его дочерям, которые выступали посредницами между людьми и Аллахом. Культ трех богинь: Аль-Лат, Аль-Узы и Манат играл важную роль в Каабе в Мекке. Имена первых двух дочерей Аллаха являются женскими формами имени Аллах. Отца Мухаммеда звали Абд-Аллах, дядю Мухаммеда звали Oбейд-Аллах. Эти имена говорят о личной преданности, которую семейство Мухаммеда питало к культу лунного бога», – деп жазады.  Кейбір деректерге қарағанда, «Мұхаммед ай құдайы Алланың діңінде тәрбиеленген. Ол Алланы тек басты емес, жалғыз құдай деп сендірген көрінеді». Қысқа қайырсақ, Алла исламға дейін Ай құдайы болғанға ұқсайды.

Ай көшпенділер мәдениетінде орасан зор ізін қалдырған. Қазақ халқының айды құрметтеуіне байланысты Ш.Уалихановтың мына бір дерегін келтіруге болады. Ғалым: «Ай – бір кезде тәңірі болған тәрізді. Қазақтар жаңа ай көргенде иіліп сәлем береді және жаздыгүні сәлем берген жердің шөбін жұлып, үйге келген соң шөпті отқа салады. Қазақтар айға ұзақ қарамайды, өйткені айдағы  кемпір кірпік санайды деп қорқады. Дәретке отырғанда айға қарап отырмайды. Жалпы алғанда, қазақтар айға құрметпен сөйлейді», - деп жазады.

Ай сөзі әр халықта түрліше аталғанымен, негіздері бір секілді. О.Сүлейменов «Таңба тілі» деген еңбегінде мынадай пікір білдіреді: «Звукоподражательный характер первого названия Месяца (а потом полной луны) у меня ныне не вызывает сомнения. Как и то, что совпадение быка (рогов) с фигурой месяца определило отношение лунопоклонников к Быку, как земному воплошению божественного светила...Бык мог себя акустически обозначить. Его природное слово-речь и стало самоназванием [1, 49]. Адамзат баласы бұқаның суретін бейнелегенде, оны Мө деп дыбыстаған. Бұл аспандағы жаңа туған Айдың таңбасына және атауына да ие болған.

Бұқаның мүйізінің бейнесі мен жаңа туған айдың бейнесі бір-біріне ұқсайды.

 


              Mu- 1) Бұқа. 2) Ай (Месяц-Луна).

Әрі қарай О.Сүлейменов «ай дініндегі алғашқы абыздар үшін «Бұқаның мөңіреуі» (сөзі)» құдайдың сөзі болған», олар сөзді mun түрінде естіген.» деп баяндайды. Бүгінде айды герман тілдеріндегі moon (месяц, луна), month (ай (уақыт), көне иран  тіліндегі muh (munh) көне аталымның қалдығы, бірақ дәл сол қалпындағы атауды ешбір тіл сақтамаған». Қазақ тілінде мүйіз деген сөз осы атауларға сәйкес келетін секілді.

О.Сүлейменов М-диалектісінен бөлек Б-диалектісінің болатынын жазады. Осыған  байланысты Муң сөзі Буң түрінде айтылып, көптеген сөздердің пайда болуына уәж болған. Б-диалектісінде қарапайым таңба бірфонемалы атауға ие болады. Бун – ун – у түрінде өзгеріске түскен сөз майя тілінде ай (луна, месяц) мағынасын білдереді. Көптеген тілдерде айдың бұл атауы ұқсас келеді.  Осы турасында ғалым-ақын былай деп ой айтады: «Одинаковые их название может свидетельствовать о сильнейшшем влиянии разновидности первописьма, подобной письму майя [1, 87].  «Бұл  иероглиф авторының тілінде U- 1) ай, 2) аяқтың ізі мағынасын білдірген. Және у-мәдениеті әріптік жазудың анасы болып табылады». О.Сүлейменов Евразия кеңістігінде ай таңбасы арқылы қалыптасқан аталымдардың ұқсас болуын, Көне Алдыңғы Азияда шумерліктерге дейін «майя қабатының» өмір сүргендігімен түсіндіреді. Түсінікті болу үшін үшкіл айдың таңбасын сызып көрсетуге болады:

Old turkic letter O.png   - U (У) шумер, авеста, көне түркі

       -  U (У) латын

Ғалым бұлардан басқа да көптеген таңбаларды көрсетеді. Еңбектің 240-241 беттерінен толықтай оқып, таныса аласыздар.

