Х.Есенжановтың
«Ақ Жайық» шығармасындағы жер-су атауларының
этимологиялық және этномәдени сипаты
/көне түркі
қабаты бойынша/
Ажғалиев
Абат Асқарұлы
Орал гуманитарлық колледжі
Ұрпаққа
жарасымды есім беру – ежелден келе жатқан, ізі суымаған
халықтық игі дәстүр. Есімдер де халық тіліндегі
сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі
жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үнін қарт шежіре
сияқты келешек ұрпаққа жеткізіп отырады.
Көне антропонимдер
мазмұнының астарлы сырларына үңілгенде, оның
арнайы сөз етуге тиіс қырларының бірі ұлттық
мәдениетпен, болмыс, рухпен, әдет-ғұрып, салт-санамен
байланысты екеніне көз жеткізуге болады.
Антропонимдер – кісі аттарынан тұратын жалқы
есімдердің ірі разряды. Антропонимдер кісі
аты, әкесінің аты, фамилиясы, лақап аты, бүркеншік аты,
криптоним, қосымша аты, андроним, гинеконим, патроним сияқты
кластарға бөлінеді. Антропоним формуласында, атау беру
уәжінде, атау құрылымында байқалатын әр
халықтың өзіндік атау беру дәстүрі бар. Кез
келген халықтың антропонимдік қоры (антропонимдер жиынтығы)
құрамы жағынан әр түрлі. Әр
халықтың атау тізімі немесе реестрі (антропонимиконы) шектеулі, сондықтан
бір атқа бірнеше адам ие болуы мүмкін. Антропонимдерді
ономастиканың арнайы бөлімі – антропонимика зерттейді.
Қазіргі антропонимдік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
бірыңғай қарастыруға мүмкін емес өте
күрделі және ұзақ үрдіс [8,52].
Антропонимдердің тууы мен
қалыптасуы, қоғам өмірі және халықтың
таным түсінігімен тікелей байланыста болады. Осы тұрғыдан
келгенде көне дәуірлердегі жалпы түркі тілдеріне ортақ,
сондай – ақ, бүгінгі күн қазақ тілінде
қолданылып жүрген түрлі антропонимдердің
тақырыптық топтарының өзі халықтық
мазмұнды құрайтыны даусыз. Демек, антропоним әлемін
халық болмысының құрамдас бір бөлігі деп
қарауға негіз бар. Өйткені, халықтың көне
заманнан бүгінге дейінгі күнкөріс тіршілігі, рухани
әлемі, жаратылыс жөніндегі таным-түсінігі
антропонимдердің де өн бойынан көрініс тауып отыр.
22.Бұл Меңдіқыз
келініңіздің көптен айтып жүрген тілегі еді.(V том, II
бөлім, II тарау 37 б)
34. Меңдібайдың сөзін
Ғүлжиһан «... сол!» деп жорыды.
(І бөлім, ІІІ тарау, 64 бет.)
1.
Бар, шырағым, жолың болсын,-деді Меңдікерей.
98-бет.
1.
Әлде не уақыт Қалыбайдың қалың тізімін
аяқтауға бөленді. 142-бет.
Бұндай наным – сенімдердің антропонимдермен
байланысты тұстарын ат қоюдағы кейбір ырымдардан да
көреміз. Халқымыздағы ырымдар алуан түрлі.
Жырдағы
Тауып, Берді, Тоқтамыс,
Меңді, Меңдіхан есімдері осы ырымдарға байланысты
қойылған. Сәбиінің қайта – қайта шетінеуі
жанына батқан ана мезгілі келгенін сезісімен елсізге кетіп, жападан –
жалғыз босанып, нәрестені етегіне салған күйі
ауылға тауып алдым немесе
құдай берді деп
әкеледі. Әлде баласы өлмесін, тоқтасын, не осы бала өлген баланың орнын бассын
деген ырыммен Тоқтар, Тоқтасын, Тұрсын, т.б. есімдер
қойылған. Халық арасында бетінде меңі бар адам
бақытты болады дейтін наным бар (қарттар әңгімесінде).
