Тұрсынбаев
М.Б., Газаев А.И.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАППАЙ ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУ: ТИІМДІЛІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Трасологиялық
маңызы бар адам іздеріне: қол іздері, аяқ, аяқ киім
іздері, тістердің іздері, сондай-ақ папиллярлы өрнектері
жоқ басқа да іздер, атап айтқанда: бас (бет)
бөлшектерінің (құлақ, ерін, мұрын, шеке
т.б.) іздері жатады.
Қолдың
іздері – басқа іздерге қарағанда қылмысты тергеу мен
ашу кезінде жиі әрі нәтижелі қолданылады. Қол іздері
арқылы адамның жынысын, шамамен жасын (ересек немесе бала
екендігі), қай қолмен және қандай саусақпен
қалдырылған із екендігін, кей жағдайларда кәсібі мен
қолдарындағы т.б. кемістік белгілерін анықтау мүмкін
болады. Қол іздері арқылы осындай идентификациялық емес
жағдайлармен қатар, адамды жеке идентификациялауға болады.
Криминалистикада
қол саусағындағы тырнақ фалангілерінде орналасқан
папиллярлы өрнек бедерлерінің ерекшеліктеріне аса маңызды
көңіл бөлінеді. Папиллярлы өрнектердің
құрылымын трасология бөлімінің бірі «дактилоскопия»
зерттейді.
Папиллярлы
өрнектердің криминалистикалық маңызы олардың
келесідей өзіндік ерекше қасиеттерімен: жекешелігімен, салыстырмалы
тұрақтылығымен және өзгермейтіндігімен,
өзгерсе қайтадан қалпына келетіндігімен, сондай-ақ
жіктелетіндігімен анықталады. Бұл қасиеттердің
барлығы терінің анатомиялық құрылымымен
анықталады.
Дерма
зақымдалған кезде ғана учаскедегі мұндай өрнектер
қайтадан қалпына келмейді. Дегенмен де, бұл кезде пайда
болған жасанды белгілердің (тыртықтар, шрамдар) өздері
папиллярлы өрнектердің ерекше белгілері болып табылады.
Папиллярлы
өрнектердің жекелілігі, бұл өрнекті сипаттайтын
қайталанбайтын белгілер жиынтығынан тұрады. Папиллярлы
өрнектердің белгілері жалпы және жеке деп бөлінеді.
Жалпы белгілері бойынша бұл өрнектерді – доға тәріздес,
ілмек тәріздес және шеңберлі деп үш түрге
бөлеміз[1].
Сараптамаға
іздерді жіберу үшін бұл түр белгілерін тергеушілер мен
жедел-қызметкерлері ажырата білулері қажет.
Папиллярлы
өрнек бойынша сараптамалық идентификация жүргізу кезінде
өрнектердің жалпы белгілері (өрнек түрлері, сызық
ағымдарының бағыты) бойынша ұқсас келуімен
қатар жеке белгілерінің де сызықтардың басталуы мен
аяқталуы, олардың қосылуы мен айырылуы,
сызықтардың үзілуі; «байланыстыратын», «көпірше»
нүкте сызықтарының және иілетін, үзілетін,
жіңішке сызықтарының ұқсас келуі ескерілуі тиіс.
Табылған
із қылмыскердің қалдырған ізі ме, жоқ па деген
сұрақтарды анықтау үшін міндетті түрде
басқа да тұлғалардың да (жәбірленушілердің,
дүкен қызметкерлерінің және т.б.) қол
таңбаларын зерттеу қажет.
Папиллярлы
сызықтар ананың құрсағында жатқан баланың
даму кезеңінде пайда болып, өмір бойы өзгеріссіз
сақталады. Өрнектің өзара орналасуы мен
детальдарының қалыпы өзгермейді, тек көлемі ғана
өзгереді. Осы тұрақты байланыс трасологияда ең
қажетті белгі болып табылады.
Осы, папиллярлы
өрнектердің өмір бойы өзгеріссіз
сақталатындығын мемлекеттік масштабта қолдану туралы
мәселе қазіргі таңда, өте өзекті деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасы көлемінде жаппай
дактилоскопиялық тіркеуді еңгізу көптеген проблемалардын
шешуі болып табылар еді. Дактилоскопиялық тiркеу адамның жеке басын
ұқсастыру - тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған
күнiн және туған жерiн адам қолы
саусақтарының папиллярлық өрнектерi бойынша
анықтау мақсатында жүзеге асырылуы және пайдаланылуы
қажет.
Мысалы, жаппай
дактилоскопиялық тіркеуді, мынандай мәселелерді шешуге
қолдануға болады:
1) хабар-ошарсыз
жоғалған жеке тұлғаларды iздестiру;
2) адамның
жеке басын танылмаған мәйiттер бойынша анықтау;
3) денсаулық
жағдайына немесе жасына байланысты өзi туралы деректер беруге
қабiлетi жоқ жеке тұлғалардың жеке басын
анықтау;
4)
қылмыстардың алдын алу, ашу мен тергеу, сондай-ақ
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың
алдын алу және анықтау;
5)
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел
азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке
басын растау мәселелерiн шешу үшiн
пайдалану;
6)
Қазақстан Республикасындағы Президенттік және
мәжіліс депутаттығына сайлау кезінде сайлаушыларды
идентификациялауға қолдану.
