Қазақ тілі магистрі Бердибаева И.Н.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Қазақ
тілі дауыссыз дыбыстарының жасалым және айтылым ерекшеліктері
Қазақ тілі фонетикасының көлемді де
күрделі саласы дауыссыз дыбыстар болып табылады. Дауыссыз
дыбыстардың құрамын анықтап, олардың
әрқайсысының артикуляциясын тиянақтап шығу
қазақ фонетикасының даму тарихымен қатар келе жатыр.
Соның өзінде ғалымдар әлі күнге дейін бір
тоқтам, бір пікірге келе алмай жатыр.
А.Байтұрсынұлы өз еңбектерінде қазақ
тілінің дыбыс құрамын анықтауға, олардың
артикуляциясын сипаттауға көп көңіл бөлген.
Сонымен қатар дауыссыз дыбыстарды да жан-жақты жіктеген.
Ғалым қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар деп тұжырым
жасайды.
Ал, белгілі ғалым Қ. Жұбанов «Дауыссыз дыбыстардың бәрі егіз
болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас
үн қосылады» деп тұжырымдайды. Ғалым «болар-болмас үн» деп дауыссыздардың
арасындағы айырым-белгіні айтып отыр. Айырым-белгілерге негіз болып
отырған дыбыстың негізгі жасалым қалпы екенін бірден
түсінуге болады. Олар: жабысыңқы, жуысыңқы,
сыбыр, сыбыс т.б.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны шектеулі
болғанымен олардың айтылым, жасалым және естілім
үлгілерінің саны баршылық. Дауыссыз варианттарының
құрамы мен санын фонологиялық және фонетикалық
болжам арқылы алдын ала түгендеуге де болады. Қазақ
тілі дауыссыз дыбыстарын алдымен дауыс қатынасына қарай бір топтап
аламыз. Соның нәтижесінде дауыссыздар үш топқа
бөлінеді. Олар өзімізге белгілі-қатаң, ұяң,
үнді дауыссыздар. Әр топқа бірнеше дауыссыздар кіреді. Енді
осындағы бір топқа кіретін дауыссыздар жасалу орнына қарай
жіктеледі. Олар: ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тілшік белгілер.
Қазақ тілінде тіл арты дауысыздар жоқ болып шықты.
Қазық тілі дауыссыз дыбыстары жасалу тәсіліне
қарай жіктеледі. Ол белгілер тоғысыңқы, жуысыңқы, діріл жанама болып келеді.
Тілдің жоғары не төмен жатуының өзі дыбысқа
белгілі бір реңк беріп отырады.
Зерттеушілер назарынан қалыс қалып келе жатқан
фонетикалық құбылыстардың бірі - дыбыстардың
көмескі белгілері. Қазық тіліндегі үнді
дыбыстардың тоғысымы босаң болады. Сондықтан да олар
лепсіз айтылады. Бұл
үнді дауыссыздардың негізгі белгілерінің бірі болып
шықты.
Қазық тіліндегі ұяң дыбыстардың
тоғысымы орташа леппен айтылады. Бұл ұяң
дыбыстардың өзіндік белгісі ретінде көрінеді.
Ал, қатаң дауыссыз
дыбыстардың тоғысы күшті болады. Сондықтан олардың лепті белгісі басым.
Олардың осы лепті белгісі әрқашан тұрақты
кездесіп отырады. Еріндік белгінің төрт вариантын байқаймыз.
Дауыссыз жай еріндік, яғни ерін бейтарап дөңгеленіп айтылатын
дыбыс түрленімдері (ұ,ү тұлғалары) және
ерін сүйірленіп айтылатын дыбыс түрленімдері (о, ө
тұлғалары) біріңғай жатады. Еріндік артикуляция
өте белсенді компонент болып табылады. Тіптен ерін дауыссыз
дыбыстың өзіндік төрт вариантпен айтылатынын анықтадық.
Тіл ұшы белгінің ілгерінді кейінді варианттары анық
көзге түседі. Олардың естілім белгілерін де оңай
ажыратуға болады.
Дауыссыз түрленімнің ең көмескі белгілері
жоғары-төмен жұбы болып шықты. Олардың модельдегі
орнын оңай табуға болады екен, алайда естілім белгілері де
оңай ажыратылады.
Қазақ тілінде «ашық-қысаң»
үндестіктің жоқтығы дауыссыз түрленімдегі
«жоғары-төмен» белгінің көмескілігінен деп
жорамалдауға болады. Керісінше «езулік-еріндік» үндестіктің
күштілігі дауыссыз түрленімдегі «ашық-қою»
белгінің анықтығынан деп жорамал айтқымыз келеді. Ал,
«тіл ортасы-тілшік» белгінің өте айқындығы олардың
әрқайсысына жеке-жеке әріп беруге себеп болған екен.
Сонда қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар тобына
ортақ жасалым белгілер бірнеше бола береді.
Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс
тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан
басталады: клуб-клубқа, актив-активке, педагог-педагогтен, завод-заводты.
Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.
Айыру
(ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен
енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі
жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша
дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын
қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып
жазылады: календарь-календары, календарьлық. Медаль-медалы,
медальға, медальдан. Бір буынды
сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде
жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша
сөздің соңғы буынына қарай жалғанады:
ноль-нольге, нольді; февраль-февральда, сентябрь -сентябрьде, сентябрьден.
В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен
енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт,
шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль.
Щ әрпі қазақтың
байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде
ғана жазылады. Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір
жалқы есімдер мен бірен-сараң
жалпы есімдерде жазылады.
Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын),
фәни (дүние) т. б.
Қосарлы
сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме
сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар
дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары
түсіріліп жазылады. Мысалы:
металл -метал-ға, класс -клас-тын, грамм -грам-дап,
прогресс-прогрес-тік, трест-трес-ке, съезд-съез-ге,
поезд-поез-дан, ведомость-ведомос-қа т. б.
Сонымен, дауыссыз дыбыстардың іргелес түрленімі
сөздің табиғи естілуін қамтамасыз ететін бірден-бір
фонетикалық құбылыс.
Әдебиеттер:
1.
С.Мырзабеков «Қазақ тілі фонетикасы» -Алматы. 2004ж.
2. К.Аханов «Тіл
білімінің негіздері» Алматы 2002ж.
3. К.А.Бейсенбаева «Қазіргіи қазақ
тілінің фонетикасы» Алматы 1973ж.