Право/13. Международное право

 

М.ю.н. Нуртай М.Н., м.ю.н. Наурызбаева М.А.

 

Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати, Казахстан

 

Білім беру құқығымен қамтамасыз етудегі мемлекетаралық ынтымақтастық

 

Халықаралық құқық қазіргі даму жағдайын мемлекетаралық қатынастардың мәселелері көбінесе, халықаралық қауіпсіздік, қоршаған ортаны құру, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын, адам құқығының өмір сүруіне қатысты маңызды сұрақтарына байланысты салаларды реттеуге арналған әмбебап халықаралық – құқықтық нормалар қабылдады. Халықаралық – құқық жүйесінің көзқарастарының ұлтаралық құқықтық жүйесімен бірігуі үрдісі жүріп жатыр. Халықаралық және мемлекеттің ішкі құқығының өзара қатынастары білім беру кеңістігі аясындағы мемлекеттік ынтымақтастықтың теориялық – құқықтық қарастыруын талап етеді. Қазіргі таңда халықаралық және мемлекеттің ішкі құқығының маңызды өзара әрекеттесуінің күшіне енеді және ол білім беру үрдісіне арналған халықаралық шарттардың және ұлттық – құқықтық анықтама санының өсуінде көрініс табады. Сол мәселеге сәйкес мемлекеттер ішкі құқықтарын және заңнамаларынан халықаралық – құқықтық стандарттарға сәйкестендіруге тырысады. Қазақстан Республикасының халықаралық – құқықтық нормаларын елдің құқықтық жүйесінің бір бөлігі ретінде тануы, жалпы құқық теориясында, халықаралық құқық теориясы заңдарында, мемлекет ішіндегі халықаралық – құқықтық стандарттарының орны мен рөлін анықтау тәжірибесінде жаңа тәсілдерін орындау туралы міндеттеме қойылды.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік, саяси, экономикалық жүйесіндегі реформалау шарттарындағы қоғамдық өмірдегі әр түрлі саладағы болып жатқан теориялық ғылымының көптеген мәселелердің қалыптасуы мен дамуына әсерін тигізді. Сонымен қатар, қазақстандық құқықтың қайнар көздеріне де септігін тигізеді. Қазақстандық заң ғылымдарында халықаралық – құқықтық стандарттар халықаралық құқық тұрғысынан ғана зерттелген. Қазіргі таңда халықаралық – құқықтық стандарттар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі ерекше орынды алатын жалпыға танылған қағидалар мен нормаларға айналып келеді.

Әлемдік білім беру кеңістігіндегі әр түрлі түрдегі және деңгейдегі ұлттық білім беру жүйесін біріктіріп отыр. Қазіргі білім беру кеңістігі жаһандық үрдіс пен әртүрлілікті сақтаудағы біртұтас құбылыс болып дамып жатыр. Қазіргі таңда халықтың білімінің деңгейі және сапасы қоғамның даму дәрежесін, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік жағынан, оның азаматтарының ырыс – берекесін анықтайтын базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы білімнің дамуы және біртұтас білім кеңістігінің қалыптасуы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауымен байланысты. Жолдаудың басымдықтарының брі «Қазақстанның елу бәсекеге қабілетті мемлекеттердің құрамына кіруі стратегиясы» сәйкес мемлекет басшысы заманауи білімді дамытуды және үздіксіз біліктілігін жоғарылатуды және кадрлардың қайта мамандануы туралы айтқан. Бүгінде мемлекеттер өздерінің интеллектуалдық ресурстарымен бәсекеге түседі.  Біртұтас білім кеңістігінің түсінігін бірнеше тұғыдан түсіндіруге болады: еуропалық экономикалық қоғамдастықтың біртұтас білім кеңістігі, онда білім саласындағы заңнамалық шарттар (Еуропалық экономикалық одақ шеңберінде); біртұтас еуропалық білім кеңістігі. Оның өзінде үш университеттік жүйесі сипатталған; англосаксондық, француз – испандық, неміс – италиялық; әлемдік білім кеңістігі.

