ҚАРТТАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Султанбекова Ж.Қ., Фатихова Н.А., Таджибаева Ж.С.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2005жылы 15ақпанда халыққа
жолдаған жолдауында былай деген болатын: «Биылғы жылдан бастап біз
әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш
деңгейлік жүйесін қалыптастырудағы
бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің
үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға
аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі
әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік
сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік
төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне,
осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық
кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай
туғызады» [1] .
Қарттардың әлеуметтік қолдау мен
қорғауға, олардың экономикалық, саяси және
басқа құқықтары мен бостандықтарын іске
асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен
Қазақстан Республикасының Конститутциясында, сондай-ақ
халқаралық құқықтың жалпы
танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Қарттардың әлеуметтік
қорғау шараларының бірі басқа қарттық келіп
немесе жоғалған қарекетін өз-өзі қызмет ету
жалпы қызметтің әр түріне қабілетін қалпына
келтіруге және орнын толтыруға бағытталған
медициналық , психологиялық, педагогикалық,
әлеуметтік-экономикалық, іс-шаралар кешінің тұратын, сондай-ақ
қарттардың толыққанды өмір сүруіне
мүмкіндік беретін әрі олардың
құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске
асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады. Сонғы он
жылдықта адам өмірін ұзақтығының артуына
байланысты бұл проблемаға назар көбірек аударылды .
Дүние жүзіндегі қарт адамдардың абсолюттік саны
күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы
мәселелер де өте
тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология»
деп аталады, яғни ол термин «герон»-
қарт, «логос» - ғылым деген екі сөздің
тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша,
бұл терминді алғаш рет И. Мечниковұсынған. Геронтология
қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар
қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір
ұзақтылығына да мән береді [2].
Қартаю – ағзаның бейімделу мүмкіндіктерінің
төмендеуіне, жас кезеңдік патологияның дамуына алып келеді.
Барлық жүйе жүйкелік, эндокриндік, иммундық, қан
тамырлар, тыныс алу, ас қорыту қызметтерінің әлсіреуі
қартаю процесі жүріп жатқан ағзаның
бейімделгіштігінің төмендеуінің себебі болып табылады.
Соңында молекулярлы, ультрақұрылымды деңгейде
жүретін барлық процестер ағза құрылысы, жасуша функциясының өзгеруіне
өз «үлесін» қосады. Сондықтан да физиологиялық
механизмдерін зерттеместен қартаю процесінде ағзадағы
өзгерістер «қалай» пайда болатындығын ғана емес
«неліктен» болатындығын түсіну мүмкін емес. Адамдардың
қартаюына байланысты олардың сыртқы бет әлпеті, сонымен
қатар жалпы дене құрылымы да
өзгереді. Ең қолайлы орта жағдайларының
өзінде барлық дене мүшелері мен ағза жүйелері
өзгеріске ұшырайды.
Бірақ барлық жүйелер мен мүшелер бір уақытта
және бірдей жылдамдықпен қартаймайды.
Жалпы теориялық мәлімдемелер қарттық кезең
жайлы толық ақпарат беруге
көзделді. Ежелгі грекия
жеріндегі қарттық шаққа деген көқарастар
мен пікірлер қазіргі заман зерттеуші психологтарының
еңбектерінен өз жалғасын таба отырып, өскелең
ұрпаққа қарт адамдардың бар болмысын
қабылдай білуге және уақыт өте келе ол құбылыс
барлық адамдардың басынан өтетіндігін естен шығармау
керектігі жайлы сөз болады.
Көптеген мыңжылдықтар бойы адамзат қартаю
құпияларын ашуға
ұмтылды. Аристотель өзінің «Жастық және
кәрілік жайлы» еңбегінде қартаю себептеріне ғылыми
түсінік беруге ұмтылды. Оның пікірі бойынша қараю
әрбір тірі ағзада туылғаннан бастап болатын табиғи
жылулықтың жойылуынын туындайды. Осы жылулықтың
орталығы жүрек болып
табылады. Оны қан тамырлары барлық денеге тартады және
осыған байланысты ол барлық жасушалар мен ағзаның
тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды.
Қарттық кезеңге тән негізгі белгі-қартаю
процесі. Қартаю процесі ағзада нақты жас кезеңдік
өзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарланған
процес. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы
рөлдерінің өзгеруіне
байланысты олардың
қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге
ұшырайды. Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю-ерекше
бейімделу процестерін сақтай
отырып, ағзаның
өзіндік қайта құрылуы ретінде
қарастырылады. Бұл кезеңді зерттеуге үлес
қосқан ғалымдар Э.Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А. Богомолец,
Ф.Гизе, И.С.Кон, К.Рошак, П.Балтес, Р.Пек болып табылады. Қартаюға
қатынас стратегиясы бірнеше зерттеулердің нәтижелеріне
негізделген және Н.С. Кон
қартаюдың келесі типтерін ұсынған:
1. Қоғамдық өмірге,
жастар тәрбиесіне араласу,
белсенді шығармашылық өмір, кемсіну сезімінің
болмауы.