Сол меңге байланысты иесіне Меңді, Меңдіхан,
Меңдігүл деген есімдер берген. Кейіннен ырымға баса мән
беру нәтижесінде денедегі мең, қалдың бәрі
бақыттылықтың белгісі деген пікір қалыптасқан
болу керек.
Бақытжан - Қаратай
ханның немересі.Қаратай Нүралы ханның баласы.
( 1-тарау,8-бет)
36. – Маған тұтқын
Қаратаевты келтір, капитан.
(Y бөлім, І тарау, 9 бет.)
Көшпелі мал шаруашылығының
қазақ тілі лексикасындағы қолтаңбасы жалқы
есімдердің барлық түрінде де көптеп кездеседі.
Солардың бір көрінісі антропонимдердегі сипаты. Профессор
Қ.Жұбанов «Қазақ сөйлеміндегі
сөздердің орын тәртібі тарихынан» зерттеу еңбегінде
Жылқыбай, Түйебай, Қойлыбай секілді антропонимдердің
синтаксистік құрылымын талдай келе, бұл есімдердің
қойылу табиғатын халықтың шаруашылық
жағдайының күнделікті өмір салтындағы
көрінісімен ұштастырады. Ауыз әдебиетінің түрлі
жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады.
«Қырымның қырық батыры» жырларында да көшпелі
тұрмыстағы түйенің маңызы, жылқының
адам өміріндегі орны ерекше бейнеленеді, ұлттық ұғымымызда
байлық көзі төрт түлік малмен есептеледі, сол себепті
де төрт түлік мал атауына байланысты есімдер кездеседі. Жылқыбай,
Қойқара, Құлыншақ.
Профессор
Қ.Жұбановтың кісі аттарының қойылу ерекшеліктерін
халықтық дүниетаным тұрғысынан саралай келіп,
былайша түсіндіреді: « . . . в этих личных именах мы имеем дело с далеким
отзвуками тотемистического мировоззрения . . . » [15,15].
Жырда
«бай» сөзімен тіркескен есімдер көптеп кездеседі: Аңшыбай, Жанбай, Кеңжанбай,
Қыдырбай, Қошабай, Жылқыбай, Байқасқа. Профессор Қ.Жұбановқа
тағы да жүгінсек, есімдерде кездесетін «бай» сөзі
«байлық» мағынасын бермейтіндігін , яғни бұл жерде
адамдардың дәрежесін көрсететін мағынада
тұрғандығын атап көрсеткен болатын. Көне түркі жазба
ескерткішінің тілінде күрделі құрамды кісі
аттарындағы «бай» сөзінің титулдық мәнде
жұмсалғандығын көреміз.
Ұлттық
ономастикондық жүйенің оның ішінде антропонимдер де өзіндік ерекшелігі оның
белгілі бір ұлттық тілге емес, ол қандай мәдени
ортадада қалыптасқанына байланысты екенін қазақ
антропонимдерінің лингвомәдени, этномәдени,
әлеуметтанымдық сабақтастықта зерттелуі
көрсетіліп отыр.
Қорыта
айтқанда, лингвомәдени жүйеде анықталатын
қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден
этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани
әлеуметтік құбылыс. Осы жүйеге кіретін
этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында
түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен
жағырафиялық қозғалысы көрініс табады.
Антропонимдер
- әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін
ұлттық символдарға айналып, қазақтың
ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын,
ұлттық арқаудың бірі ретінде қазіргі
қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында
этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы,
жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық
сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан
мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді.
Антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық,
лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық
дереккөз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Есенжанов Х. Ақ Жайық. І, ІІ, ІІ том. Алматы, 1988.
2.
Ержанова Ұ.Р. Ақжайық өңірінің
топонимикасы. Алматы, 2001.
3.
Рысқалиқызы Ұ. Батыс Қазақстан облысы жер-су
атауларының сөздігі. Орал, 2001.
4.
Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты –
тарихтың хаты. Алматы, 1994.
5.
Әшімханова Ф.М. Қазақ тіліндегі антропонимдердің
лингвомәдени
жүйесі. Филол.ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 1998. –18
б.