Х.С.Жаманбаева

Жеңістің 30 жылдығы атындағы  орта мектебі, Жамбыл облысы,  Жамбыл ауданы, Қазақстан

 

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

«Тіл ұлттың жаны» деген ұлы адамдар. Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, бүгінгі таңда өз тіліңмен қатар, өзге тілдерді білу басты талап болып отыр. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктері болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын – тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен  бірге өмір тәжірибесін, өнер- білімін жеткізуші құрал. Қазақстан Республикасының президенті  Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы « Тілдердің үш тұғырлылығы» туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдамасында Елбасы « Тілдердің үш тұғырлылығы мәдени жобасын кезеңдепіске асыруды ұсынды.

Ал 2008 жылғы ақпандағы  Жолдауында  « Үкімет  Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл  қоғамымызды топтастырып  отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», - деді. Тілдердің үш  тұғырлылығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Басқаша айтқанда, үш тұғырлы  тіл идеясын былай түсінуге болады, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілді қолдаймыз  және ағылшын  тілін үйренеміз. Демек, үш тұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені , қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, қарыштап дамып жатқан елдер қаншама.  Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер менхалықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін дамытып отырған.

    Көп тілді меңгеру – мемлекетіміздің  халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени қарым-қатынастардың аса маңызды құралы. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта көп тілді еркін меңгерген келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару біздің міндетіміз. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге  қойылатын талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын өз ара қарым –қатынаста  өзін еркін ұстап кез-келген ортаға тез бейімделетін белгілі бір ғылым саласынан білім мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл шет тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын әлемдік ғылым  құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Үш тұғырлы тіл саясаты» біздің пәнімізде жүзеге асырылады. Қазақ мектебінің балалары білімді ана тілі-мемлекеттік тілде алса, сонымен қатар орыс, ағылшын, неміс  тілдерін де  сол деңгейде меңгеруде. Қазіргі таңда шет тілдерін меңгеру- өзекті мәселе, өйткені Қазақстанда әр түрлі шетел фирмалары тілді жетік меңгерген мамандарға зәру екендігі анықталған. Осы тұрғыда біз алдымызға  мақсат қойып, оқып  отырған шет тілін тек оқулықпен оқытуға шектелмей, қазіргі жаңа оқыту технологияларының негізінде интерактивті әдістер арқылы жүзеге асыру қажет. Ел мен ел, халық пен халық жиі араласып, халықаралық қатынастар ерекше  көтеріліп  жатқан қазіргі таңда  дүние жүзінің әлеуметтік   мәдени талап тілегіне орай, бірнеше тілді қатысымдық құзыреттілікті дамыту күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Адамдар ең бірінші бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды дейтін болсақ, сол тіл арқылы түрлі мәдениеттер арасындағы тілдесу диалогпен өркендейді. Тіл  - әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен астасатын күрделі қарым-қатынас құралы. Қазіргі заманғы инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі орта мектепте білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал – білімнің шегі жоқ», - деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына  терең үңілуіне шақырады. « Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал, қазақ тілі  барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып, өз-ара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді»,- деді.

 Үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді: үш тілді еркін сөйлеу технологияларын тиімді пайдалану, заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану, үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету, оқушының тілдік қабілетін толық ашу, сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу, танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі қосымша  материалдарды үш тілде бірдей қолдануға болады. Тақырып бойынша тақпақтар, шағын қойылымдар, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар және ребустар қолдануға болады. Мұндай қосымша материалдар сабақты жандандырады, өткен тақырыпты жақсы қабылдап түсінуге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізеді, оқушылардың тілдік  қорын дамытып, толықтырады.  Оқушылар сабақта белсенділік көрсетіп, сабақтың қызықты өтуіне атсалысады.

 Елбасының  жолдауында көрсетілгендей , алдыңғы 50 мемлекеттің қатарына кіру және бірнеше шет тілін білу, үйрену, сондай-ақ компьтерді жетік меңгеру ХХI ғасыр жастарының негізгі мақсаты- білімді де, бәсекеге қабілетті, полимәдениетті тұлға болып қалыптасу.

  Қорыта айтқанда, « Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік»,- деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің  болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат алға апаратын құдыретті күш тек білімге тән екенін  естен шығармайық.