Егер техногендік
апаттарға, аварияларға және табиғи аппаттарға
келетін болсақ, онда қайтыс болған адамдардын мәйіттерін
тану өте көп уақытты алады, ал кей кездерде мәйіттер
мүлдем идентификацияланбайды. Мысалы, 2012 жылдың 9 мамыр
күні Индонезияда SSJ-100 ұшағы құлап 45 адам
қаза тапты. Сарапшылар мәйіттерді толық бір жыл
уақыттан кейін ғана сәйкестендірді[2]. Біздің ойымызша,
егер ұшақ бортындағы адамдардың қол
таңбалары жалпы компьютерлік базада болса мәйіттерді
сәйкестендіру уақыты едәуір аз болар еді.
Денсаулық
жағдайына немесе жасына байланысты өзi туралы деректер беруге
қабiлетi жоқ жеке тұлғалар тәжірибеде көптеп
кездеседі, бұл тұлғалардың жеке басын анықтау
жалпы дактилоскопиялық базаның болуы кезінде өте оңай
болар еді.
Қылмыстардың
алдын алу, ашу мен тергеу, сондай-ақ әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтың алдын алу
және анықтауға келетін болсақ, қылмыстық
оқиға болған жерлерді қарауда көбінесе кездесетін
дәлелдік айғақтардың бірі ол әрине
қолтаңбалары болып табылатындығын мойындау қажет.
Дактилоскопияның бір ғасырдан аса уақыт қылмыстарды ашу
мен тергеуде қолдануына қарамастан, ол әлі өзінің
өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше соңғы
онжылдықтарда дактлоскопияның мүмкіндіктері едәуір
кеңейді. Жалпы дактилоскопиялық базаның болуы
құқыққорғау органдары қызметкерлерінің
жұмысын жеңілдететін еді.
Жалпы
дактилоскопиялық базаны Қазақстан Республикасы
азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы
жоқ адамдардың жеке басын растау мәселелерiн шешу үшiн
пайдалануға болады. Мұндай тәжірибе Америка
Құрама Штаттарында елге кірген шет ел тұлғаларын
аэропорттарда дактилоскопиялауда қолданылады. Бұл мәселе
соңғы кездерде мигранттарға қатысты Еуропалық
одақтың кейбір елдерінің өкілдерімен көтеріліп
жүр.
Сонымен, қатар
жалпы дактилоскопиялық базаны Қазақстан
Республикасындағы Президенттік және мәжіліс
депутаттығына сайлау кезінде сайлаушыларды идентификациялауға
қолдануға болады. Мысалы, жақында көршілес
Қырғызстан Республикасында өткен парламент
депутаттығына сайлау жалпы дактилоскопиялық базаның
тиімділігін көрсетті. Қырғызстан Республикасында 2,7 миллион
сайлаушы биометрикалық тіркеуден өтіп, сайулаға
қатысты[3], бұл өз кезегінде тұлғаны
сәйкестендіруді жеңілдетті және сайлау қорытындыларын
фальсификациялауға жол бермеді.
Қорытындылай
келе, біздің ойымызша Қазақстан Республикасында жаппай
дактилоскопиялық тіркеуді еңгізу қажет. Жеке
тұлғаларды дактилоскопиялық тiркеудi Қазақстан Республикасының
Yкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган жүргiзу қажет.
Мiндеттi
дактилоскопиялық тiркеуге:
-
Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған
және одан асқан азаматтары (жеке басын куәландыратын
құжаттарды ресiмдеу кезiнде);
- Төтенше
жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң, iшкi iстер
органдарының әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi,
азаматтық авиация экипаждарының мүшелерi;
-
халықаралық құқық нормаларымен
көпшiлiкке танылған қағидаттарда және
халықаралық шарттар шегiнде көзделген Қазақстан
Республикасының аумағында ұдайы тұратын шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
-
Қазақстан Республикасынан тыс шығарып жiберуге душар болатын
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;
-
сотталғандар, қылмыстың жасалуына сезiктi деп
ұсталғандар, қылмыс жасауға қатысты
айыпталушылар, әкiмшiлiк қамауға ұшырағандар,
сондай-ақ әкiмшiлiк құқық
бұзушылықты жасауға қатысты сезiктi адамдар, егер
оларды басқа жолмен анықтау мүмкiн болмаса;
- ұсталып,
уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау
орталықтарында қамауда отырған жасөспiрiмдер мен
кәмелетке толмаған бақылаусыз қалған балалар;
- танылмаған
мәйiттер және зорлап өлтiру белгiсi бар мәйiттерді
жатқызу қажет.
Әдебиет:
1.
Жәкішев Е.Ғ.
Криминалистика.Оқулық. Жеті
Жарғы, Алматы- 2006 ж.
2.
РИА Новости Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.
3.
news.mail.ru/politics/23515381/