2. Энергияны өзіне бағыттау, өзіндік білім алу, демалу арқылы
нақты әлеуметтік
психологиялық бейімделгіштік;
3. Барлық күшін отбасына жұмсау басымдығы, зерігіп
көнілсізденуге уақыттың болмауы . (негізінен әйелдер).
Алғашқы типтермен салыстырғанда өмірге
қанағаттанушылықтың төмен болуы;
4.
Өз денсаулығына көңіл бөлу және
соған байланысты түрлі белсенділік формаларының болуы;
5.
«Агрессивті ұрсқақ қарттар» - өмірге
қанағаттанбаушылық жағдайы, өзінен басқаны
сынау, айналасындағыларға шексіз талап қоюшылық;
6. «Жалғыз және жолы болмаушы
қарт» өзіне
қанағаттанбау,
өмірден түңілу. Жалған және шынайы
жіберілген мүмкіндіктері үшін өзін кінәлау.
Қарттардың өмірге деген қарым-қатынасы
өмірді бағалауынан және денсаулығына байланысты болады.
Егде адамдар өлімнен қорқады және қарттықты
мойындамайды. Өз өмірінің этаптарына бейімделмегендіктен
қарттарда күйзеліс көп болады[3].
Қарттық кезде
белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі
замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі.
Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы
дағдылы қатынас шеңберінің жарылуы және
тағы басқа). Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу,
ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары
бағаланушылық механизмдері және т.б сұрақтар қарастырылады. М.Д.Александрова,
Л.И.Анциферова,Б.Г.Ананев, С.Г.Максимов, М.Н.Сачук, Н.П.Петрова және т.б
ғалымдар өз үлестерін қосты.
Б.Г.Ананев жетекшілігінде ғалымдар қарт
адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу
нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді,
яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және
психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты
болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.
Жоғарыда
аталған топтың бір белгісі – денсаулық жас өткен сайын
адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе,
қалаларда өмір сүруші егде адамдардың
ағзасына әсер етеді. Осы
жаста оның алдыңғы өмірінің өмір
салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан
бастап, материалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның
денсаулығының нәтижесін береді. Қартадамдардың
денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және
мүгедектігі ғана емес, толыққанда, үйлесімді және адамгершілік
тұрғысынан да қарау керек. Қарт адамдардың
денсаулығы еңбек және қоғамдық
қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ
еңбек ету қабілетін және қоғамдық
белсенділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және
М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек
қана қысымға ұшырауы жайлылықты ғана емес,
сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынан
сезінуі керек.
Зейнетке шығатын қарттар
эмоциялық күйзеліске ұшырайды. Себебі, бұл кезде
қоғамдық ортамен алшақтайды, физикалық және
психологиялық тұрғыдан өзін әлсіз сезінеді. Сол
себепті осы 2 жол бір-бірімен тығыз байланысты.
Петровскаяның айтуы бойынша
қорқыныш сезімі қарттық шақта басым болады. Басты
себеп өлім, яғни өмірінің аяқталуы. Өлім
қорқынышы әр түрлі формада болады:
-жалғыздықтан қорқу,
ауыру.
-болашаққа деген
қорқыныш яғни өлімнен қорқу
қоршаған ортасыда әсер етеді.
Қорыта келе, қарт
адамдардың қарым-қатынасы басқа жастармен
салыстырғанда ерекше болады. Олардың әлеуметтік ортасына
қызығуына және жұмыс істеген мамандығына
байланысты.Зейнеткерлікке шыққан
қарт адамдар көбіне жұмысынан айырылады, ал жұмыс
оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Оның
өмір салтының бірден өзгеруі психикалық денсаулығының
өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі.
Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы
мүмкін[7].
Әдебиеттер.
1. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдау.
Алматы: Білім, 2000, 176 б.
2. Альперович В.Д. Геронтология. Старость: Социокультурный портрет. М.:
Приор, 2001.
3.Реан А.А. (ред.).Психология среднего возраста,старения,смерти. СПб.:
Прайм-Еврознак, 2003.
4. Поливанова К.Н.Психология возрастных
кризисов. М.: Academia,2000.
5. Меновщиков В.Ю. Психологическаое
консультирование. Работа с кризисными и проблемными ситуациями. М.: Смысл,2002.
6. Шахматов Н.Ф. Психологическое
старение: счастливое и болезненное. М.:Медицина, 2000.
7. Изад К.Г. Психология эмоция /
Пер.с.англ. В.Мисник, А. Татлыбаевой, СПб: Питер,2000.