Шумерліктерде U атауы он (10) санын білдірген. Және де бұл түркінің У/О дыбыстарының таңбасына (Old turkic letter O.png) ұқсас келеді. Осы мәселеге қатысты О.Сүлейменов: «Если прототюрки были знакомы с графемой в этом качестве, то они использовали ее как и указатель направления – «вправо» деп тұжырымдап, былайша тізбек түрінде көрсетеді:

 Old turkic letter O.png УҢ – 1) он (десять), 2) оң жақ (правая сторона), 3) ол (он). Бұл лексеманың түркі тілдерінде сипаты мынадай: ун (тат.,баш.), он (қаз., түр., аз., қарай.,, өзб., қырғ.,т.б.), вон (як.), вун, вуна, вунна (чув.диал.). Көне қыпшақ тіліндегі оң (10) сөзі праформаға жақынырақ келеді деп есептейді ғалым.

Түркілердің шумерлік таңбамен таныс болуы бағытты білдіретін оң сөзін туындатқан. О.Сүлейменов екінші мағынаның (оңға) пайда болуын ай таңбасымен байланыстыра қарайды: «Исходным, верятно, был знак месяца, истолкованный как след ноги (копыта), ориентированный вправо: Old turkic letter N1.png- уң- 1) след ноги (копыта), 2) количество пальцев на ноге, 3) вправо.

Севортян в эту группу, мне кажется, совершенно справедливо включает древнетюркскую лексему, приведенную венгерским тюркологм Вамбери – ong – «пальцы на ноге. Этот иероглиф в древнейшем курсивом начертании попадает в алфавит: Old turkic letter N1.png – ан – (др.тюрк)» [1, 235].

Түркілік оң > он сөзі мен шумердің u (10) сөзінің  сәйкестігі ықтимал. Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстың түсіп қалуы – шумер тілінің лексикасына тән сипат. Мысалы, мен (қазақ) сөзі ме (шумер), сен (қазақ) сөзі зе (шумер)  түрінде айтылады. Сол секілді ун сөзінде соңғы дыбыс түсіп қалып, у түрінде жеткен секілді.

     Сонымен, О.Сүлейменов көне түркілерде «жарты ай» таңбасы Old turkic letter N1.png - у түрінде айтылғанын алға тартады. Және осы таңбаға нүкте ензізіліп, уй деп аталып «Күн» мағынасын бергендігін, «ал осыдан кейінірек, жазу жазылатын қатты материалдағы нүкте белгілі жағдайда кетіп (өшіп) қалып, жазу жазылған тастың бетінің табиғи кедір-бұдырларымен жымдасып көрінбей кететіндігіне байланысты «Айды жоққа шығарудың» басқа жолдарын іздеуге мәжбүр болғандығын жазады» [2, 304]: «К этому времени месяц с точкой воспринимается как «месяц» : ui – месяц, луна. Ныне в подавляющем большинстве тюркских языков, да и в древнетюркском – аi. Добавляя черту, вторично отрицают луну:

 Old turkic letter Y1.png- i-ai > iai – солнце (др.тюрк.) [1, 240]. О.Сүлейменов йай таңбасы Күн мағынасын білдіретінін көрсетеді. Қазақ тіліндегі жаз (лето), жайлау, жайнау, жайылым,  сөздерінің мағыналарына қарап, йай (>йаз) cөзінің расында да «Күн» мағыналы екендігіне көз жеткізуге болады [2, 303]. 

О.Сүлейменовтің Айдың атауы жайлы пікірлеріне байналысты мифолингвист С.Қондыбай  мынадай уәж айтады: ...«муң» немесе « мунг» сөзі ең бірінші сөз болғаннын өзінде де Айдың ең бірінші аты бола алмайды. Ай мен сиырды (бұқаны) бір сөзбен атауы (муң) содан кейінірек қалыптасқан» [2, 300]. Мифолингвистің пікірінше, дей-түркілер белгілі бір тарихи кезеңде  Айды «Ңаң» түрінде атаған. Яғни, осыдан 5 мың жылдай бұрынғы Айдың дейтүркіше атауы шумерлік мифтегі Айдың тәңіриесі Нанну есіміне ұқсас болған. Ңаң сөзі йай болып өзгерген. Сонымен қатар ғалым, йай сөзінің жай-жапсарына тереңінен тоқталып, оны тек Ай атауымен ғана емес, Жайашы, Күн, Шолпан, Орион (Мерген) т.б. ұғымдармен байланыстырады.

Пайдаланылған әдебиттер тізімі:

1.     Сулейменов О. Язык письма. – Алматы-Рим, 1998.

2.     Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. ІІ кітап. – Алматы: Дайк-Пресс баспасы, 2004. -  516 бет.