Кәсіби білім алуда қолданылған шаралар кейбір жағымды нәтижелер алып келген. Бірақ білім үрдісінің нормативтік – құқықтық реттеуде нақты тұжырымдама жоқ, ал қабылданған заңдар мен заң үстілік актілер білім жүйесін құқықтық реттеу біртұтас жүйесін қалыптастыруда қарама – қайшы келеді. Білім жүйесі келесілерден тұрады: білім заңдарынан; білім мекемесі жүйелерінен; мемлекеттік органдар жүйесінен. Білім жүйелерінде, білім берудің нысандары өзгереді және білім берідің мемлекетаралық құқықтық шарттары, білім берудің жаңа түрлерінен мен әдістерінен құралады. Бірақ білім беру үрдісін толық қамтитын кешенді тәсілдер қажет.

Елде модернизациялауды жүргізу үшін білім аясына қатысты жаңа жүйені қалыптастыру міндеті басымды рөлді атқарады. Мұндай кешенді жобаны бірігіп орындауда және білім алу мақсатындағы адамның, қоғамның, бірлестіктердің және мемлекеттердің күшінің бірігуі қажет етеді. Жаңа білім жүйесінің негізі болып, ҚР Конституциясында бекітілген адамның білім алуға құқығы болуы қажет. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында жоғары оқу орнын мемлекеттік басқару өзгерген және қиындатылған, жоғары білімді басқару саласындағы мемлекеттік саясатта өзгерістер болып жатыр, жоғары білім мен жоғары білім беру мекемелерінің автономдығын мемтекеттік – қоғамдық сипатта басқаруды дамуында, жоғары білім беру мекемелерінің  ұшырады. Әлемдік білім кеңістігіндегі отандық жоғары мектептердің интегарциясы және білім беру қызметінің халықаралық нарыққа шығуы, қазақстанды жоғары оқу орындарының халықаралық ынмытақтастықта даму мәселесін туындырады. Орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім саласындағы халықаралық қызметтің, еуропалық құқықтың, ғылыми – техникалық байланыстың негізгі мақсаты әлемдік білім кеңістігіне теңдей әріптес ретінде Қазақстанның көпжақты интеграциясына қатысуы қажеттігі туындап жатыр.

Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың жеке құқық жүйелері болып табылады. Сондықтан, халықаралық стандарттарын жүзеге асыруда ұлттық құқықтың үлесін қажет етеді. Осыған сәйкес, заң ғылымдарында халықаралық стандарттарды мемлекет аумағында тікелей қолдануда жақтаушылар мен қарсыластар көп. Жалпыға танылған қағидалар мен халықаралық құқық нормаларында көрініс тапқан халықаралық стандарттар, ҚР құқықтық жүйелерінің нормативтік кешенінде ерекше орынды иеленген және қазақстандық құқықтық жүйенің конституциясымен танылған бөлігі болып табылады.

Халықаралық стандарттардың ұлттық құқықтың жүйесіне қосылу процессін «имплементация» терминімен анықтауға болады. ҚР қолданыстағы заңнамасы және қазақстандық құқықты қолдану тәжірибесінде халықаралық стандарты мен ұлттық құқықтық нормаларының келесі келісу нысандары туралы айтуға болады: қайыра сілтеу; рецепция; халықаралық шартты ратификациялау; лигитимділік; Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарт нормаларын қолдану.

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің шеңберінде жоғарыда аталған қағидаларды жүзеге асыру халықаралық стандарттарды заңды нысанына байланысты. Қолданыстағы заңнамаларды талдау барысында анықтайды және ҚР мемлекет ішіндегі қатынастар саласындағы халықаралық стандарттарды нәтижелі жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер құрылған.

 

Әдебиет:

 

1.     Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии // akorda.kz.

2.     Пралиев С.Ж. НА. Назарбаев о развитии человеческого потенциала и формирования интеллектуальной нации в Казахстане // Формирование интеллектуального потенциала нации в условиях высшей школы: сборник научных трудов. - Алматы: КазНПУ им. Абая, 2012.