М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Сейдрахманова Р.І Тараз қ.
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ- БІРЛЕСЕ БІЛІМ ҮЙРЕНУДІҢ НЕГІЗІ.
Бүгінгі
таңда біз ақпараттық қоғамда өмір
сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және
экономикалық даму ерекшеліктерінің
бірі ретінде автоматтандырылған
ақпараттық технологияларды атауға болады. Бүгінгі күні білім беру
жүйесінде негізгі мәселе бойынша үйрену мен үйрету тек
өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас
арқылы жүзеге асырылады. Білім беру педагогикасы мен танымдық
психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын,
практикалық әрекеттер
арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны
қызық екендігін
дәлелдеді. Сол себепті қазіргі күні әрекеттік педагогика
ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни оқу
процесінің негізін интербелсенді (итерактивті) әдістемелер
құруы керек. Яғни әрбір педагог, оқытушы,
мұғалім сабақта интербелсенді әдістер,
құралдар мен тәсілдерді қолдануы керек. Интербелсенді
оқу мен оқытуда бірінші кезекте білім беру мен игеру процесінде
қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді.
Интербелсенді оқытуда педагог үйренушілердің өзіндік
таным процесін ұйымдастырушыға айналады. Ол
үйретпейді-үйренуге бағыт бағдар береді, жол сілтейді,
өзі де әр сабақта үйренеді. Педагог,
оқытушы-білім көзі емес, ол-оқушының
шығармашылық жұмысы мен оқу ізденіс
еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы, оқушыны білім
алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы,
оқушының білім үйрену процесіндегі серігі, әрі
үлгі тұтарлық тұлғасы болады. Сондықтан
педагог орсан зор көлемді
ақпарат әлемінде оқушыға өзіндік
көзқарас, түсінік пен құндылықтарды
қалыптастыруда жанашыр көмекші петінде танылады. Осындай
ұстанымның бірнеше себептері бар:
1.Үйренушілер арасындағы
қарым-қатынас интербелсенді
оқудың ең
басты мәселесіне айналып, қатысушылардың өзара
ынтымақтастығын қажет етеді, ал педагог осындай
карым-қатысты коммуникативті процесті ұйымдастыра білуі
қажет.
2.Интербелсенді оқытуда
үйренушілер өз біліміне және өзгелердің біліміне
деген жауапкершілікті өздеріне жүктеп алады. Сол себептен педагог
да үйрену процесінің белсенді мүшесіне айналады.
3.Интербелсенді оқыту
үйренушілердің жеке тәжірибесіне сүйенеді, ал педагог
тәжірибені жаңа біліммен байланыстыру жолдарын бағыттап
отырады.
4.Интербелсенді оқытуда іздену
процесі қорытынды нәтиежеден маңызды болғандықтан
педагог сол процесті ұйымдастыра білуі керек.
Интербелсенді
оқыту бірлесе білім үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе білім
иегруде әрбір үйренуші танымның мазмұны мен
қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып,
басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен
алмасады, жоғарғы нәтижеге қалай жете алатындығын
анықтайды. Осындай қарым-қатынас бірлескен әрекеттер
бірін-бірі жақтыру, өзара сыйластық пен бірін-бірі
қолдау жағдайында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай
жасайды. Сондықтан білімді ұрпақ, ақылды жеткіншек
тәрбиелеу үшін білікті жұмыс күші бар мемлекет дамыту
үшін білім жүйесін дамытуымыз қажет. Осы мақсатта
оқу орындары бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты
әдістемесі ретінде интербелсенді әдістемені таңдау
қажет. Неліктен интербелсенді әдістеме оқу
орындарының негізгі
ұстанымына айналу керек??? Өйткені бұдан ертеректе
ақпараттық технологияның жетіспеушілігі білім игерудің
ең басты проблемасына айналса (дерек көздерінің
жетіспеушілігі, оқулық тапшылығы т.б.) бүгінде
керісінше, ақпараттың адамның биологиялық
мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып
табылады.
