М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Абдрахманова А.Т., Әлмұратова Б.Б., Тараз қ.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының басты себептерінің бірі тәрбие жұмысының дұрыс жүргізілмеуінен деп есептеймін.

Еліміздің болашағы-білімді ұрпақ. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы ежелден-ақ, өз ұрпақтарының болашағы мен тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, ерекше көңіл бөлген.

Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты: дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқада қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бала тәрбиесін жалпы мынадай үш түрге бөлуге болады: рухани тәрбие, ата-ана тәрбиесі, стихиялы тәрбие.

Жасөспірімдерге берілетін осы үш тәрбиенің қазіргі жағдайы қандай?

1. Рухани тәрбие. Кеңес дәуіріндегі комунистік рухани тәрбие қазір жоқ екендігі баршамызға аян. Оның орнына қазір халықтың педагогика негіздерін пайдалану қолға алынып жатыр.

Жас ұрпақ-иіліп тұрған көк шыбық. Оның түзу немесе қисық өсуі бағбанның дұрыс күтіп, бағуына байланысты. Сол сияқты баланың болашағы да оның ата-анасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесінің сапасына тікелей байланысты. Жас ұрпақтың рухани тәрбие алуына ұстаздардың берері мол.

Ұстазы білімді ұрпақ қана еліміздің болашағын көркейтер азамат болып жетіледі. Ұстаз-ұрпағымыздың адамгершілікке, азаматтыққа, ана тілін және ұлттық салт-дәстүрлерді ардақтауға тәрбиелейді. Мектептегі тәрбие жүйесіне тікелей жауапты мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының алдындағы міндеттер өте жауапты әрі күрделі. Негізінен мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілерімен, әлеуметтік педагог-психологтармен және ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Тәрбие ісінің меңгерушілері өздерінің күнделікті қызметінде «сынып жетекшілер әріптестірімен, отбасымен, жұртшылықпен бірігіп жұмыс істейді» деген түсінікте. Бірақ қазіргі таңда бұл пікірді анықтау қажет сияқты: біріншіден, сынып жетекшілер оқушыны тәрбиелеу жөнінде өзара келісті, ал оқушы бұл жағдайдан-бейхабар. Ол оқушыға осы жағдайда қандай көмек қажет, немесе ол өзінің проблемаларын өзі шешетіндей мүмкіндігі бар ма? Бұл жағы тасада қалады. Сондықтан, көп жағдайда, әрбие жұмысы нәтиже бермейді. Тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің орнын анықтау барысында ең басты бағыттан айырылмаған абзал-ол оқушы мен сынып жетекшісінің өзара байланысы. Оқушының қалыптасуына ықпал жасайтын жағдайлардың бірнеше түрлерін атап өтсек. Олар: баланың бос уақыты, баланың өмір сүретін ортасы, тұрмыс-қалпы және мектептен тыс мекемелеріндегі (спорт мектебіндегі) тәлім-тәрбие.

Баланың өсу процесінде ата-анаға деген көз қарасы үш бөлімнен тұрады:

Сәбилік кезең. Бұл кезеңде сәби ата-анасын сөзсіз жақсы көріп, айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады.

Бозбалалық кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан, айтқан сөздерінен кемшілік тауып, қарсы шығып, оның айтқанын істемеуге тырысады.

Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасындағы балалар құқығы туралы» заңының 24-ші бабында Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеттері жазылған. Осы заңның аясында және Қазақстан республикасының әкімшілік кодексінің 111, 112, 113, 114, 115, 117, 331, 337, 338, 333-ші баптары бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-аналарға әкімшілік шара қолданып, айып пұлдар салынса, ата-ананың жауапкершілігі артады.

3.Стихиалы тәрбие. Жасөспірімдер нені үйреніп жатыр? Компьютерлік ойындар мен теледидардан, бейне таспалармен  интернеттен қатыгездік пен эротикалық фильмдер көріп, батыстан келіп жатқан сорақы тәрбиенің ықпалынан кері әсер алуда. Шекара асып келе жатқан есірткінің де әсері аз болып жатқан жоқ.

Сайып келгенде, нарық эканомикасы деп  жүріп, жасөспірімнің тәрбиесіне айтарлықтай көңіл бөлінбегенін мойындауымыз керек. Нарық эканомикасы да бір қалыпқа түсіп, халқымыздың эканомикасы жақсарды. Қорыта келе, жоғарыда аталып өткен 3-тәрбие, оның ішінде ата-ана тәрбиесі мен стихиялы тәрбиені дұрыс жолға қою арқылы және Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасымен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 10-бап. Ішкі істер органдарының құзіреті, 12-бап. Білім беру органдарының құзіреті және 3-бап. Кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат. Осы аталған заңның аясында ішкі істер, ата-аналар, ұстаздар және әлеуметтік педагогтар бірігіп,ьжұмыс жасасақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын аламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Ағыбаев А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». Заң, №5, 2004.

2.     Ақанов А.А., Жылқыайдарова А.Ж. «Мектептердегі нашақорлықтың алғашқы профилактикасының проблемалары», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №2, 2004.

3.     Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2005.

4.     Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2001.