М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

                                          Керимбаева Р. Жеткербаева А.         

 

ӘСКЕРИ  ПСИХОЛОГИЯНЫҢ  НЕГІЗГІ  БАҒЫТЫ

 

    Қазақстан Республикасының өз алдына тәуелсіз мемлекет болуына орай барлық салада қайта құру үрдісі басталды. Әскери психология саласында да көптеген өзгерістер мен жаңа бастамалар болды.

    Қоғамдық әскери білім беру жүйесін жақсарту, жаңарту, толықтыру соның бір айғағы болып отыр. Қазіргі уақытқа дейін психологтардың басым бөлігі әскери психология психология ғылымының бір бағытында   әскери қызметкер тұлғасын тануда,  зерттеулер  жүргізіліп келеді. Қарулы Күштер – қазіргі қоғамның іргелі, бөлінбейтін бір бөлшегі. Олардың дамуы мен қалыптасуы әр уақытта да сол қоғамның даму деңгейімен байланысты.

     Бүгінгі күні Қазақстан Респуикасының Қарулы Күштері әуе, теңіз және жаяу әскер түрінде еліміздің тыныштығын сенімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Бұл міндетті шешу Қазақстан Республикасының азаматтары шынайы түрде әскери қызметін өтеп жүрген әскери бөлімдер мен бөлімшелерге жүктеледі.

     Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы Конституциясымен қаралған, құнды мұраттар мен өнегеден туындайтын  әскерилердің қауіпті жағдайда, жоғары күш-қуат және психологиялық жүктемелердің әскери уақыттағы сияқты бейбіт кезеңде басқаруға берілген міндеттердің орындалуына бағытталған қару мен әсери техниканы саналы түрде қолдану.

     Әскери психологияның әскери – теориялық негізін қазіргі соғыстың сипаты мен ерекшелігі туралы, ұрыс даласында жеңіске жетудегі адамның шешуші рөлі туралы әскери доктрина мен әскери ғылым ережесі құрайды және ұрыстағы сәттілік адамгершілік – жауынгерлік қасиеттер мен сарбаздардың әскери дайындық деңгейіне, қуатты техника мен қаруды пайдалану тиімділігіне, соғыстың барысы мен шығуына байланысты.

   Әр жас сарбаздың қызметінің бастапқы кезеңі  жүйке жүйесіне әсер ететін энергиялық шығындарымен және организмінің жаңа орта жағдайына  қалыптасуымен байланысты. Бұл ретте ең үлкен ауыртпалық оның жүйке жүйесіне келіп түседі, себебі бейімделу процестері организмнің осы жүйесімен реттеледі.

    Әлеуметтік орта, бұл қоғам, ұжым, ең алдымен жеке тұлғаны, оның рухани ішкі әлемін қалыптастырады. Қазіргі таңда әскери психология, жас сарбаздардың әскери ортаға бейімделуі, олардың қоғамдағы өз орнын табуы, жеке тұлға ретінде дамуы, эмоциясы, өз сезімдерін басқара алу жағдайы бұл психолог қызметімен тығыз байланысты.

      Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте – бірте енуі мен» мінез – құлық, жүріс – тұрыстың әлеуметтік ережелерін менгеру процесі мен адамның әлеуметтенуі мен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизімі болып табылады.

     Әлеуметтену және тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай процесін сипаттайды, сондай-ақ әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.

      Әлеуметтену – тек тұлға болуы мен жалпы дамуы мен ғана жиі байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесі мен байланысады. «Бейімделу және әлеуметтену» түсінігінде мазмұнына байланысты мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс - әрекет жағдайына икемделуі, дағдылануы, әлеуметтенуі тұлғаның қалыптасу процесінен көрінеді.

     Әскери ортаға түскен жас сарбаздың бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен денгейі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланысты

     Жас сарбаздың  әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым–қатынас, мінез–құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Сарбаздың психологиялық бейімделуі - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез–құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыруы. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір – бірі мен үздіксіз байланыста.

       Көп жағдайда адам тағдыры оның кез келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігі мен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интелектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады.

      Жас сарбаздың  психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Жағымсыз жағдайлардың әсерінде осы бейімделудің түрі ең бірінші өзгеріске ұшырайды және басқа бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі. Психикалық жағдай және оны мен байланысты психикалық бейімделу жағымсыз әсерлердің бас миына бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін және ортаның психогенді әсерлерімен дә байланысты.

    Қорыта келгенде өмір бойы барлық тірі ағза, соның ішінде адам үздіксіз – климатқа, қоректенуге, қоршаған адамдарға тіпті кәсіби зияндылықтарға және стресске икемделеді дедік. Яғни барлығы қоршаған ортамен үйлесімді болуға тырысады. Осы тұрғыда жас сарбаздардың әскери ортаға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсетуде әскери психолог маманының маңызы зор болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.              Сақтағанов Б.К. Әскери психология. - А., 2012

2.              Абдурахманов Р.А., Анцупов А.Я. Военная психология.-М., 1996

3.              Жақыпов С.М., Жалпы психологияға кіріспе: оқу құралы. Алматы, 2012

тренинга. СПб., Речь, 2004.
    4. Цукерман Г.А. Психология само-развития . Москва, 2005.-350 с.