Қазіргі таңдағы
ақпараттың орасан зор
мөлшері ( кітаптар, интернет т.б.) адамнан бұрынғыдай
мағұлматты іздестіріп
қана қоймай, қажетті мәліметті табуы, оны игеріп,
қажетіне жаратып, пайдалануды, оны бағалауды талап етеді.
Білім саласындағы инновациялық
өзгерістер оқытудың негізі ретінде тұлғалық
дамуды қарастырады.
Дәстүрлі білім беру өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген
білім игерумен шектелсе, тұлғалық даму мен өздігімен
білім құрастыруды негізгі идеяда деп ұстанған инновациялық
көзқарас оқу мен үйренудің негізінен тек
пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген итербелсенді әдістер
құруы керек деп түсінеді.
Ал, интербелсенді
әдістер мен тәсілдер
үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан
дамуына әкеледі, өз мүмкіндіктерін түсінуге және
бағалауға жетелейді. Үйренуші мен үйренушілердің
өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын
және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
Ағылшын тілінен енген «интерактив» сөзі де осы мағынаны
білдіреді. «Inter» дегеніміз
«өзара» мағынасында, ал «act»- «әрекет жасау» дегенді
білдіреді. Сонымен интербелсенді – дегеніміз диалог арқылы үйрену,
үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізгін
үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйренуші,
үйренуші-өзімен өзі, байланысындағы жасаған қарым-қатынасын
(әңгіме, сұхбат, бірлескен әрекеттер)
құрайды.
Интербелсенді оқытуда
үйренуде блім алушылар мынандай білім, білік, дағды,
машықтарға үйренеді:
- терең ойлану мен
қабілеттерді дамыту
- өз әрекеті мен ойын
талдау, оларға баға беру
- ақпаратты өздігінен
түсініп, оны таразылап, керекті мәліметін алу
- өздігінен жаңа
түсінік пен блім құрастыру
- жеке басының
құндылықтары мен сенімдерін қалыптстыру, белсенді
өмірлік позиция ұстану
- пікірталастарға қатысып,
өз ойы мен пікірін дәлелдеу
- шешім қабылдау және де
қиын мәселелерді шешу
- ортақ жұмысқа
жұмыла білу
- басқалармен тиімді
қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу
Қaзіргі білім
беру сaлaсындaғы оқытудың озық технологиялaрын
меңгермейінше сaуaтты, жaн-жaқты мaмaн болу мүмкін емес.
Жaңa технологияны меңгеру мұғaлімнің
интеллектуaлдық, кәсіптік, aдaмгершілік, рухaни, aзaмaттық
және де бaсқa көптеген aдaми қaбілетінің қaлыптaсуынa
игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дaмытып, оқу тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдaстыруынa көмектеседі.
Сондықтан
бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар біліммен
жұмыс жасау бағытына ауысқан. Дамыған елдердің
экономикасы нақты емес жағдайда жұмыс жасай алатын,
проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық
бағыттарды айқындап білетін
мамандарды көптеп қажет етуде.
Яғни, Қазақстан экономикасы да білімді де, білікті, білімді нақты
жұмысқа айналдыра білетін мамандарды қажет етеді. Қазақстан
Респбуликасында білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемелекеттік
бағдарламасы ауқымында
білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай
құзіреттіліктерді меңгеруі қажет екендігін атап
өтсек болады. Ол:
Міне бүгінгі
заманның осындай ерекшеліктері үйрену және үйрету
ісінде интербелсенді әдістеменің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді.
Барлық деңгейлерде оқу процесі шәкірттердің
өздігімен атқаратын белсенді әрекеттерден
құралуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Беркімбаева Ш.К.,
Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп
педагогикасы.Алматы. 2010.
2. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жан Текеева З.У. Педагогика высшей школы-
Алма-Ата, 1989.
3. Әлімова А.К «Интербелсенді
әдістемені ЖОО қолдану мәселелері» Алматы 2013 ж.
4. Рысбаева А.К «Педагогикалық
процесс субектілерінің табысты іс
әрекектінде интерактивті оқытудың ықпалы» Алматы 2008
ж.